Top 10 similar words or synonyms for шәкеев

нұрмағанбетова    0.930061

ескендіров    0.915477

мәзқожаев    0.915445

манарбек    0.914547

шәрденов    0.912316

стамғазиев    0.910078

төлегенұлы    0.910032

тұрсынұлы    0.909435

дударев    0.908418

беспаев    0.906238

Top 30 analogous words or synonyms for шәкеев

Article Example
Көкен Шәкеев Шәкеев Көкен (1924, Целиноград ауданы Сарыадыр ауылы – 2000, Красный Яр ауылы) – Қазақстанның халық ақыны (1987), Қазақстанның ақын және жыршылар қоғамының президенті (1990), көптеген республикалық айтыстардың жүлдегері. 2-дүниежүзлік соғыстың ардагері. 13 жасынан лирикалық және поэтикалық шығармашылықпен айналысып, айтыстарға қатысқан. Жергілікті Көкшетау ақындарының мектебін басқарды. Медальдармен марапатталған. «Қабанбай батыр» және «Бөгембай батыр» эпосын айтып, таратушы, насихаттаушы, сақтаушы.
Нұрғазы Шәкеев Шәкеев Нұрғазы (10.7.1929 ж. т., Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Кіндікті ауылы) — баспагер журналист, Қазақ КСР-інің еңб. сің. мәдениет қайраткері. 1957 жылдан Журналистер одағының және 1978 жылдан Жазушылар одағының мүшесі. ҚазПИ-ді (қазіргі ҚазҰПУ) бітірген (1951). Институтта оқи жүріп респ. “Социалистік Қазақстан” (“Егемен Қазақстан”) газетінің түзетушісі (1949) болып жұмыс істеді. 1951 — 1969 жылдары сол газетте редакцияның әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы, Бас редактор, 1969 — 1972 жылдары “Мектеп” баспасында қызмет атқарып, 1972 — 1974 және 1979 — 1985 жылдары ҚР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі Мемл. к-тінің, 1974 — 1979 “Ара — Шмель” журналының Бас редакторы, ал 1985 — 1987 жылдары “Қазақ Совет энциклопедиясының” жауапты хатшысы және Бас редакторының орынбасары болды. 1987 — 1991 жылы “Кітап жаршысы — Друг читателя” басылымдарының Бас редакторы. 1993 — 1996 жылдары “Алаш-мирас” журналының жауапты хатшысы қызметтерін атқарды. Ол баспагер қызметіне қоса шығарм-пен де айналысып, көптеген аудармалар жасады. Орыс жазушылары Н.В. Гоголь, И.С. Тургенев, Н.С. Лесков, үнді жазушысы Кришан Чандар, түрік, армян, венгр, тәжік, молдаван жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне аударды. И.Калашниковтың “Сұм заман” атты романын тәржімалағаны үшін Халықаралық әдеби “Алаш” сыйлығын алған (2005).
Ұзақбай Тастанбекұлы Шәкеев Шәкеев Ұзақбай Тастанбекұлы (1953 жылы туған) – қызметкер. «Қаражон» ЖШС-нің директоры (1991). Тұқым өсіруші агрономнан шаруашылықтық бастығына дейінгі еңбек жолынан өткен. Кәсіпорынның материалдық-техника базасын нығайтуға, әлеуметтік жағдайына, жастармен жұмыс, спортты дамытуға, қайырымдылық көмек көрсетуге, ауылды көгалдандыру мен тазалау жұмыстарына көп көңіл бөледі. Осы жылдар ішінде құрылыс цехы, 40 трактор мен автомобильдерге арналған жылы тұрақ, бір бөлмелі 10 пәтер, монша салынып, қолдануға берілген. «Құрмет» орденімен марапатталған.
Құдайберлі Мырзабеков Құдайберлі Мырзабеков (1964 жылы туған, Зеренді ауданы Ақан ауылы) – суырыпсалма ақын. 1985 жылы алғаш рет айтысқа қатысты. Ұстазы – ҚР-ның халық ақыны Көкен Шәкеев, ол Мырзабековті ақындық өнердің қыры мен сырына үйретіп, тәрбиеледі. Мырзабеков 61 рет сайысқа түсіп, 45 ақынмен айтысқан. 2000 жылы «Айрауық» атты өлеңдер жинағы жарық көрді.
