Top 10 similar words or synonyms for үрейленді

қорқытумен    0.797136

қолданамын    0.792445

қолдағанымен    0.786662

мазақтайтын    0.783017

nip    0.780143

жалынады    0.776711

төрлет    0.771247

бастартып    0.770836

дөңестік    0.769102

бәлләй    0.768677

Top 30 analogous words or synonyms for үрейленді

Article Example
Шовашинзан Тау алғаш рет пайда болған сәтте жапондықтар мүны сәтсіз әскери сынақ деп үрейленді. Оның пайда болуы құпия түрде сақталған.
Қазақ ауыз әдебиеті мен араб әдебиеті байланысы «(Мұхаммед с.а.с. Ухуд соғысы кезінде) үйіңнен ерте шығып, мүміндерді соғыс үшін орындарға орналастыруда едің. Алла әр нәрсені естіп, білуші. (Ухуд соғысында мұнафықтар майданнан қасақана қайтып кеткендіктен, оң-сол екі қанаттағы топқада қобалжу кірді) Сол уақытта сендерден еі топ, уайымдап үрейленді. Сондай-ақ Алла ол екеуінің жәрдемшісі еді. Мүміндер, Аллаға тәуекел етсін» .
Қазақ ауыз әдебиеті мен араб әдебиеті байланысы «(Мұхаммед с.а.с. Ухуд соғысы кезінде) үйіңнен ерте шығып, мүміндерді соғыс үшін орындарға орналастыруда едің. Алла әр нәрсені естіп, білуші. (Ухуд соғысында мұнафықтар майданнан қасақана қайтып кеткендіктен, оң-сол екі қанаттағы топқада қобалжу кірді) Сол уақытта сендерден еі топ, уайымдап үрейленді. Сондай-ақ Алла ол екеуінің жәрдемшісі еді. Мүміндер, Аллаға тәуекел етсін» .
IV Мұрат 1631 жылы төңкеріс жасаған жаңа шеріктер мен сыпайлар IV Мұраттан османлы садрағзамы, сұлтанның досы әрі Көсем сұлтанның күйеу баласы Хафиз Ахмет пашаны ұстап беруді сұрады. Келесі садрағзам Топал Режеп пашаның кеңесімен сұлтан Хафиз Ахмет пашаны ұстап беруді ұйғарды. Алайда келесі жылы Режеп паша сұлтанның бұйрығымен өлім жазасына кесілді. Жаңа шеріктер мен сыпайлар IV Мұраттың бұндай қаһарынан үрейленді. Содан кейін IV Мұрат Босфор жағалауында Ашық диуанды жинап, жаңа шеріктер мен сыпайлардан адалдық антын беруге талап етті. Үрейленген жауынгерлер сұлтанға адалдық антын беруге мәжбүр болды. Сол Ашық диуанда сұлтан қазылармен заңдылықты қалпына келтіру жайлы сөз қозғады. Қазылар сұлтанға әскердің зорлығы мен бассыздығына шағынды. Сол қазылардың біреуі осылай деген:
Ұзынағаш шайқасы Ұзынағаш шайқасы — Жетісу өңіріне саяси-әкімшілік ықпалын жүргізіп, билігіне бағындыруға ұмтылған Қоқан сарбаздары мен отаршыл орыс әскерлері арасындағы болған қарулы қақтығыс. 1860 жылы қыркүйек айының ішінде Қанағат шаһ (Қанатша) бастаған 15 мың Қоқан әскері Әулиеата қаласына жетеді. Жолшыбай қырғыз және қазақ рубасыларына, ақсақалдарына шапқыншы жіберіп, "көпірлерге қарсы ғадауат майданына" қосылуға үндейді. Қоқандықтардың мақсаты — Пішпек (Бішкек), Тоқпақ (Тоқмақ) қорғандарын қайтадан өздеріне қаратып, орыс тұтқынындағы адамдарын босату, Іленің оңтүстік-батыс бетіндегі қазақ-қырғыз ауылдарын бағындыру, орыс әскерлерін Іленің арғы бетіне қуу еді. Бұл хабарды Верныйдағы Алатау округінің бастығы, подполковник Г.