Top 10 similar words or synonyms for эстраданың

төлеков    0.784094

рутковский    0.783069

пиццикато    0.772883

мұсаходжаева    0.763367

waka    0.762895

thumbкөшеге    0.762713

байсейітованың    0.762577

гуно    0.761390

primavera    0.759822

волынка    0.759179

Top 30 analogous words or synonyms for эстраданың

Article Example
Puttin’ on the Ritz (ән) «Puttin’ on the Ritz» () — америкалық джаздың үздік шығармасы, оны 1929 жылы Ирвинг Берлин жазды. Голливудтың сəн үйлеріне сілтейтін əн 1930 жылы "«Puttin' on the Ritz enru»" атты фильм шыққаннан кейін атақты болды. Бұл фильмде басты рөлдерді Гарри Ричман мен Джоан Беннетт сомдады. Бұл əн Голливудтың бейресми гимні болып есептеледі, американдық эстраданың классикалық репертуарына кіреді.
Кабаре Мұнда өмірдің өзекті мәселесіне арналған өлеңдер оқылып, әндер айтылған. Бағдарламаны көрермендермен әзілдесіп, олардың көңілін көтеріп отыратын конферансье жүргізеді. Кабаре 19 ғасырдың 80-жылдары Францияда (негізінен, Парижде) кең таралды. Кабаре сахнасында эстраданың кәсіби артистері де ойын көрсететін. 1908 жылы Мәскеуде “Летучая мышь” және Санкт-Петербургте “Кривое зеркало” кабаресі құрылды. Қазіргі Батыс Еуропа елдерінде кабаре жеңіл, көңіл көтеруден аспайтын эстрадалық бағдарламасы бар мейрамханалар, түнгі клубтар түрінде ұйымдастырылған.
Орталық теледидар тарихы "14 наурыз." Мәскеуде "Өмір беттері" (сценарийі Д. Щегловтікі, қоюшылар РКСФР Халық артистері В. Дудин мен Г. Хлопова) атты теледидар спектаклінің премьерасы болып өтті. Спектакль [[Карл Маркс]] өмірінің көріністерімен таныстырады. К. Маркстің рөлін КСРО Халық артисі біріне айналды. Оған ел іш белгілі адамдары, театр киноның, эстраданың, цирктің атақты артистері, ақындар, жазушылар, суретшілер, спортшылар көркемөнерпаздар. КСРО-ға гастрольге келген шетелдік қонақтар қатысты. Олар еркін жағдайда, шыны аяқ [[кофе]] іше отырып, өз жұмыстары,өз шығармашылықтары туралы әңгімеледі, жоспарларын бөлісті, ән айтып, музыкалық аспаптарда ойнады, әдеби шығармалар оқыды. Телекөрермендердің есінде "Теледидар кафесінде" кеңестік ғарышкерлермен болған кездесулер калды. "Көгілдір отқа" хабарлары Ленинградтан (С.Петербург), Киевтен, Талиннен, Ригадан, Вильнюстен, Львовтан, Қазаннан және де басқа қалалардан да берілді. Орталық теледидар "Біздің досымыз Болгария" аттытеледидарлық викторина ұйымдастырды. Оған Мәскеудің, Киевтің, Минск, Талллин, Риганың, Вильнюс, Воронеж, Горькийдің (Нижний Новгородтың) және де басқа қалалардың телекөрермендері белсенді қатысты.
