Top 10 similar words or synonyms for әлтаев

аспандияр    0.926676

ермекұлы    0.921864

тұрсынбаева    0.919615

жұбанаев    0.917759

нурлан    0.916979

нұрлыбай    0.916746

ақбаров    0.916115

дайрабаева    0.916058

нұрмаханұлы    0.914261

бекенұлы    0.913776

Top 30 analogous words or synonyms for әлтаев

Article Example
Әжібай Әлтаев Жол бойымен батысқа қарай әскер ағылады. «Бір табан жолмен осыншама әскерді қан майданға жөнелтіп жатыр. Біз екінші табанды салсақ, өлімге айдалушылар саны да екі есе көбейе ме екен? Орыс баласының обалына қалмайық» деп Әжібай жетпіс шақты қазақты құрылыстан алып кетеді. Әжібай Баянауыл ұясында РКП (б)-ның тілектесі ретінде тіркеліп, оның казак-татар секциясының белсенді мүшесі болады. Кеңес өкіметі жарияланғаннан басталған жаңалықтардың басы-қасынан табылып жүреді. Ақбеттау болысына милиция болып тағайындалып, жергілікті жерде Сәтбаев сот ретінде шығарған үкімді орындатушы болады. Дегелең соғысына тачанка пулеметшісі болып қатысып (көмекшісі Бельденинова Таня), қанды шайқаста қаза табады.
Әжібай Әлтаев Әжібай Әлтаев (1886, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы Баянаула ауылы - 4.1921 жылы Дегелең тауы) – Қаныш Сәтбаевтың ауылдасы әрі замандасы. 20 ғасырдың басында солтүстік өңірдің азаматтары ауыл-үйлерінің қысқа дайындығын жасап бергеннен кейін, топтасып Сібірге жұмысқа жалданып кететін болған.
Әжібай Әлтаев Баянауылда сондай топты үнемі Әжібай ұйымдастырып жүрген. Ол басқарған топ «Лензолото» компаниясының Үркіттегі кеңсесімен шарт жасасып, кен шығару орнына қатысады. Баянауыл жігіттері Назымбек, Молша, Сыздық, Қабылбек, Қасейін және Әжібай полиция бақылауынан сытылып шығып, елге аман-есен оралады. Ал Әлібайдың Қабылбегі оққа үшып, Лена жағасында мәңгі қалады. Әжібай 1913 жылдың қысында бір топ жігітті бастап тағы да Сібірге тартады. Бұлт Транссібір жолына екінші табан салынып жатқан кез. Қазақ жігіттері осы құрылысқа орналасады. Келесі 1914 жылы 1-дүниежүзілік соғыс басталады.
Аманжол Дүйсенбайұлы Әлтаев Аманжол Дүйсенбайұлы Әлтаев (31.8.1971, Жезқазған облысы Жаңаарқа ауданы Ақтүбек ауылы) - айтыс ақыны. Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген (1993). 1993 жылдан осы университеттің қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеген. Казір Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқытушы. Қарағанды қаласында өткен "Арқа арулары мен сал серілері" сайысының (1990), жыр сүлейі Иса Байзақовтың 90 жылдық мерейтойына арналған (Павлодар, 1990), С.Сейфуллиннің 100 жылдық тойына арналған (Жезқазған, 1990) республикалық айтыстардың жеңімпазы. 1990 ж. Қызылорда облысында өткен халық ақыны Нартай Бекежановтың 100 жылдық мерекесіндегі, 1991 ж. Оңтүстік Қазақстан облысында болған атақты балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының 120 жылдығына арналған тойында, 1993 ж. Ташкент қаласында өткен халықаралық ақындар айтысында, 1992 ж. Қарағанды облысында ұйымдастырылған. Қ.Аманжоловтың 80 жылдық мерейтойында, Ғ.Мүсірепов құрметіне арналған айтыс­та, Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа ұшқанына 1 жыл толуына арналған айтыста, Ж.Жабаевтың 150 жылдық мерейтойы құрметіне өткізілген ақын, жыршы-дастаншылар сайысында (Қарағанды, 1996) жеңімпаз атанды. 1995 ж. ұлы акын, ойшыл, Абай Құнанбайұлының ЮНЕСКО дәрежесінде өткен 150 жылдық ме­рейтойында, т.б. өткізілген республикалық ақындар айтыстарында жүлделі орындарды иеленді.