А.Колпаковскийге шапырашты Абдан Сарқұтұлы деген есауыл, жергілікті шенеунік Әбілфейіз төре Абылайұлы мен милиция прапорщигі Қожағұл Байсеркеұлы жеткізеді. Жетісу өңірінде тағы дұрбелең басталады. Қазан айының басында Колпаковский өлкедегі әскери бөлімшелер мен гарнизон басшыларын Верныйға жинап, төтенше кеңес құрады. Қоқан сарбаздарымен бетпе-бет шайқасқа түсуге ықтимал жер — Қастек корғанын нығайту үшін майор Экеблатты қолбасшылыққа тағайындап, бекініс гарнизонына есауыл Бутаковтың 100 казак-орыс отрядын көмекке жіберу ұйғарылды. Осы кезде астыртын барлауға жібергендер қазанның 8-інде Пішпекке қоқандықтардың 1500-дей қолы жиналғандығын хабарлады. Оның үстіне "исламды қорғау соғысын" ұран еткен оларды қырғыздардың Сарбағыш руы түгелдей, қазақтардың Дулат руының жартысына жуығы жақтады. Тіпті, Пішпек пен Фарш жаққа жіберілген шапырашты Сұраншы батыр да, одан кейін Андас би, Әлдеке, Диқанбай батырлар да қоқаңдықтар жағына өтіп кетті. Патшалық Ресейдің жергілікті әкімшілігі істің бет алысынан үрейленді. Өйткені орыстардың әскери күші осал, қару-жарағы тапшы еді. Колпаковский Ұлы жүз билеушілері — Тезек төреден, оның інісі Әбілфейіз, Жанғазы төреден және т.б. ру басшыларынан көмек сұрап, жан- жаққа шабарман жіберді. Бірақ олар істің ақырын андып, Верныйға соғыс аяқталар сәтте, қоқандықтар жеңіле бастаған кезде ғана келді. Сонымен 13- 17 қазан аралығында қоқандықтардың жолындағы қорғандар нығайтылып, Қастекке 4 атқыштар ротасы, 4 казак-орыс жүздігі, 8 зеңбірек пен 2 ракетті станок орналасты. Ал Саурық қорғанына подпоручик Сарковский отряды, Ұзынағашқа подполковник Шайманов басқарған казак-орыс жүздігі, атты артиллерия мен бір рота солдат келді. Қоқан сарбаздарын басқарған Қанағат шаһ бұған дейін Орта Азия аймағындағы сан алуан соғыстарда даңқы шыққан тәжірибелі қолбасшы еді. Оның қол астына Пішпектің бір қорғанбасы Рүстембек, Мерке, Әулиеата қорғандарының басшысы Шағаман қожа, сондай-ақ Әлімбек би өз әскерлерімен кірді. Бірақ, бұлардың арасында әскери тәртіп нашар болды, ұсақ қолбасылар Қанағаттың әмірін орындай бермейтін. Қоқан сарбаздарының саны, кейіннен қосылған 10 мындай қазақ жігітгерін есептегенде, шамамен 22 000 мындай адамға жеткен. Сондай-ақ шиті мылтық асып, түгелдей атқа мінген қоқандықтар 6 мыс зеңбірекпен жарақтанған еді. Қоқан сарбаздары Қордай тауы арқылы Жиренайғырға өтіп, шабуылға дайындалды. Қанағат шаһтың шабуыл жоспары өте ұтымды болды. Ол Қастекке соқтықпай, бар күшімен Верныйға тетелей соққы беруді көздеді. Онда әр жерге шашыраған орыс әскерлерінің