Эстрада Әрбір ойын-сауық нөмірінің ұтымды әрі шапшаң (10 – 15 минуттан) орындалуымен байланысты Эстрада өнердің шағын түрі деп те аталады. Эстрада артистері жасаған сахналық бейнелер психол. жағынан күрделі болмағанымен, олар ашық та жарқын бояуға, гротескіге толы болады. Эстрада өнерінің қайнар көзі еуроп. елдерде жонглерлер (Франция), шпильмандар (Германия), скоморохтар (Ресей), даршылар мен масқарапаздар (Азия), қулар (Қазақстан) сияқты кезбе өнерпаздардың сауығына саяды. Олардың ойын-сауығы сатиралық көріністер мен машықтандыруды, акробатика мен жонглерлік өнерді, ән мен билерді қамтыды. 16 – 17 ғ-ларда Эстрадалық өнердің мұндай түрлері халық сейілдерінде, балағандар мен жәрмеңке алаңдарында одан әрі өркендеу өрісін тапты. 18 ғ-дың басында Англияда ойын-сауықтары ән-билерден, шағын пьеса мен буффонадалық интермедиялардан тұратын мюзик-холлдар пайда болды. Лондон қаласында “Альгамбра” (1890), “Колизей” (1904) атты мюзик-холл құрылып, жұмыс істей бастады. Эстраданың осы сияқты түрлері дүние жүзінің көптеген елдерінде бой көрсетіп, кеңінен тарады. 18 ғ-дың аяғы мен 19 ғ-дың басында Францияның жәрмеңке театрлары сахнасында көбіне фольклорға негізделген сатиралық өлеңдер мен тақпақтар зор табыспен орындалды. Эстрадасы бар мейрамханалар кафе-шантандар деп аталды. Бұлардың артистері кейде өз ойын-сауықтарымен әлеум. мәселелерді қозғады. Бірақ олар көбіне көңіл көтеруден аспайтын, ой-мазмұны таяз ойын-сауық нөмірлерін орындаумен шектелді. Тыңдаушы-тамашалаушыларға әннің сөзін жеткізу, әннен гөрі сөзге, яғни мелодекломацияға еркін ауысып отыру Эстрада өнерінің ерекшелігі болып табылады. 19 ғ-дың 80-жылдары Францияда импровизац. ойын-сауықтар қоятын кабарелер ашылды. Бұлардың ойын-сауықтарына ақындар мен музыканттар, орындаушы актерлер, өмірдің көкейтесті мәселелерін қозғайтын өлеңдер мен әндер, сатиралық көріністер мен би нөмірлерін және пародия орындаушылар қатысты. Осы жылдары ойын-сауыққа қатысушы орындаушы-өнерпаздардың аты-жөнін хабарлап тұратын және көрермендермен қызғылықты әңгіме-дүкен құрып отырушы конферансье өнері де өмірге келді. Ресейде “Летучая мышь” (1908, Мәскеу қаласында) және “Кривое зеркало” (1908, Санкт-Петербург қаласында) деген атпен алғашқы кабарелер ашылды. 20 ғ-да Францияда Ш.Азнавур, И.Монтан, Э.Пиаф, М.Шевалье, М.Матье; АҚШ-та Д.Рид, П.Робсон, П.Сигер, Э.Фицджеральд; Италияда Р.Лоретти; Англияда К.Ричард; Югославияда Р.Караклаич; Чехословакияда К.Готт; Польшада А.Герман; Болгарияда Л.Иванова мен Б.Киров; ТМД елдерінде Л.О. Утесов, Л.А. Русланова, Л.Г. Зыкина, К.И. Шульженко, М.М. Магомаев, И.Д. Кобзон, А.Б. Пугачева, С.М. Ротару, т.б. Э-лық өнердің көрнекті орындаушыларының есімдері дүние жүзіне танылды. Эстрадалық өнердің кейбір элементтері қазақтың әнші-жыршылары мен сал-серілерінің (Ақан сері, Әміре Қашаубаев, Біржан Қожағұлұлы, Ғазиз Файзоллаұлы, Yкілі Ыбырай, т.б.), сондай-ақ халық қуларының (Айдарбек, Зәрубай, Күндебай, т.