Top 10 similar words or synonyms for төскейде

биелер    0.701827

қозысын    0.690729

котлеті    0.685682

ешкіні    0.682328

биелерді    0.681185

қозылы    0.675797

үгіндісі    0.670292

азбан    0.669696

ешкінің    0.665158

ноқтаға    0.665066

Top 30 analogous words or synonyms for төскейде

Article Example
Ескелді би Жылгелдіұлы Қосылған төскейде мал, төсекте бас.
Шетелдерде қазақ диаспорасының қалыптасуы Қазақтар Ресей империясымен шекаралас аймақтарда сонау ерте замандардан бері, Ресей отаршылдығы басталудан көп бұрын көшіп-қонып жүрген болатын. Кіші жүз қазақтары Еділ мен Жайық өзендерінің аралығын сонау XV—XVII ғасырларда-ақ емін-еркін жайлап, көшіп-қонып жүрді. XVIII ғасырда қазақтардың едәуір бөлігінің Оңтүстік Оралда башқұрттармен аралас көшіп-қонып жүргені де белгілі. Башқұрттар мен қазақтар көп жағдайда ауылы аралас, қойы қоралас бірге көшіпқонып, жайылымды бірге пайдаланып келді. Қазақтар мен башқұрттардың төскейде малы, төсекте басы қосылып, құда-жекжат болып туысып кеткен тұстары да аз емес. Олар жиын-тойлар мен үлкен астарда ат жарысын, балуан күресін ұйымдастырып, талай қызықты күндерді бірге өткізген болатын.
Қабылиса (Қабан) «Ел көңілін кім ашар?», «Жігіт көңілін кім ашар?», «Ұл көңілін кім ашар?», «Аурудың көңілін кім ашар?», «Аттың көңілін кім ашар?», «Кім жақын?», «Білгендерден ғибрат ал» сияқты өлеңдерінде өмірдің сан қырлы сырларын, тіршіліктегі қилы-қилы құбылыстардың астар-мәнін ашып көрсетеді. «Бақыт, қайдан келесің?», «Бақыт, қайда барасың?» жеген жырларында сұрақ-жауап арқылы сан-салалы тұрмыстың татымды-татымсыз жақтарына ойлана қарап, терең толғанады. Қабан ел-жұртты татулыққа, бауырмалдыққа шақырудан жалықпаған. Жақан Исаұлы деген кісі мынадай бір оқиғаны айтқан: «Сол заманда Іле өзенінің оңтүстік батыс беткейінде қазақ-қырғыз арасында жанжал туып, қырғыз жағының бір батыры мерт болады. Мұның аяғы насырға шабатын болған соң, қазақ жағы Шу бойында жатқан Қабанға адам жібереді. Лезде жеткен Қабекең қанды дауды шешу үшін екі күн, екі түн жырлап, қазақ пен қырғыз ежелден дос-бауыр екенін «төсекте басы, төскейде малы қосылған» туыстығын дәлелдеп, татулыққа шақырған көрінеді».
Қазақтың төрт тойы Жаз тойы - мамырдың онынан бастап ай соңына дейін созылатын үлкен той. "Өлі разы болмай, тірі байымайды" демекші, ата-бабаларымыз санаттағы тірілердің аман-саулығын тілеп, қыстаудағы бейіт басында аруақтарға бағыштап, құран оқып, ақсарбас айтып, ақбозды құрбандыққа шалатын.Қос аттың ортасынан мал-жанын, көш-қонын аластап, қыстаудан көшкен ел мен жазықта бие-бау тартып, қымыз жинап, мал-жанның саулығы үшін кеудесі түкті Жер-Ананың, асқар таудың, аққан судың, соққан желдің, ұшқан құстың, жүгірген аңның, көкорай шалғынның, төрт түлік малдың киелеріне арнап мінажат етіп, жарқын Күнге иіліп сәлем беріп, көк шалғынғы қымыз тамызып, құтаю рәмізін орындайтын.Ала қыстай бытырап шаруа соңында жүрген жұрт жазық далада киіз үйлерден таңғажайып орда тігетін. Бір-бірін сағынып табысқан халайықтың төскейде малы, төсекте басы қосылатын мекені "Қанжайлау" деп аталады. Қанжайлауда бас қосқан халық қыз айттырып, құда түсісіп, сүндет той, бесікке салу тойын жасап, қысқасы, қыс бойына істелінбеген ырым-сырым той-томалақтарын жинап-теріп бір-ақ өткізетін. Бозбалалар мен бойжеткендер алтыбақан құрып, ақсүйек (ойын) ойналып, қызойнаққа барып, жорға жарыстырып, жұмбақ айтысып, жаңылтпаш айтып, мәз-мейрам болатын. Қанжайлаудағы той қызығы небары 15-20 күнге созылады.
Бұзау Толысбайұлы Бұл жағдайды естіген Бұзау болыс аылдың ақсақалдарын жинайды. Сабыр, сабыр, -деді Бұза оң қолын көтеріп, текке шласпалық. Мен білетін Керімбай болса біздің керенге тектен –тек тимеген шығар. «Бүгінгі ашуыңды ертеңге қалдыр»-деген. «Суайттың бәрі сырғақ, сырғақтың сөзі бір қап». Сендер щыңдарынды, болған жайды дәлме-дәл баяндандар!-дейді. Келген екі жігіт болған жайды толық баяндайды. Жағдайдың ақ-қарасына әбден қаныққан Бұзау болыс: -«Жақсы сөз тасты жібітер, жаман сөз басты шірітер», леп үнсіз қалады. Оның бұл үнсіздігін ешкім бұза алмады. Болыс сол ойланған қалпы көп отырды. Ақыры бір шешімге келген секілді. Үстіндегі жамылып отырған жібек шапанын серпіп тастады да: - Уа, жұртым, - деп дауысын кенеп алды да сөйлеп кетті. –Адам пенде. Ағаштың көркі жеміс болса, адамның көркі –жақсы іс. Инабатты болса-әйел, өнегелі болса-бала көрікті. Өзіңнің бағаңды біл. Ешкімді басыңба, басындырма. Шалқайғанға шалқай, ол құдайдың ұлы емес, еңкейгенге еңкей, ол –әкеңнің құлы емес. Аяқтың астында жатсаң басың аман қалады. Бірақ жаның арыңның садақасы емес пе! Ойлан! Қиын істе сыналған ерді тыңда. Ашу қысса-аузыңды жап. Біз де ашуды ақылға жеңдірейік. Бұл істі Керекеңнің білмеі де мүмкін. Намыстың отына жанған жігіттерінің ісі болса керек. Бірақ, болр іс болды, бояуы сіңді. Енді оның арты үлкен дауға айналып кетпеуін ойлайық. Ежелден іргелес қонған ағайын елдің, басымыз төсекте, малымыз төскейде қосылып жатқан жоқ па?! «Ел ағасыз, тон жағасыз болмайды» деген. Осында барлық игі жақсылар мен ақсақалдар жиналып отырсыздар. Біз тез арада Керімбай болыстың ауылына аттанамыз. Оспадар жігіттеріміздің айтқан сөздері үшін кешірім сұраймыз, ат-шапан айыбымызды ала барамыз. Байлам осы-деп шешім айтады. Көп ұзамай Бұзау болыс Керімбай болыстың ауылына барып, жігіттерінің істеген қылықтарына кешірім сұрап, ат-шапан айыбын беріп, достасып, керуенді түгел қайтарып алады. Осы жолы Керімбай болыстың ақылы мен әділдігіне, меймандостығына, адамгершілігіне риза болған Бұзау болыс оның біздің елге келіп қонақ болып кетуін өтінеді.