Top 10 similar words or synonyms for шабуылына

шабуылын    0.833509

әскерлеріне    0.782776

тойтарып    0.776563

әскеріне    0.765670

жасағына    0.748485

шабуылда    0.747663

тойтарыс    0.740134

талқандауға    0.736904

жазалаушы    0.735995

соғысуға    0.734289

Top 30 analogous words or synonyms for шабуылына

Article Example
Әуе шабуылына қарсы бүркеніш Әуе шабуылына қарсы бүркеніш () — бүркеніш әрекетінін құрамдас бөлігі. Ол қарсыластардың әуеден жасайтын барлауынан барлык техниканың, авиацияның, флот күші мен басқа да объектілердің шын мәніндегі орналасқан жерін жасыруға байланысты жүргізілетін шаралар жиынтығынан тұрады. Әуе шабуылына қарсы бүркеніш әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерінің құрамдас бөлігі болып саналады.
Әуе шабуылына қарсы қорғаныс Әуе шабуылына қарсы қорғаныс () — зениттік ракеталар, жойғыш авиация, радиотехникалық аспаптар және т.б. құралдар арқылы жасалған қорғаныс. Олар қарсыластың авиациясы мен қанатты және стратегиялық ракеталарының соққысына тойтарыс береді, қарсыластың ұшақтары мен ракеталарын жояды. Қорғаныстың нәтижелі болуы осы күштер мен құрал-жабдықтарды әдісін біліп, пайдалануға байланысты. Әуе шабуылынан қорғауға жататын объектілер: негізгі саяси-әкімшілік орталықтар, аса манызды шаруашылык объектілері мен аудандар, қатынас жолдары, ракеталарды ұшыру позициялары, алысқа ұшатын және көліктік авиация аэродромдары, флот базалары, әскерлерді ұйымдастыру және дайындау аудаңдары және т.б.
Әуе Шабуылына Қарсы Қорғаныс Әскері Қазіргі заманғы шабуылдаушы әскери-әуе құралдарының барлығы да жойқын қиратқыш күштерге ие, дыбыстан да тез жылдамдықпен алыс қашықтыққа ұша береді. Сондықтан Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскері жаудың ұшқыш аппараттарын табу, тану және жою, сондай-ақ, әуе шабуылы туралы әскерді, флот күштерін, азаматтық қорғаныс органдарын, тұрғындарды, тылдағы объектілерді алдын ала хабарландыру шараларын ұйымдастырады. Олар: әуе қорғанысы авиациясынан, зениттік-ракеталық, радио-тех. арнайы бөлімдерден тұрады. Еліміздің әуе қорғанысы авиациясы МиГ-29, МиГ-31, Су-25, Су-27 сияқты ең жаңа ұшақтармен жарақталған, зениттік-ракеталық бөлімдер түрлі биіктікті қамтитын С-75, С-70, С-300 ракеталық қондырғылармен қаруланған, ал радиолы-техникалық басқару орталықтары түгелдей автоматтандырылған. Кадрлар дайындау Қазақстан мен Ресей Федерация арасындағы шартқа сәйкес Ресейдің Әскери авиац. тех. университетінде, Әскери Әуе академиясында, Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскері университетінде, сондай-ақ, Қазақстандағы Ақтөбе жоғары әскери авиация училищесі мен басқа да оқу орындарында жүзеге асырылады. Бұған қоса Қазақстан ТМД елдері бойынша әуе шабуылына қарсы қорғаныстың бірлескен жүйесін құру жөніндегі келісімге қатысушы елдердің бірі болып табылады.
Әуе шабуылына қарсы қорғаныс дивизиясы Әуе шабуылына қарсы қорғаныс дивизиясы — ұрыс қимылдарының белгілі бір ауданындағы міндеттерді орындауға арналған мемлекеттің әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерінің негізгі тактикалык құрамы. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс дивизиясы құрамына бөлімдер, ал кейбір жағдайларда әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің әр түрлі құрамалары да енеді.
Әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері әуе шабуылынан қорғауда жауапты әскери міндеттерді дереу орындауға қабілетті болу керек. Әуе шабуылына қарсы корғаныс әскерлері қолайсыз ауа райы жағдайында қатты радиоэлектрондық кедергілерді, алыстағы және жакындағы, әр түрлі биіктіктегі нысаналарды жоятын, әуе шабуылы туралы ескертетін қазіргі заманғы құралдар мен зениттік-ракеталық, авиациялық және қорғаныс әскерлерден, зениттік-ракеталық әскерлерден, әуе қорғанысы авиациясынан, радиотехникалық және арнайы әскерлерден тұрады. Зениттік-ракеталық әскерлер әр түрлі мақсаттағы ракеталык кешендермен қаруланған. Зениттік ракеталар нысананы кез келген қашықтыкта, биіктік пен ұшу жылдамдығына, жылдың тәулігі мен мезгіліне, ауа райының жағдайына және радио кедергілерге қарамастан жоя алады. Әуе корғанысы авиациясы барлық ауа райында қалыпты ұшатын жойғыштармен, іздеудің жаңа навигациялық аппаратураларымен және үлкен қашықтықтан қабылдайтын радиолокациялық құралдармен, дыбыстан ұшқыр және жетілдірілген кару-жарақпен жарақталған.