б.) өнерінен де бой көрсетті. 20 ғ-дың басында белең алған әр түрлі көркемөнерпаздар үйірмелерінің репертуары негізінен жеке ән орындау мен көркем сөз оқудан (өлең, мысал, тақпақ, т.б.) құралды. Әсіресе, 1920 – 30 ж. кең қанат жайған драма үйірмелерінің ойын-сауық бағдарламасынан шағын пьесалармен қатар ән-күй, күй, көркем сөз оқу да мол орын алды. 20 ғ-дың 1-жартысында Қазақстанда Эстрада өнерінің жан-жақты өркендеп өсуіне кең жол ашылды. Осы жылдары К.Байсейітова, Қ.Жандарбеков, Ж.Елебеков, М.Ержанов, Е.Өмірзақов, Р.Бағланова, Ғ.Құрманғалиев, Ж.Омарова, Е.Серкебаев, Б.Төлегенова, т.б. есімдері қалың көрермендерге кең танылды. Әсіресе, көркем сөз оқу жанрында ерекше көзге түскен І.Қуанышбаев өзінің өткір сатир. тақырыптағы әңгімелері мен өлеңдерін оқып, қазақ Эстрадасының ілгері дамуына мол үлес қосты. Қуанышбаевтың осы жанрдағы өнері Ш.Айманов, Х.Бөкеева, С.Қожамқұлов, Ф.Шәріпова, Г.Ғалиева, Ә.Жолымбетов, Б.Римова, Т.Жаманқұлов, І.Сұлтанбаев, т.б. сынды көркем сөз оқу шеберлерінің өнеріне игі әсер етті. 20 ғ-дың 60 – 80-жылдары Қазақстанда “Алатау” (Жамбыл), “Арай”, “Ариран”, “Гүлдер”, “Дос-Мұқасан”, “Отырар сазы”, “Яшлық” (Алматы), “Жайық қызы” (Атырау), “Жетісу” (Талдықорған), “Сыр сұлуы” (Қызылорда), “Ұлытау” (Қарағанды), “Эренгольд” (Павлодар), т.б. Э-лық ансамбльдері ұйымдасты. Комп-лар Б.Байқадамов, С.Бәйтереков, Ә.Бейсеуов, Б.Жұманиязов, Ш.Қалдаяқов, А.Қоразбаев, Н.Тілендиев, т.б. аталмыш ансамбльдерге арнап ән жазды. Әншілер: С.Әбусейітов, І.Байбосынов, С.Боранбаева, Ә.Дінішев, Н.Есқалиева, П.К. Кесоглу, В.Қармысова, З.Қойшыбаева, М.Мұсабаев, Р.Мұсабаев, Н.Нүсіпжанов, Г.Рәзиева, Р.Рымбаева, А.Сембин, С.Тыныштығұлова, Е.Хасанғалиев, М.Ерәлиева, М.Жүнісова, М.Қазтұрғанова, А.Мейірбеков, С.Нұрмағамбетова, М.Ілиясова; реж. С.Елеусізов, көркем сөз оқушылар Т.Бұйрабаев, И.Я. Дальский, М.Н. Ли, виолончельші Ж.Баспаев, скрипкашы А.Мұсаходжаева, гобойшы Т.Тікішев, т.б. қазақ Эстраданың өркендеуіне елеулі үлес қосты. Ал пианиношы-педагог Г.Кәдірбекова концерттік-орындаушылық өнерімен тыңдаушы-көрермендер ілтипатына бөленді. 1991 – 2000 ж. ұлттық Эстрада өнері бір топ комп-лар (К.Дүйсекеев, Ж.Еңсепов, М.Омаров, т.б.), әншілер (Г.Қаспақова, Г.Оразымбетова, Б.Сәмединова, Г.Сиқымбаева, Р.Стамғазиев, Б.Тайлақбаев, М.Түсіпова, Б.Тілеухан, Б.Шадаева, Ж.Ысқақова, т.б.) мен күйші-домбырашылар (Ә.Есқалиев, І.Ахмедияров, А.Еңсепов, А.Үлкенбаева, т.б.) есімдерімен толықты; олар шығарм. және орындаушылық шеберлігімен көпшілік-көрермендердің ықыласын аударды. Эстрада бойынша түрлі ұйымдастыру жұмыстары Қазақконцерт және облысы филармониялар арқылы жүргізіледі. 1965 ж. Алматы қаласында эстрада және цирк өнері студиясы (қазіргі колледж) ашылды.