Қайта құру мен тәуелсіздік жылдарындағы мәдени құрылыс 1989 жылдан «Азия дауысы» халықаралық ән байқауы өткізіліп тұрды. Өткен ғасырдың 80-жылдарынан қайта жаңғырған айтыс өнері жанданды. Айтыскерлер арасынан Манап Көкенов, Көкен Шәкеев, Әселхан Қалыбекова, Надежда Лушникова, Аманжол Әлтаев, Оразалы Досбосынов, Айнұр Тұрсынбаева, Ринат Заитов және басқа да таланттар танылды. Айтыс мектебі қалыптасты. Фольклорлық өнер ұжымдары, Құрманғазы атындағы ұлттық аспаптық оркестр, «Отырар сазы» оркестрі, «Салтанат» би ансамблі өнер көрсетті.
Әбікен Сарыбаев Әбікен ақын семейлік Қалихан Алтынбаев, көкшелік Көкен Шәкеев, алматылық Әлімқұл Жамбылов секілді көптеген ақындармен айтысып, Талдықорған облысының мерейін үстем еткен. Соңғы мәрте 1987 жылы айтысты. Осыдан бір жыл өткенде, 1988 жылы 11 қарашада қайтыс болды. Әулетіне 1954 жылдан беріде құт мекен болған Балғалысындағы (Кербұлақ ауданы) зиратқа жерленген.
Қонысбай Әбіл Алғашқы өлеңдері мектеп қабырғасында жүргенде республикалық газет-журналдарда жарияланған. Қазақстанның халық ақындары Көкей Шәкеев, Әселхан Қалыбекова, т.б. суырып-салма саңлақтармен сөз сайыстарына түскен. 1990 жылы Ташкент қаласында Балқы Базардың 150 жылдығы құрметіне өткізілген Орта Азия және Қазақстан ақындарының айтысында бас бәйгеге ие болып, осы жылғы республикалық ІІІ ақындар айтысында жеңімпаз атанды. Сондай-ақ С.Торайғыровтың, Б.Майлиннің 100 жылдығы құрметіне өткізілген республикалық айтыстарда, телевизиялық айтыстар да сан мәрте топ жарды.
Семей мемлекеттік университетінің қазақ тілі кафедрасы Семей мемлекеттік университетінің қазақ тілі кафедрасы 1939 жылы Семей педагогика институтының негізгі құрылымдық буыны дәрежесінде ұйымдастырылған. Кафедра меңгерушісі болып Абай атындағы ҚазПИ (қазіргі Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті) түлегі Рахым Барлыбаев сайланған. 1978 жылы қазірге дейін бұл кафедраны Қинаят Шаяхметұлы басқарып келеді. Кафедраның құрамында төмендегідей ғалымдар қызмет істеді. Р. Барлыбаев, Т. Ерғалиев, Ж. Шәкеев, Қ. Шаяхметұлы. Қазақ тілі кафедрасының ғылыми лингвистикалық зерттеулері институттың ғылыми жазбаларында (1957, 1959), ғылыми конференциялар материалдарының жинақтарында (1968, 1987, 1988, 1994) жарияланған.
Баянғали Тоқанұлы Әлімжанов Баянғали Әлімжановтың бастамасымен 2006 жылы Астана-Көкшетауда Паң Нұрмағамбет киностудиясы ашылды. Оның идеясын қалтқысыз, құлшына қолдаған белгілі кәсіпкер, қоғам қайраткері Марат Нәбиев киностудияның құрылтайшысы және бас демеушісі болды. Содан бері Паң Нұрмағамбет киностудиясында «Ән мен анаша»\2006-2007 ж.\, «Аран» \2010 ж.\», Айхан» \2011 ж.\ , «Асау толқын» \2012 ж.\ атты толық метражды төрт көркем фильм, «Ұлы даланың қырандары» сериясымен алты деректі фильм түсіріліп шығарылды. \Т.Кәкішев, А.Нұрқатов, И.Сауэр, Т.Елубаев, Көкше өнерпаздары туралы.\ Бұл фильмдердің барлығының да сценарий авторы және қоюшы режиссері — Паң Нұрмағамбет киностудиясының көркемдік жетекшісі Баянғали Әлімжанов. Киносценарийлерді қазақ және орыс тілдерінде жазады және субтитрлерді орыс тіліне өзі аударады. Б.Әлімжанов «Аран», "Айхан", "Асау толқын" фильмдерінде басты рольдерде ойнаған. Сонымен қатар ол «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген «Жыраулар» \1983 ж. Реж. Ораз Әбішев\, «Палуан» \1984 ж. Реж. Георгий Емельянов.\, «Асылдың сынығы» \198 5жыл, ақын, майдангер Көкен Шәкеев туралы. Реж. Данияр Айманов.\ деректі фильмдердің сценариін жазған. Б.Әлімжановтың шығармалары орыс және қырғыз тілдеріне аударылған.