жолын кесіп, облыс орталығындағы қаружарақ қоймаларын басып алатын еді. Әрі Верныйдағы сарттардың ақсақалы Сейдахмет Сайдалыұлы бастаған тұрғындар тобы, орыс әкімшілігінен көп жәбір көрген Қараталдың оңтүстік беткейлеріндегі Ұлы жүз рулары мен Ертіс алабына дейінгі Орта жүз түгелімен қолдау көрсеткелі отырған болатын. Алайда, қоқаңдықтардың қолбасшысы қарауындағы мыңбасыларының алауыздығы мен өркөкіректігінің салдарынан тиімді жоспарьш жүзеге асыра алмай, алдын ала бекінген қорғандарға соқтықты. 19 қазанда, таңғы сағат 8-дер шамасында 200-дей атты қазақ жасағы Қастекті қоршады. Қорғаннан Бутаков бастаған казак-орыс жүздігі шығып, оқ жаудырған соң, қазақтар қашып кетті. Олардың бірнешеуі оққа ұшып, үшеуі орыстардың қолына түсті. Бұл — Ұзынағаш шайқасының басталуы еді. Тұтқын қазақтардан Қанағаттың 16 мың сарбазбен Қастекке беттеп, 2 мың қазақ-қырғыз жасақтарын Верныйға аттандырғанын естіген Колпаковский әр бекіністегі әскери күштердің орнын ауыстыруға шешім қабылдады. Сарковский отрядын дереу Саурық қорғанына жіберіп, Ұзынағаштағы поручик Савельев отрядын Қастекке шақырды да, Ұзынағаштағы сотник Жеребетьев жүздігін Верный жолына бекінуге бұйырды. Бірақ шапқыншылардан да, шақыртқан отрядтан да еш хабар болмаған соң Қастекке 3 рота жаяу әскер мен біраз атты казак-орысты, 2 зеңбіректі қалдырып, езі Ұзынағашқа беттеді. Бұл кезде Саурық қорғанына қазақ жасақтары, Ұзынағашқа Қоқанның сарбаздары дүркін-дүркін шабуылдап тұрды. Түнгі сағат 10-да Колпаковский отряды Ұзынағашқа жеткенде бекет тұрғындары мен Савельевтің солдаттары ұйқы кермей, жағалай траншея қазып жатты. Ертесіне Ұзынағаштың тау жағындағы, күнбатыс беткейдегі Қоңыр, Доңғал жоталарын Әлімбек басқарған Қоқан сарбаздары мен қазақ-қырғыз жасақтары басып алды. Олар күні бойы Ұзынағашқа шабуылдап, қазылған ордан өте алмады. Екі жақтан біраз адам шығындалды. Сағат күндізгі 4-тің шамасында Саурық қорғанынан есауыл Усевьтің отряды Ұзынағаш бекінісіндегі солдаттарға кемекке жетіп, тағы атыс басталды. Әлімбектің шабуылды дұрыс ұйымдастыра алмай, кері сергалгенін есгіген Қанағат шаһ Верныйға барар жолынан Қарақыстақ (Қаракастек) арқылы Ұзынағашқа бұрылды. Ұйқысыз, ас-сусыз күні-түні жортуылдаудан әбден қалжыраған орыс әскерлері бар күштерін жиып, 3 жаяу әскер ротасын, 4 казак-орыс жүздігін, 6 зеңбірек пен 2 ракетті станокты шешуші шайқасқа өзірледі. Ертесіне, 21 қазанда олар таң қараңғылығын пайдаланып, Құтырған түбегінде түнеп жатқан қоқандықтарға тұтқиылдан шабуыл жасады. Сол жерде кескілескен шайқас басталып, бас құрап, күш біріктіріп үлгермеген қоқандықтар тауға қарай серпілді. Қарақыстақтың сол жағына откен соң өзенді өрлеп барып Қоқан қолы орыс отрядының жолын тосты. Оларға