Top 10 similar words or synonyms for штурмдық

расчетінің    0.889224

гвардиялык    0.884211

кавалерия    0.866136

танкілік    0.865956

эскадрилья    0.861967

минометшілер    0.860661

автоматшылар    0.858467

истребитель    0.851811

рокоссовский    0.847842

гаубица    0.845226

Top 30 analogous words or synonyms for штурмдық

Article Example
Петр Иосифович Теряев Сталинград штурмдық авиаңиялык дивизиясының 76-гвардиялық Мелитополь штурмдық
Ұзын пышақтар түні «Ұзын пышақтар түні» (; Рём бүлігі — ) — 1934 жылы 30 маусымда Адольф Гитлер өткізген қарсы шығушы штурмдық отрядтарын (СА) жою операциясы. СА-ның күшті болып кетуінен сақтанып, Гитлер өзінің СС-іне ұйымның көшбасшыларын Э. Реммен қоса жоюға бұйрық берген.
Александр Иванович Гридинский Александр Иванович Гридинский (14.9.1921, Ресей, Рязань қаласы. - 7.6.1944, Молдова, Резина ауданы, Распопены селосы.) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, әскери ұшкыш, аға лейтенант. Алматы қаласындағы №15 орта мектепте оқып жүріп, қаладағы аэроклубта сабақ алған. Орынбор қаласындағы әскери авиациялық училищені бітірді. Ұлы Отан соғысына 1942 жылдан Калинин, Воронеж, бірінші және екінші Украина майдандарында қатысып, 292-штурмдық әуе дивизиясы, 800-штурмдық әуе полкінде және 9-гвардиялық әуе дивизиясы, 144-гвардиялық штурмдық әуе полкі құрамында, эскадрильяның звено командирі қызметінде болды. Гридинский 152 әскери әуе сапарына шығып, жаудың 20 ұшағын, 35 танкісін жойды. Жаудың 4 ұшағымен болған тең емес ұрыста ерлікпен қаза тапты. Гридинскийге КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (6.5.1965). Гагарин, Рязань қалаларындағы көшелерге есімі берілген. Екі рет Лениннің Қызыл Ту, І-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған.
Сергей Ильич Морозов Сергей Ильич Морозов(1919, Ресей, Орынбор облысы,Бузулук қаласы - 23.10.1943, Украина, Запорожье облысы,Мелитополь қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, ұшқыш, кіші лейтенант,орыс.1930 жылы Алматыға қоныс аударған. Әскерге алынғанға дейін облыстық қаржы бөлімінде нұсқаушы қызметін атқарған. Кеңес әскері қатарына 1939 жылы шақырылған. Тамбов ұшқыштар мектебін бітіргеннен (1942) кейін 4-Украина майданы 8-әуе армиясы 206-штурмдық авиация дивизиясы 807-штурмдық авиация полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. 70 жауынгерлік ұшу сапарына шыққан Морозов жаудың 15 танкісін, 27 автокөлігін, 38 колю мен жанармайға толы 2 цистернасын, 200-ге жуық әскері мен офицерін жойды. 1943 жылы 23 қазанда Васильевка селосынан Мелитопольге таяу орналасқан Бурчук селосына дейінгі темір жолы бойындағы терең сайға шоғырланған жау танкілері мен автокөліктерін жоюға бұйрық алды. Тапсырманы орындауда ұшағына оқ тиген. Жалынға оранған ұшагын Морозов жау танкілерінің шоғырына бағыттап, ерлікпен қаза тапты. Морозовқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (1.11.1943). Ленин, Қызыл Ту, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Иван Устинович Гринько Иван Устинович Гринько (6.10.1922, Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Кузнецовское селосы. - 14.9.1989, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы) – 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, ұшқыш, полк командирі, молдован. Орынбор әскери әуе училищесін (1942) бітірген. 1942 жылдың қыркүйегінде майданға аттанды. 