Top 10 similar words or synonyms for түлкиев

төлепбаев    0.920489

сатыңызшы    0.891390

нематұлы    0.883127

темірғалиев    0.881781

нұрмағанбетова    0.878448

сәмединова    0.878035

дарабаев    0.875892

адырбеков    0.875019

қосыбаев    0.874638

оралұлы    0.874479

Top 30 analogous words or synonyms for түлкиев

Article Example
Бексейіт Әбдезұлы Түлкиев Оның "3амандастар", "Әке", "Ата-баба жері", "Суретшінің түсі" (1983), "Әже", "Әкені майданға шығарып салу", "Түсіру алаңы" (1984) секілді т.б. кескіндемелік туындылары танымал.
Кескіндеме Халық арасында көптеген кескіндемеші шеберлер болған, бірақ солардың көбінің аты бізге беймәлім. Қазақтан шыққан алғашқы кәсіби кескіндемеші – Ш.Уәлиханов. Оның акварель бояуымен салған портреттік, пейзаждық жұмыстары: “Сырымбет” (1850), “Сартайдың портреті” (1856), “Шақырым бағандары” (1950) нағыз шыншыл суреткер болғанын дәлелдейді. 19 ғ-да қазақ халқының өмірін өздерінің шығармаларына өзек еткен суретшілер: В.Штернберг(“Түйе”, “Киіз үй тұсындағы көрініс”), А.Горнович (“Ақмешітті алу”), А.Чернышев (“Қазақтардың көші”, “Қонып жатқан қазақтар”, т.б.) В.Верещагин қазақ табиғатын, қазақ халқын өте шеберлікпен жазып (“Аңшы қырғыз (қазақ)”, “Лепсі даласындағы таулар”, т.б.) басқаларға таныта білді. 1847 – 57 ж. Т.Г. Шевченко қазақ даласында қуғында жүргенде жергілікті халықтың өміріне байланысты “Байғұстар”, “Киіз үйде”, “Мемлекет жұдырығы” деген суреттер салды. Қазақтың бейнелеу өнерінің негізін қалауда Н.Хлудовтың еңбегі зор болды. Ол 1877 ж. қазақ даласына келіп өмірінің ақырына дейін осында болып, қазақ халқы өмірінен көп суреттер салды. Оның алғашқы шәкірттері: Қазақстанның халық суретшісі Ә.Қастеев, белгілі кескіндемешісі С.Чуйков. Қазақ халқының кәсіби К. өнерінің тарихы 20 ғ-дың 20-жылдарынан басталады. Ол дамудың қиын жолдарынан өтті. Алғашқы қазақ Кескіндеме мектебінің негізін салушы Қастеев өзінің шығармаларында кең дала сұлулығын, тарихи кезеңдерді, тұлғалы адамдар портретін (Абай, Шоқан, Амангелді, т.б.) жазып көрсете білді. Қастеевтен кейін қазақ Кескіндеме өнерінің тарихы бір топ дарынды суретшілер Ә.Ысмайлов, ағайынды Қожахмет пен Құлахмет Қожықовтар, Б.Сәрсенбаев, О.Таңсықбаев есімдерімен толықты. 1960 – 70 ж. қазақ Кескіндеме өнерінің даңқын шығарған суретшілер М.Кенбаев, Қ.Телжанов, Г.Ысмайлова, В.Антощенко-Оленев, К.Баранов, А.Ғалымбаева, Л.Леонтьев, Н.Нұрмұханбетов, С.Мәмбеев, Ү.Әжиев, С.Романов, Ж.Шәрденов, т.б. есімдері көпшілікке танылды. Олар қазақстандықтардың жеткен жетістіктерін, тіл жетпес табиғат сұлулығын паш етті. 1970 – 90 жылдары қазақ Кескіндемеде жаңа леп, жаңа көзқарастағы суретшілер тобы (Е.Сидоркин, Ш.Сариев, С.Айтбаев, Б.Садыханов, К.Муллашов, А.Ақанаев, М.Аманжолов, Е.Төлепбаев, Б.Түлкиев, З.Түсіпова, т.б.). Кескіндеме өнерін жаңа биікке көтерді. Осы кезеңде бұрын жабық тақырып болып келген 20 ғ-дың 30-жылдарындағы зұлмат кезең (Төлепбаев пен Түлкиев), атом полигоны зардаптары (Ақанаев пен Аманжолов) және Арал қасіреті (Ә.Төлебиев пен А.Рубашев) ашық жазылды. Өнердің жаңа ағымдарына бой ұру (мыс., Садыханов, Түлкиев, т.б.) байқалды. Төлепбаев бұрын қазақ суретшілері жетпеген дәрежеге көтеріліп, қазақ Кескіндемесін әлемге таныта білді.