шығыс беткейдегі савдан қазақ-қырғыз жасақтары қосылды. Қоршауда қалудан қауіптенген орыс отрядтары қарсы бетке зеңбіректен оқ жаудыра бастады. Қоқандықтар да, қазақ жасақтары да зеңбірек оғынан қаймықпай, қайта-қайта шабуылдаумен болды. Сол күні ұрыста қоқандықтардың 400-дей сарбазы қаза тауып, 600-і жараланды. Ақырында, екі жақ та ұрысты тоқтатты. Әсіресе, оқ-дәрісі, азық-түліктері таусылып, әбден қалжыраған орыс солдаттары енді бір-екі шабуылға төтеп бере алмас еді. Бірақ, зеңбірек оғынан беті қайтқан қоқандықтар 2 шақырымдай қашықтықтағы дөң басына қосын тігіп, ұйлығып қалды. Көп ұзамай Колпаковскийдің бұйрығымен өліктер мен жаралылар Қастек қорғанына жеткізіліп, ол жақтан оқ-дөрі, азық-түлік тасылып үлгерді. Жеңісті қолдан бергендерін түсінген қоқандықтар орыс отрядына алыстан дөңайбат корсеткендерімен, тікелей соқтығуға тәуекел ете алмады. Оларға жақтасқан қазақ жасақтары да Саурық қорғаны маңайындағы шөп-шөмелелерді өртеуден ері аспады. 3 сағаттай тынығып тамақтанған солдаттарды Колпаковский енді Ұзынағашқа бұрды. Өйткені ол қоқандықтардың Верныйға өтіп кетуінен қорықты. Бірақ, бекер қауіптенген еді. 21 қазанның кезінде өзінің мыңбасыларымен кеңес құрған Қанағат шаһ орыс әскерлерінің шоғырланған нүктелерін айналып өтіп, бекінісі осал Верныйға тікелей шабуылдау қажеттілігін ұсынған. Ілкі ұрыстардан беті қайтып қалған Ташкент сарбаздарының сардары Шамаған қожа және т.б. қолбасылар оған бағынбай, кері қайтатындықтарын мәлімдеді. Әмірін орындата алмай амалы құрыған Қанағат шаһ Жетісу өлкесін "кәпірлерден тазарту" жорығын жол-ортадан тоқтатып, 22 қазанда Қордай асуы арқылы еліне қайтуға мәжбүр болды. Бұл хабарды Колпаковский 26 қазан күні естіп, Омбыдағы генератор-губернатор Гасфортқа "Жетісу өлкесін Шуға дейін азат еткендігі туралы" хабарлама жіберді. 1860 жылы 19-21 қазандағы Үзынағаш шайқана қатысқан орыс офицерлердің шені жоғарылатылып, әр түрлі дәр. ордеңдер бағалы сыйлықтармен коса табыс етілді. Бұларға қоса капитан Әбілфейіз төре ленталы Георгий алтын медаліне, милиция прапорщигі Қожағұл Байсеркеұлы 3-дәр. Қасиетті Станиславский орденіне ие болды. Соғыстың бас қаһарманы — Алатау өңірінің бастығы әрі Ұлы жүз приставы подполковник Колпаковскийге полковник шені беріліп, 4-дәр. Георгий орденімен марапатталды. II Александр патшаның өзі Үзынағаш шайқандағы жеңісті "Даңқты іс!" деп бағалады. Өйткені, осы соғыстың нәтижесінде Қазақстан мен Орта Азиядағы Ресейдің отаршылдығына қарсы аракідік бой көтерген ұлт-азаттық қозғалыстарға (мысалы, Кенесары, Сырым батыр, т.б. көтерілістеріне) ашық және астыртын қолдау көрсетіп отырған Қоқан хандығы алғаш рет ойсырай жеңіліп, оның ықпалындағы өлкелерді кедергісіз бағындыру мүмкіндігі ашылған еді.