Top 10 similar words or synonyms for түйістіріліп

ұңгыма    0.857363

қобдишалар    0.853065

пуансон    0.848477

автострада    0.848400

қаийм    0.847176

ілмелі    0.846481

беріктас    0.845457

разъем    0.845189

нофль    0.842793

жақтауын    0.841871

Top 30 analogous words or synonyms for түйістіріліп

Article Example
Пьезоэлемент оның бетімен түйістіріліп жасалады немесе бетіне жақын орналастырылады. Пьезоэлемент — пьезоэлектрлік түрлендіргіш немесе басқа пьезоэлектрлік
Жолым үй Ұзақ сапар немесе жорық кезінде тігіледі. Жолым үй тез тігуге қолайлы, киіз үйден жеңіл, кішірек келеді. Онда уық пен шаңырақ қана болады. Шаңыраққа уық шаншып, үстіне туырлық жабады. Ал Орынбор қазақтары тұрмысында пайдаланылған жолым үй үш қанаттан аспайды, оның керегесі сирек орнатылады, түзу уықтары шаңыраққа шаншылмай, басы түйістіріліп байланады да, үстіне туырлық жабылады.
Есік обасы Ыдыстарды орналастыруда белгілі бір тәртіп сақталған. Қыш және ағаш ыдыстар белек қойылған. Онтүстік қабырғаға жақын ағаш ыдыстар, арт жағында — екі қатарда төрт табақша, алдыңғы жағында — тегенелер мен ожау түр. Екінші қабырға жанына қыш құмыралар бір-біріне түйістіріліп, бір қатарға тізіліп қойылған, олардың алдында тегенелер орналасқан, тегенелердің арасында екі күміс тостаған мен қасық бірге қойылған. Қола аяк бөлек, каңқаның бас жағында тұр. Лақаттың шығыс кабырғасы жағындағы еден бөлігі заттардан бос. Сірә, лақаттың есігі (Бесшатыр обаларындағы сияқты) оның шығыс жағында болса керек.
Арматуралық жұмыстар Арматуралық жұмыстар — темір-бетон құрылымдарының арматураларын пішінге келтіру немесе оларды тиісті жеріне орнату жұмыстарының жиынтығы. Арматура өзекшелер диам. 10 мм-ге дейінгі болаттан нүктелеп балқытып біріктіретін машиналармен түйістіріліп, арнайы қайшылармен кесіледі. Бұл процесс құрамында негізгі технологиялық цикл агрегаттарынан басқа тасымалдауға, ұзындық өлшеуге, бекітуге т.б. арналған жабдықтары бар автоматтандырылған ағынды желілермен де орындалады. Арматура торлары мен каркастары болат шыбықтарды электрмен нүктелеп және доғалап балқыта біріктіру арқылы жасалады. Қазіргі кезде арматуралық торлар мен жалпақ каркастар автоматтандырылған көп нүктелі желілерде дайындалады. Алдын ала кернеуленген темір-бетон құралымдарына арналған арматураларды дайындау арнайы қондырғыларда жүргізіледі. Оларда арматураны керу гидравликалық домкраттар көмегімен атқарылады. Үй құрылысына арналған темір-бетон бұйымдарға салынатын арматура электртермиялық әдіспен алдын-ала керіледі. Ол үшін арматура токпен 300-4500С-ға дейін қыздырылып, созылған күйінде қалыпқа бекітіледі. Суығаннан кейін арматура тартылып бастапқы көлеміне келеді. Тұтас темір-бетон ғимарат тұрғызғанда, іргетас құйғанда т.б. жұмыстарда арматура жалпақ немесе көлемді каркастар мен жеке өзекшелерді балқытып біріктіру арқылы құрастырылады.Арматуралар крандар, кондукторлар т.б. қосалқы құралдар көмегімен тасылады және орнатылады. А. ж жақсы механикаландырылған, автоматтандырылған арнайы цехтар мен зауыттарда жүргізіледі.
Аполлон (ғарыш кемелері) "Аполлон 11" кемесімен ғарышкерлер Н.Армстронг (экипаж командирі), М.Коллинз (экипаждың "Колумбия" деп аталатын негізгі болгінің ұшқышы), Б. Олдриннің ("Орел" атты ай кабинасының ұшқышы) тұңғыш рет Айға барып қайтуы тарихи сапар болды. Олар Айға қарай 1969 ж. 16 шілдеде ұшты. Ай орбитасына шыққан соң, Н. Армстронг пен Э.Олдрин ай кабинасына ауысып, негізгі отсектен бөлінді де, тежеуіш двигательді іске қосып, Ай бетіне 15 км жақындады. Н.Армстронгтың басқаруымен ай кабинасы 20 шілде күні 23 сағат18 минутта Тыныштық теңізінің оңтүстік-батыс жағына (0,691°солтүстік ендік пен 23,26° шығыс бойлық) келіп қонды. 21 шілде күні 5 сағат 56 минутта Н.Армстронг тұнғыш ретАй бетіне аяқ басты, ал 20 минут өткеннен кейін оған Э.Олдрин келіпқосылды. Ғарышкерлер Ай бетімен жүруді меңгерді, бірқатар ғылыми приборлар орнатты, 22 кг ай жынысының үлгісін жинады, суретке түсірді, Жермен телефон арқылы сәйлесті, қайтыс болған 5 ғарышкер (Ю.А.Гагарин, В.М.Комаров, В.Гриссом, Э.Уайт, Р.Чаффи) бейнеленген медальдарды қалдырды. Ғарышкерлердің Айда болған бүкіл мезгілінде Жерге телевизиялық хабарлар беріліп тұрды. Қонған орын "Тыныштық базасы" деп аталды. Ай бетіндегі жұмысты 1 сағат 44 минут ішінде орындап, кабинаға Олдрин, ал одан 10 минут кейін Армстронг оралды. 21 шілдеде ғарышкерлер Айдан ұшып шықты. Айдың селеноцентрлік орбитасында бірқатар маневрлер жасаған соң, ай кабинасы "Колумбиямен" түйістіріліп, ғарышкерлер негізгі отсегіне өтті. Одан әрі ғарышкерлер ай кабинасын кемеден бөліп тастап, "Аполлон-11" кемесін Жерге қарай ұшу траекториясына шығарды. 24 шілдеде кеме жерге қайтып оралды.