Top 10 similar words or synonyms for жұмабеков

темірғалиев    0.922521

мұсабекова    0.918202

бельгер    0.916593

қалтаев    0.914458

ордабаев    0.914185

ибрагимова    0.911166

серікбаева    0.911035

ибраева    0.907150

жаманқұлов    0.903741

қадыров    0.903240

Top 30 analogous words or synonyms for жұмабеков

Article Example
Әдбуахан Жұмабеков Әдбуахан Жұмабеков Әбдірашұлы ("1951 ж.т"., Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауд, Бағыс а.) - ғалым, ауыл шаруашылығы ғылыми доктор, профессор, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы академиясы академигі. 1972 ж. Жамбыл гидромелиор.-құрылыс институтын бітіріп, осы оқу орнында кіші, жетекші ғылыми қызметкер, 1974- 94 ж. су шаруашылығы ғылыми зерттеулер институтында аға инженер, жетекші қызметкер, лаборатория бастығы, бөлім бастығы, 1994-98 ж. Жамбыл облысы әкімшілігінің ғылыми өндірістік орталық төрағасының 1-ші орынбасары, 1998-2000 ж. орталық төрағасы қызметтерінде болды. 2000 ж. қыркүйек айынын Тараз университетінде кафедра меңгерушісі. 90-нан астам ғылыми жұмыстары, оның ішінде 2 монография мен 12 оқу-әдісткмелік құралдыры жарық көрген.
Ермек Жұмабеков Жұмабеков Ермек (05.02.1945 ж.т., Қарағанды облысы Шет ауданы Ақсу-Аюлы а.) – биология ғылым докторы (1995), профессор (1987). ҚР Инженер академиясының корр. мүшесі (2003). Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын (1968, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) бітірген. Қазақстан ғылым академиясының Ботаника институтында лаборант (1968–69), КСРО ҒА Жалпы генетика және цитология институтында аспирант (1969–71), кіші, аға ғылым қызметкері, лаборатория меңгерушісі (1974–82), Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтында ассистент, доцент, декан, ректор қызметтерін атқарды (1982–96). ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі бидай істері жөніндегі бас инспектор (1998–99), Алматы Мемлекеттік қорығының директоры (1999–2000), Қазақ ұлттық аграрлық университетінде профессор (2001–03), ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жалпы генетика және цитология институтының директоры (2003–06) қызметтерін атқарды. 2006 жылдан осы институтта лаборатория меңгерушісі. Жұмабеков Ермектің 70-тен астам ғылыми мақаласы жарық көрді.
Шерімбек Жұмабеков Шерімбек Жұмабеков (1900,Арыс ауданы Тақыркөл ауылы – 1964, Қызылқұм ауданы) – Cоциалистік Еңбек Ері (1.12.1949). 1930 – 41 жылдары «Байырқұм» ауыл шаруашылық(ғы) артелінде жұмысшы, 1941 – 64 жылдары «Байырқұм» кеңшарында аға шопан, Қызылқұм ауданының «Сүткент» кеңшарында аға шопан болып істеген.
Жүнісбек Жұмабеков Жұмабеков Жүнісбек (07.01.1927, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Малыбай а. – 04.04.1980, Алматы қ.) – тарих ғылымдарының докторы (1971). Алматы заң институтын (1949) бітірген. 1949–55 ж. осы институтта оқытушы, кафедра меңгерушісі, Семей малдәрігерлік институтында (1955–58), 1958 ж. Қазақ физкультура институтында (қазіргі Қазақ спорт және туризм академиясы) кафедра меңгерушісі, Жоғары және арнаулы орта білім министрлігінің қоғамдық ғылымдар бөлімін басқарды (1966–67). ҚазПИ-дің (1974–80, қазіргі ҚазҰПУ) ректоры болды. «"Руководство КОКП вовлечением трудового крестьянства Казахстана в строительство социализма (1926–1932 г.)"» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.
Оңалсын Исламұлы Жұмабеков 1974 жылдан - Алматы қаласы Әуезов аудандық прокуратурасының тергеушісі. 1980 жылдан - ҚазКСР прокуратурасы тергеу басқармасының прокуроры. 1983 жылдан Алматы қаласы Фрунзе ауданының прокуроры. 1985 жылдан - Алматы облыстық прокурорының орынбасары. 1990 жылдан - Маңғыстау облысының прокуроры. 1994 жылдан - Алматы облысының прокуроры. 1996 жылдан - ҚР Бас прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары. 2003 жылдан -
Оңалсын Исламұлы Жұмабеков II дәрежелі «Даңқ» (2001), «Парасат» (2009) ордендерімен; «Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Тыңға 50 жыл» (2004), «Қазақстан темір жолына 100 жыл» (2004), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған.
Оңалсын Исламұлы Жұмабеков Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқының білім және мәдениет деңгейі жоғары, өркендеген мемлекет болатыны жөніндегі сенімін бөлісемін».
Жұмабеков атындағы көше (Алматы) ұзындығы - 500 метр.
Төлеген Әлтайұлы Жұмабеков Жұмабеков Төлеген Әлтайұлы (13.8.1938 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы, Ащысай ауылы) – ғалым, медицина ғылым докторы (1991), профессор (1993). 1964 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті), Мәскеу педиатрия ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын (1970) бітірген. 1964 – 67 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Энгельс учаскелік ауруханасының бас дәрігері, ауданның бас хирургі (1967) болып жұмыс істеді. 1970 – 88 жылдары Алматы мемлекеттік медицина институтының балалар хирургиясы кафедрасының ассистенті, доценті, 1988 жылдан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Дәрігерлер білімін жетілдіру ин-тының балалар анестезиологиясы-реаниматологиясы және хирургиясы кафедрасының меңгерушісі. Жұмабековтің негізгі ғылыми еңбектері балалар анестезиологиясы мен реаниматологиясын зерттеуге арналған. Ол балалардың басы жарылып, миы зақымданған кезде және ауыр жарақаттан кейін бүйректің қалыпты жағдайда қызмет атқаруын интенсивті терапиямен емдеудің ұтымды тәсілдерін ұсынды. Балалардың өкпе ауруын емдегенде, олардың қанын ультракүлгін сәуледен өткізіп, өздеріне қайта құюдың тиімді екенін дәлелдеді. Жұмабеков республикадағы балалар анестезиологиясы мен реаниматологиясы дамуына елеулі үлес қосты.
Руслан Қаһарманұлы Жұмабеков Руслан Қаһарманұлы (1968 жылы туған Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы)-палуан, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 1985 жылы Алматы қаласындағы Олимпиада резервтерін даярлайтын училищенің грек-рим күресі бөлімін, 1989 жылы Қазақстан дене тәрбиесі және [[спорт институтын бітірді. 1987 жылы республикалық құрама командасына қабылданды. 1988-89 жасөспірімдер арасында [[КСРО]] чемпионы атанды. 1992 жылы Дондағы Ростав қаласында өткен ересектер арасында КСРО біріншілігінде күміс жүлдегер.1992 жылы Әлем кубогы жүлдесі үшін өткен жарыста қола медаль алды. 1994 жылы Хиросима қаласында өткен [[Азия]] біріншілігінде күміс жүлде, ал 1997 жылы Филлиппинде өткен Азия чемпианатында 1-орын иеленді. Жұмабеков грек-рим күресінен Қазақстанның 5 дүркін чемпионы.Аудан жеңімпаздары