1942 жылдың қарашасынан 2 – Прибалтика майданының 15 – әуе армиясы, 214-штурмдық авиация дивизиясы, 190-штурмдық авиаполктің құрамында болған, Ұлы Отан соғысына қатысты. 1949 жылдың тамызына қарай капитан Гринько 129 рет әуе сапарына шығып, жаудың әскери техникасы мен әскерін жойған. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Гринькоға 1944 жылдың 26 қазанында Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 1946 жылы запасқа шықты. Кеңес әскері қатарына 1952 жылы қайта шақырылған. 1960 жылы запасқа шығып, Орал қаласында тұрды. Ленин, 3 Қызыл Ту, 3-дәрежелі Кутузов, Александр Невский, 2 рет l-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Иван Тихонович Гулькин Иван Тихонович Гулькин (23.6.1923, Шығыс Қазақстан облысы Алексеевка селосы - 13.1945, Германия) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, ұшқыш, эскадрилья командирі, гвардия капитаны. Морав ауылы Барнаулдағы (Ресей, Алтай өлкесі) орта мектепте, сонымен қатар қаладағы аэроклубта оқыған. Кеңес әскері қатарына 1941 жылы 4 қаңтарда Барнаул қаласы эскери комиссариатынан шақырылған. 1942 жылы Майкоп (Ресей, Краснодар өлкесі) Әскери-әуе училищесін бітірді. 1942 жылдың мамырынан Дала майданының 5-әуе күштері армиясы 1-штурмдық авиация корпусы 292-штурмдық авиация дивизиясы 667-штурмдық авиация полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысты. 1943 жылдың қыркүйегіне карай Гулькин 93 жауынгерлік тапсырмамен әуеге көтеріліп, жау техникасымен әскерін жойды әрі әуеде өз тобымен 3 жау ұшағын атып түсірді. КСРО Жоғарғы Кеңес Төралқасының Жарлығымен Гулькинге жауынгерлік тапсырмаларды үздік орындағаны үшін Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп (4.2.1944), Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі тапсырылды. 1945 жылы 4 наурызда Германия жерінде кезекті тапсырмадан оралмаған. Барнаул қаласындағы көшеге батырдың есімі беріліп, сондағы №25 орта мектеп пен өзі тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды.Ленин, Қызыл Ту, Александр Невский, 1-дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Евдоким Константинович Мазков Евдоким Константинович Мазков(20.6.1922, Ақтөбе облысы,Мартөк ауданы,Мартөк ауылы - 11.7.1977, Қырғыз Республикасы, Жәлелабад қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, ұшқыш, звено командирі, ага лейтенант. Фрунзе (қазіргі Бішкек қаласы) қаласындағы аэроклубты, Орынбор әскери ұшқыштар мектебін (1942) бітірген. 3- Украина майданы 17-әуе армиясы 9-аралас авиация корпусы 305-штурмдық авиация дивизиясы 237-штурмдық әуе полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1944 жылдың наурызына карай 85 әуе ұрысына қатысып, жаудың соғыс жүгі тиелген 89 автокөлігін, 7 танкісін, 26 зеңбірегін, т.б. соғыс техникасын, бірнеше әскерін жойған. Осы шайқастардагы көрсеткен батылдығы мен жауынгерлік ерлігі үшін Мазковқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының батыры атағы берілді (1.7.1944) 1947 жылы капитан шенінде запасқа шықты. Жәлелабад қаласында тұрып, сонда еңбек етті. Лeнин, 2 Қызыл Ту, 1-дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Николай Данилович Маркелов Николай Данилович Маркелов(20.6.1920, Ресей, Барнаул қаласы - 16.11.1945, Украина, Ровно облысы,Червоноармейск қаласы) — 2-дуниежүзілік соғысқа қатысушы, ұшқыш, аға лейтенант,орыс. 1929 жылы Алматы қаласына қоныс аударған. 1938 жылы Қазақ тау-кен институтын (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. Сонымен қатар аэроклубта дәріс алған. 