Ақындар айтысы үшінші облыстық Ақындар айтысы ұйымдастырылды. Кейін Ақындар айтысын телевизия арқылы ұйымдастыру дәстүрге айналды. Қарағандылық ақын А. Әлтаев республикалық айтыстардың бірнеше дүркін жүлдегері болды.
Қайта құру мен тәуелсіздік жылдарындағы мәдени құрылыс 1989 жылдан «Азия дауысы» халықаралық ән байқауы өткізіліп тұрды. Өткен ғасырдың 80-жылдарынан қайта жаңғырған айтыс өнері жанданды. Айтыскерлер арасынан Манап Көкенов, Көкен Шәкеев, Әселхан Қалыбекова, Надежда Лушникова, Аманжол Әлтаев, Оразалы Досбосынов, Айнұр Тұрсынбаева, Ринат Заитов және басқа да таланттар танылды. Айтыс мектебі қалыптасты. Фольклорлық өнер ұжымдары, Құрманғазы атындағы ұлттық аспаптық оркестр, «Отырар сазы» оркестрі, «Салтанат» би ансамблі өнер көрсетті.
Тараздың 2000 жылдық мерейтойы Мерейтой аудандар көркемөнерпаздарының фестивалін өткізуден басталды. Барлық аудандардың ең таңдаулы көркемөнерпаздары облыстың орталығы – Тараз қаласында өз өнерлерін көрсетті. Әсіресе, облыстық драма театрында өткен халықаралық ақындар айтысы Тараз тарихын жыр өрнегімен әспеттегенін айту керек. Бұл айтыстың қазылар алқасын облысымыздың құрметті азаматы, жазушы-драматург Әкім Тарази басқарса, сондай-ақ, алқа құрамында Оразақын Асқар, Көпен Әмірбек, Ұлықбек Есдәулет, Мархабат Байғұтов, Елен Әлімжан, композитор Балнұр Қыдырбек, Өзбекстан мен Қырғызстан республикаларының көрнекті ақындары болды. Бұл айтыстың қазылар алқасын облысымыздың құрметті азаматы, жазушы-драматург Әкім Тарази басқарса, сондай-ақ, алқа құрамында Оразақын Асқар, Көпен Әмірбек, Ұлықбек Есдәулет, Мархабат Байғұтов, Елен Әлімжан, композитор Балнұр Қыдырбек, Өзбекстан мен Қырғызстан республикаларының көрнекті ақындары болды. Бұл айтыста 12 жұп ақын сөз сайысына түсті. Алғашқы турдан 12 ақын – Айнұр Тұрсынбаева, Карима Оралова, Ермек Жұматаев, Шырынбек Қойлыбаев, Күміс Сәрсенбаева, Ақмарал Леубаева, Аманжол Әлтаев, Шорабек Айдаров, Балғынбек Имашев, Ербол Қамбатыров, Алтынкүл Қа-сымбекова, Айбек Қалиев ақтық айқасқа жолдама алды. Шешуші айтыста жамбылдық ақын Шырынбек Қойлыбаев бас бәйгені – «Жигули» автомашинасын жеңіп алса, Айнұр Тұрсынбаева мен Ермек Жұматаев бірінші орынды бөлісті. Екінші орынға астаналық айтыскер Аманжол Әлтаев ие болды. Үшінші орынға шымкенттік ақындар Карима Оралова мен Ақмарал Леубаева шықты. Сол сияқты Тараздың 2000 жылдық мерейтойы құрметіне жазба ақындардың мүшәйрасы да өткізілді. Бас бәйге ешкімге берілген жоқ. Тең ұпай жинаған алматылық ақындар Рафаэль Ниязбек пен Маралтай Райымбекұлы бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды тараздық Сәнтөре Пірманов пен оралман Қайыпназар Шотбасов иеленді. Үшінші орынды астаналық Өтепберген Ақыпбекұлы мен тараздық ақын Жанат Төленді бөлісті.