Top 10 similar words or synonyms for фокальдық

проекциясында    0.853799

қиылысуынан    0.845622

конуса    0.832590

квадраттарының    0.831625

карталы    0.829028

беттесетін    0.828920

индуктивтігі    0.828759

компоненты    0.828669

шектегіші    0.827446

қиғанда    0.826569

Top 30 analogous words or synonyms for фокальдық

Article Example
Көру түтігі Көру түтігі – алыстағы денелерді бақылауға арналған оптикалық құрылғы (дүрбі, телескоп, перископ, т.б.). К. т. 16 ғ-дың аяғы мен 17 ғ-дың басынан бастап белгілі бола бастады. 1609 ж. италиялық ғалым Г.Галилей 20 есе ұлғайтатын телескопты жасап, оны алғаш рет астрон. зерттеулерге қолданды. Жетілдірілген К. т-н неміс астрономы И.Кеплер ұсынды (1610 – 11). Ең қарапайым К. т. L1 объектив пен L2 окулярдан (а-сурет) тұрады. Жинағыш жүйе – L1 объективі өзінің EF фокальдық жазықтығында орналасқан нәрсенің шын, кішірейтілген кері кескінін береді. Е нүктесінен шашырап шыққан сәуле шоқтары алдыңғы фокальдық жазықтығы EF жазықтығымен біріккен L2 окулярға түседі; сондықтан да К. т-нен шыққан сәуле шоқтары L2 окулярдың жанама оптикалық осьтеріне параллель тарайды. Көп қолданылатын Кеплердің К. т-ндегі окулярда жинағыш жүйе болғандықтан, оның беретін кескіні кері болады. Мұндай кері кескін беретін К. т-тері астрономияда, геодезияда (теодолит, нивелир, т.б.) қолданылады. Тура кескін алу үшін Кеплердің К. т-нің объективі мен окулярының арасына кескінді бұрушы жүйелер (призмалы немесе линзалы) орналастырылады. Мұндай жүйелер К. т-терінің көру өрісін 90 – 100-қа дейін үлкейтуге мүмкіндік береді. Галилейдің К. т. (ә-сурет) тура кескін береді. Оның окуляр қызметін объектив беретін шын кескін орналасқан жазықтық алдына қойылған L2 – шашыратқыш линза атқарады. Мұндай К. т-нің көру бұрышы аз, сондықтан ол сирек қолданылады (мыс., театр бинокльдерінде). Жер бетіндегі нысандарды бақылауға арналған К. т-нің оптик. бұрыштық үлкейтуі ондаған есеге дейін, ал аспан әлемін зерттейтін телескоптарда – 500 есе және одан да жоғары. Үлкейту шамасының шегі дифракциялық құбылыстар мен атмосфераның турбуленттігіне байланысты анықталады.
Саңылаулы проектор Саңылаулы проектор - проекциялаушы сәулелер жарық сезгіш материалға тар саңылау арқылы өтетін проектор. Саңылау камера объективінің фокальдық жазыктығында, жарық сезгіш материалдың алдында орналасқан. Саңылаудың ұзындығы 2,5—5,0 мм, ені 0,5— 1,0 мм. Аэрофотосуретті проекциялау үшін оған координаталық осьтердің бірін бойлай өз жазықтығында ілгерілемелі жүріс береді, сонда проектордың кассетасында орналасқан жарықсезгіш материалға саңылаудың мөлшеріне сәйкес әр сәт сайын элементар аудан проекцияланады. Ал аэрофотосурет үзіліссіз қозғалыста болғандықтан, қозғалыс бағытында ені саңылаудың ұзындығына сәйкес келетін бір маршрут проекцияланады. Егер сканирлеу, мысалы, х осіне параллель маршрутпен жүргізілсе, онда осы жолдың бүкіл ұзындығы бойынша проекцияланғаннан кейін, аэрофотосурет саңылау ұзындығына сай у осінің көлемі бойынша жылжиды және кері бағытта қозғалады, бұл уақытта шектес маршрут проекцияланады. Осылай аэрофотосурет толық проекцияланғанша жалғасады. Мұндай проекциялауды, әдетте, дифференциалды өзгерту деп атайды. Саңылаулы проектор дербес қолданылмайды, оны фотограмметриялық аспаптардың кешенінде немесе құрамдас белік (саңылаулы фототрансформатор) ретінде пайдаланады немесе қажет кезінде қосалқы кұрылғы (стереограф) ретінде қолданады.