1941 жылдың маусымында геологиялық барлау факультетінің 3-курсында оқып жүргенде майданға аттанды. 1942 жылы Орынбор әскери-әуе училищесін бітіріп, сол жылдан 3-Прибалтика майданына қарасты 14-әуе армияның 7-штурмдық авиация корпусы 206-штурмдық авиация дивизиясы 806-штурмдық авиация полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. Звено командирі Маркелов өзінің «Ил-2» ұшағымен 105 жауынгерлік ұшу сапарына шығып, жаудың 4 ұшағын, 600-ге жуық әскері мен офицерін, 25 танкісін, 20 батареясын, 8 жанармай және оқ-дәрі қоймасын жойған. 1944 жылдың күзінде Мариуполь қаласы маңындағы (Украина) әуе ұрысында басынан жараланған Маркелов ұшағын жаудың ipi жанармай қоймасына бағыттап, мина жарып жіберген. Маркеловке КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (23.2.1945). Барнаул қаласындағы Даңқ мемориалына есімі жазылған. Ленин, 2-дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Вячеслав Александрович Медноногов Вячеслав Александрович Медноногов(7.1.1924, Ресей, Татарстан, Бугульма ауданы,Зай станциясы - 5.2.1997, Санкт-Пе- тербург қаласы) - 2-дүниежүзіліксо- гысқа қатысушы, ушқыш, подполковник,орыс. 1939 жылы Алматы темір жолы техникумының 2 курсын тәмамдағаннан кейін 1941 жылдың қыркүйегінде Кеңес әскері қатарына шақырылған. 1944 жылға дейін Кировабад әскери-авиация ұшқыштар мектебінде оқып, Тамбов әскери-авиация ұшқыштар мектебін бітірген (1944). Кіші лейтенант Медноногов Ұлы Отан соғысы жылдары 2-Беларусь майданына қарасты 4-әуе армиясы 4-штурмдық авиациялық корпустың 199-штурмдық авиация дивизиясы 783-штурмдық авиация полкі құрамында Беларусь, Польшаны азат етуге және Германия жеріндегі ұрыстарға қатысқан. «Ил-2» ұшағымен 93 ұшу сапарына шыққан Медноногов жаудың 5 танкісін, 1 бронетранспортеры, 48 автокөлігін, 22 темір жолы вагонын, 1 өткелді, 5 батареяны, 7 дзотты, 4 жанармай және оқ-дәрі қоймасын қиратып, жаудың 250-ге жуық әскері мен офицерін жойған. Медноноговқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (18.8.1945). Соғыстан кейін Н.Е.Жуковский атындағы Әскери-әуе инженерлік академиясын (1954) бітірді. 1954-58 жылдары Дондағы Ростов қаласындағы №168 авиа зауытында ұшқыш-сынақшы қызметін атқарды. Онда «Ил- 10М» ұшағын, «Ми-1» тікұшағын сынақтан өткізді. 1958- 61 жылы №64 Воронеж авиа зауытының ұшқыш-сынақшысы қызметінде жолаушылардың «Ан-10» және «Ан-12» әскери- көлік ұшақтарын сынауға қатысты. 1961 жылы запасқа шыққан. Бугульма қаласында Медноноговқа бюст орнатылған. Ленин, Қызыл Ту, 2 рет 1-дәрежелі Отан соғысы, 2 рет «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Николай Николаевич Самароков Кеңес әскері қатарына 1940 жылы шақырылып, 1942 жылы Орынбор қаласындағы әскери-авиациялық училищені бітірген. 1942 жылдың тамызынан 1-Беларусь майданы 16-әуе армиясы 1-аралас авиация корпусы 3-гвардиялық штурмдық авиация дивизиясы 70-гвардиялық эуе полкі кұрамында Ұлы Отан согысына қатысқан. 1943 жылы5 тамызда шабуылдаушылар звеносы Старая Русса - Заболотно ауданындағы жаудың артиллериялық бекінісін жоюға тапсырма алды. Осы шабуылда жаудың 3 артиллерия батареясы, 5 зенит пулеметі және 1 зенит зеңбірегі жойылды. 2 жылда 100-ден астам әскери тапсырмамен әуеге көтерілген Самароков өзінің «Ил-2» ұшағымен 200-ден астам жау әскері мен офицерін, 45 вагон, 5 батарея, 4 зенит зеңбірегін, т.б.әскери техникасы мен адам күшін жойган. 1949 жылы запасқа шығып, Орынбор қаласында тұрған.