Top 10 similar words or synonyms for әбдірахманұлы

NotFoundError    0.789

Top 30 analogous words or synonyms for әбдірахманұлы

Article Example
Нарбота Әбдірахманұлы Нарбота Әбдірахманұлы ("т. ж. б. – 1798/99") – Қоқан билеушісі. Нарбота Әбдірахманұлы Ферғана ойпатында су каналдарын салдырып, егістік жердің көлемін арттырды. Қалаларды көркейтті, сауда-саттық пен кәсіпкерлікті дамытты. Орталық Азия мен Ресей арасында сауда қарым-қатынасының орнауына түрткі болды. 36 жыл билік құрды. Нарбота Әбдірахманұлының мұрагерлері Әлім мен Омардың тұсында қоқандықтар Оңтүстік Қазақстанға билік жүргізді.
Тілеулі Әбдірахманұлы Тілеулі Әбдірахманұлы – жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте қол бастаған батыр.
Тілеулі Әбдірахманұлы Орта жүздің қара қыпшақ тайпасының ұзын тармағынан шыққан. Үш жүздің 1710 жылы Қарақұмдағы халық құрылтайына, 1723 жылы Талас өзені бойында жоңғарлармен болған шайқасқа, сондай-ақ Бұланты – Білеуті, Аңырақай шайқастарына қатысқан. Бөгембай, Саурық, Тайлақ, т.б. батырлармен бірге Әбілқайыр ханға жасақ ұйымдастыруға көмектесті. Жәнібек тархан мен тама Есет батырлармен жолдас болып, қазақ елінің Ресейге қосылуын рәсімдеген құжатқа Тілеулі мен оның баласы Нияз би де қолын қойған. Тілеулі Ақтөбе қаласынан 18 км жердегі Бестамақ деген елді мекенінде тама Есет батырдың жанына жерленген. Ұрпағы Әбдіғапар Жанбосынұлы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі болды. Қазіргі ұрпақтары Қарағанды, Қостанай, Қызылорда облыстарында, Ресейдің Новосібір облысында тұрады. Тілеулі жайында ел ішіндегі аңыз-әңгімелер мол сақталған. Сондай-ақ тарихшылар М.Қозыбаев пен З.Байдосовтың зерттеу мақалаларында, зерттеуші М.Сүлейменовтың “Әбдіғапар хан” атты кітабында, мерзімді баспасөз беттерінде жарық көрді. Жазушылар Ә.Кекілбаевтың “Елең-алаң” (1984), Қ.Сәрсекеевтің “Смута” (1988) романдарында, “Шақшақ Жәнібек батыр” кітабында Тілеулі туралы мағлұматтар келтірілген.
Разақ Әбдірахманұлы Абузяров Абузяров Разақ Әбдірахманұлы (16.6.1932 ж.т., Алматы облысы бұрынғы Андреев ауданы Лепсі а.) – пед. ғыл. докт. (1983), проф. (1985). ҚазПИ-ді (қазіргі ҚазҰПУ) бітіргеннен кейін мектеп мұғалімі, директоры болған. Орал пед. ин-тында (1970–91, қазіргі Батыс Қазақстан мемл. ун-ті) оқытушы, кафедра меңгерушісі, 1992 жылдан Тіл үйрету орт-ның жетекшісі қызметтерін атқарады. Ғыл. жұмыстарының негізгі бағыты – әр түрлі аудиторияларда қазақ және орыс тілдерін жедел меңгерудің әдістемелік мәселелері. А. 200-ден астам ғыл. еңбектің («Русский язык на занятиях по начальной военной подготовке в национальной школе», 1989; «Учимся и учим говорить по казахски», 1996) авторы.
Мұхаметсәлім Әбдірахманұлы Кәшімов Ол шәкірт тәрбиесін ұлттық салт-дәстүрге негіздей жүргізуді, мұны имандылық пен адамгершіліктің сан-алуан көріністерімен ұштастырып отыруды уағыздайды. Оқытудың тәрбиелік жағына үлкен мән беріп: , - дейді. Шәкірттерді аз сөйлеп, көп тыңдауға, жаман істен жиреніп, жақсы істен үйренуге шақырады. деп, адамның өзін-өзі тәрбиелеу ісіне ерекше мән береді.
Мұхаметсәлім Әбдірахманұлы Кәшімов Кәшімов ананың бала тәрбиесіндегі рөлін жоғары бағалап, қыздарды өз келісімінсіз жастай атастыруға қарсылық білдіріп, оларды мұсылманша оқытып, тәрбиелеуді жақтайды.
Сәбит Әбдірахманұлы Бабаев Сәбит Әбдірахманұлы Бабаев(20.6.1938 жылы туған, қазіргі Ресей, Челябинск облысы Александров ауданы Магнитка руднигі) – экономикалық ғылымның докторы (1997). ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қостанай облысы астық қабылдау кәсіпорнында бухгалтер, аға бухгалтер, Қостанай облысы астық өнімдері басқармасында бухгалтер, аға және бас бухгалтер (1955–1972),Қазақ КСР-і Дайындау министрилігінде бас бухгалтердің орынбасары, бас бухгалтер (1972–1981), «Қазақ астық өнімі» концерні төрағасының 1-орынбасары (1991–1993), «Астық» акционерлікі компаниясының 1-вице-президенті (1993–1996) болды. 1996 жылдан «Астық» АҚ компаниясының президенті қызметін атқарады. 1996 жылы «Проблемы развития зернопродуктового комплекса Республики Казахстан в условиях перехода к рынку (теория и практика)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.
Бақыт Әбдірахманұлы Сәрсекбаев Бақыт Әбдірахманұлы Сәрсекбаев (29 қараша, 1981 жыл, Павлодар қаласы) - боксы халықаралық спорт шебері, Барыс орденінің иегері (2008), Жартылай орташа салмақ пен бірінші жартылай орташа салмақта әуесқой бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы (2008), Азия ойындарының чемпионы (2006).
Бақыт Әбдірахманұлы Сәрсекбаев Бақыт Олимпиада ойындарын өте жоғары деңгейде өткiздi. Алғашқы жекпе-жекте Канада боксшысын тас-талқан етiп ұтқан Бақытқа молдовалық боксшы да қарсы келе алмады. Ширек финалда Бақыт Сәрсекбай өзiнiң ежелгi қарсыласы Дильшод Махмудовты жеңдi. Жартылай финалда кездескен кәрiс боксшысы да Бақыттың мықтылығын мойындады. Ақтық айқаста бүкiл Куба халқының үмiт артқан боксшысы Карлос Сураестi ойнап жүрiп ұтты.
Абдолла Әбдірахманұлы Асылбеков Абдолла Әбдірахманұлы Асылбеков (1896-1938), журналист, жазушы және қоғам қайраткері.