Top 10 similar words or synonyms for темірғалиев

салықбаев    0.929519

арқабаев    0.928325

гордиенко    0.923414

николаева    0.922588

жұмабеков    0.922521

сапаров    0.922315

ескендіров    0.921836

воротников    0.921806

шаяхметова    0.921262

бельгер    0.920486

Top 30 analogous words or synonyms for темірғалиев

Article Example
Қантай Темірғалиев Қантай Темірғалиев (1911, БҚО - 2000 Алматы қаласы), Қазақстанда дене тәрбиесі мен спорт жұмыстарын ұйымдастырушылардың бірі, ҰОС-ның ардагері, ҚазКСР-іне ерікті спорт қоғамдары одағы төрағасының орынсасары (1946 - 1957), республикалық "Қ" ерікті спорт қоғамы төрағасының орынбасары, Алматы облыстық "Қ" ерікті спорт қоғамының төрағасы. Темірғалиев республикада ауыл-село спортын, бұқаралық дене тәрбиесін дамытуға үлкен үлес қосқан адам.
Темірғалиев Сайынғали Жанғалиұлы Темірғалиев Сайынғали Жанғалиұлы (2.7.1934 жылы туған, Ресей, Новосибирск облысы, Черепаново ауданы, Белово селосы) – педагог, экономика ғылымдарының кандидаты (1980), доцент (1997).Қазақ тау-кен және металлургия институтын (1957), қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университетіті) және Мәскеу қаласындағы Бүкілодақтық политехникалық институтының энергетика факкультетін (1966) бітірген. «Карагандашахтострой» комбинатында шебер (1957–1959), Қазақстан ҒА Кен ісі ғылыми-зерттеу институтында аспирант (1959–1961), Алматы қаласындағы жобалау мекемелерінде инженер-жобалаушы, аға инженер, бас маман (1961–1974), Қазақ автомобиль көлік жобалау ғылыми-зерттеу институтында бас инженер (1974–1984), «Средазкурортпроект» институтының директоры (1984–1989), Мәскеу «Гипроцветмет» институтының қазақ бөлімшесінің директоры (1989–1991), Қазақ политехникалық институтының проректоры (1991–1996), қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) қызметтерін атқарды. 1996 жылдан Қазақ ұлттық техникалық университетінде доцент. «Оптимальное размещение станций технического обслуживания легковых автомобилей» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 50-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 3 монографияның («Дипломдық жобаның экономикалық бөлімі», 2000; «Экономикалық есептер», 2002; «Экономикалық дәрістер», 2004) және 5 оқу-әдістемелік құралының авторы.
Серік Сапарбекұлы Темірғалиев саласында қарқынды даму мен бәсекелестіктің артуы, түрлі қаржы
Серік Сапарбекұлы Темірғалиев беталыс,
Нұрлан Темірғалиұлы Темірғалиев Ғылым жолындағы уақыт аралығында елу шақты ғылыми еңбек жазып, бес ғылым кандидатын даярлады. Қазір он аспирантқа жетекші (1996 жыл). Оның докторлық диссертациясы «Об эффективности алгоритмов численного интегрирования и восстановления функций многих переменных» деп аталады. Оны жас ғалым Москвадағы Стеклов атындағы математикалық институтта қорғады. Сенімшілері: физика-математика ғылымдарының докторлары, профессорлар В. Н. Тепляков, М. М. Сктиганов, Н. А. Бобылевтар. Олар Нұрлан Темірғалиұлының дүниежүзі математиктерінің ширек ғасырдан бері шеше алмай келе жатқан проблеманы шешкендігін бір ауыздан мойындады. Бұл мәселемен орыс математигі Н. М. Коробуов, Қытай Ғылым Академиясының вице-президенті Хуа Ло-Кен, неміс математигі Э. Хлавка айналысқандығын көпшілікке паш ете отырып, Нұрлан Темірғалиұлы, бұл мәселені Америкада шығатын «Қазіргі математика» журналының сандық интегралдаудың өзекті мәселесі екендігін есептегенін, өзінің соны шешкендігін мақтан етеді. 1995 жылы Назарбай Блиев бастаған топ Сергей Михайлович Никольскийдің тоқсан жылдығын тойлауға келгенде, көпшілік алдында Қазақстан математикасының жетістіктерін атай келіп, Нұрлан Темірғалиұлын «ұлы математик» екендігін өз аузынан айтты. Бұған Қазақстан математиктері де қуанады. Ғалымның нәтижелері есептеу математикасында қолданылатындығы оның өміршеңдігін дәлелдейді. Нұрлан Темірғалиев Қазақстандағы математикалық білімді жетілдіруге бар күш-жігерін салып, сол үшін күресуде. Ол ауық-ауық газет-журнал беттерінде бұл туралы пікірін айтып, оны дәлелдейді. Ол кейінгі жылдары кадрларды даярлау сапасы республика бойынша төмендеп, оқу-құралдары жетіспей, оқыту мазмұнына біріңғай талап қойылмайды деген өз дәлелдерін айтады. Математикалық білімді жақсартудың бір жолы ретінде ғалым үш томдық «Математикалық анализін» жазды. Оның бірінші томы 1987 жылы «Рауан» баспасынан, екінші томы «Ана тілі» баспасынан 1991 жылы, үшінші томы «Білім» баспасынан 1996 жылы шықты. Бұлар математикалық анализден жазылған кейінгі жылдардағы қомақты еңбек. Онда дәстүрлік материалдар мен жаңа теориялар байланыстырыла, әдістемелік жағынан ұстамды жазылған оқулық. Математикалық терминологияны жасаудың халықаралық тәжірибесін қатаң ұстанған автор өз кемшілігін түзетуден қорықпайды. Адамгершілігі мол, қарапайым да әңгімешіл ғалым, ескі тарихты қазіргімен байланыстырудыжақтайды. Шәкірттеріне жағдай жасап, олардың хал жағдайын білгісі келіп, бірге жүреді.