Top 10 similar words or synonyms for төлегенұлы

нигматулина    0.932971

шаяхметова    0.930269

мырзахметова    0.930229

жұбанаев    0.929774

нышанбек    0.927039

күләнда    0.926633

тұрсынбаева    0.925618

еділұлы    0.922662

жексенұлы    0.918567

пішенбаева    0.916856

Top 30 analogous words or synonyms for төлегенұлы

Article Example
Сәулет Төлегенұлы Сәулет Төлеген ұлы (1936, Құлжа ауданы) — ақын.
Жанғабыл Төлегенұлы ЖАНҒАБЫЛ Төлегенұлы (шамамен 1805 – ө. ж. б) – батыр, би, Жаппас руының Қаракөз тармағынан. 35 жасынан билікке араласқан. Қоқан, Хиуа басқыншыларына қарсы күрескен. 1840 жылы Орынбор шекара комиссиясымен қарым-қатынас орнатқан. Райым бекінісін салуға көмектескен. 1844 жылы зауряд-хорунжий атағын алған. 1846 жылы ғ46 дистанцияның бастығына тағайындалып, ел басқарған. Ағасы Алтыбай Көбековтың ауылын шапқан соң Кенесары Қасымұлына қарсы шыққан. 1844 жылы жаппастықтардан зекет жинауға келген 100 адамдық Наурызбай батыр жасағына түн ішінде тұтқиылдан шабуыл жасап, 95 адамын өлтірген. Осы қырғыннан Наурызбай қашып құтылып, жас батыр Байтабын қаза тапқан. Бұл жөнінде және Жанғабыл жайында халық ақыны Н.Ахметбековтің «Жасауыл қырғыны», О.Шипиннің «Жеті батырдың оқиғасы», Нысанбай жыраудың «Кенесары – Наурызбай» дастанында айтылған.
Ерболат Төлегенұлы Ерболат Төлегенұлы (12.7.1946 жылы туған, Қостанай облысы Жангелді ауданы Шақшақ Жәнібек ауылы) - ақын. Алматы ауыл шаруашылық институтын бітірген (1970). 1989 жылдан Шақшақ Жәнібек-Тархан атындағы фирманың бас директоры. ""Өнер мұраты"" кітабы (С.Әбдікөрімовпен бірге) жарық көрген. Республикалық газет-журналдарда топтама өлеңдері жиі-жиі жарияланып тұрады. Бірнеше сазгерлер әніне сөз жазған.
Үсе Төлегенұлы Үсе Төлегенұлы (т.-ө. ж. б.) — белгілі батыр, старшын. 1827 — 1829 жылы Қайыпқали Есімов бастаған қозғалысқа, 1836 — 1837 жылы Исатай Тайманұлы бастаған көтеріліске қатысқан. Атасы Отарбай Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа белсене қатысып, “Өт жирен атты Отарбай” деген атпен даңқы шыққан. Үсе 5 старшынмен бірге Исатай қолына алғаш рет 1835 жылы қосылып, көтеріліске бастан-аяқ қатысқан. Исатайдың патша әкімшігіліне жолдаған хаттарына Үсе де қолын қойып, мөрін басып отырған. 1837 жылы желтоқсанның басында Қарауыл қожаның қолына түсіп, Орал қаласындағы әскери соттың үкімімен “1-дәрежелі қылмыскер” атанды. 1000 дүре соғылып, Сібірге жер аударылды. Содан қайтып оралмаған. Үсенің ұлы Үбі батыр да, інісі Әуес старшын да көтеріліске белсене қатысқан.
Ержан Төлегенұлы Ержан Төлегенұлы (1887, Бозащы түбегі, Керел елді мекені – 1966, Шақпақ ата қорымы) – діни қайраткер. Адай тайпасының Жары атасынан шыққан. Әкесі – Төлеген діндар, шағын дәулетті адам болған. Ержан алғашқы сауатын Мырзайым деген жердегі Қ.Әбді ахуннан ашады. Одан кейін Тұщықұдықта Айдар ишанның мешітінде інісі Шегіреймен (Нұрмұханбет) бірге білім алады. Ауыл мектебін тәмамдағаннан кейін Ержан Тұрмағанбет ахунның медресесінде оқиды. 1926 жылы Ержан Бұхарадан медресе бітіріп келіп, Сорқұдықта балаларды оқыта бастайды. Бұхарада білім алған ұстаздарынан үйренген егіншілік кәсібін Көңдіқұдық жерінде іске асырып, шағын егіншілік салады. Бұрын Маңғыстауда болмаған бағбандық тәсілді жүзеге асырып, өскен жантақтың тамырын жарып, оған қауынның дәнін салып өсіріп өнім алған. Қазір бұл ғыл. тілде будандастыру деп аталады. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін Маңғыстау өңірінде де дін өкілдерін қудалау басталады. Ержан хазірет 1932, 1936 – 37, 1942 жылдар аралығында бірнеше рет түрмеге қамалады. Қанша қиыншылық көрсе де, өзінің ұстаған бағытынан танбайды. Оның бай кітапханасы болған, өзі араб, парсы, өзбек, түрік, шағатай тілдеріндегі кітаптарды еркін оқып, жан-жағындағы адамдарға түсіндіріп отырған. Ержан хазірет Тілепалдыға үйленіп, Мұқаш деген ұл, Несіпхан деген қыз сүйген. Ол қайтыс боларының алдында туғандарын жинап, бейіті Шақпақ ата қорымына жерленіп, оған керегетам салынуын өтінген.