Top 10 similar words or synonyms for танкісін

зеңбірегін    0.904548

автокөлігін    0.871815

танкіні    0.864060

пулеметін    0.836444

солдатын    0.822596

тойтарып    0.815666

пулеметтен    0.802915

жаудың    0.801471

расчеты    0.800100

пулеметпен    0.792175

Top 30 analogous words or synonyms for танкісін

Article Example
Қарағанды облысынан Ұлы Отан соғысына қатысушылар Сержант Закир Лутфрахманович командир болған танкке қарсы зеңбірек расчеты соғыс кезінде фашистердің ондаған танкісін, машиналарын, зеңбіректерін, пулеметтерін және көптеген солдаттары мен офицерлерін жойды. Төрт күн ішінде, яғни, 1943 жылғы 5-9 шілде аралығында оның расчеты Курск шайқасында жаудың тоғыз танкісін жайратып, көптеген жауынгерлерін кырды. Осы ұрыстағы ерлігі мен жоғары жауынгерлік шеберлігі үшін ол Қызыл Ту орденімен наградталды. Закир Лутфрахманович, әсіресе Корсунь-Шевченко операциясында батырлық пен ерліктің үлгісін көрсетті.
Қарағанды облысынан Ұлы Отан соғысына қатысушылар Бұл 1943 жылғы 9 шілдеде Поныри түбінде болды. Батырлар қаза тапты. Бірақ фашистер Амантай Дәулетбековтің артиллеристерінің позициясында қираған 29 танкісін, өздігінен жүретін 13 зеңбірегін және 200-ге жуық солдатын қалдырды. Жау осы шепте тоқтатылды.
Петр Александрович Чиянев 1945 жылдың ақпанында Германияның Врицен қаласының маңында болған шайқаста командир Чияневтің басшылығымен оның артиллериялық полкі жаяу әскер мен танкілердің шабуылдарына тойтарыс беріп, жаудың бес танкісін және көптеген тірі күштерін жояды.
Қарағанды облысынан Ұлы Отан соғысына қатысушылар Барлығы 17 рет әуе шайқасына қатысқан Нұркен жаудың 18 танкісін, 46 жүк машинасы мен көлігін, оның ішінде оқ-дәрі тасыған 18 керуенді, жанар май құйған 3 цистернаны талқандап, зенит қондырғыларының бесеуін, бірнеше жабық атыс ұясын, талай жау әскерін құртты.
Қарағанды облысынан Ұлы Отан соғысына қатысушылар Жау 1944 жылы 25 қаңтарда Винница облысының "1 май" совхозы жерінде қарсы шабуылға шықты. Жаудың жаяу әскерін көптеген самолеттер мен танктер сүйемелдеді. Асфандьяровтың расчеты жаудың танктеріне тайсалмай қарсы соғысты. Расчет жаудың 10 танкісін және көптеген солдаттарын жойып, олардың шабуылын тойтарды.
Қарағанды облысынан Ұлы Отан соғысына қатысушылар Негізгі қаһармандығын Ф.Г. Камалдинов 1943 жылдың шілде айында Орлов облысы Магюархангельск қаласын қорғауда көрсетті. Ол взводымен бірнеше рет қарсы шабуылға шығып, жау күшіне тойтарыс берді. Осы ұрыстарда взвод командирі 7 жау танкісін, 200-ден астам немістерді құртты.
Анфилофий Петрович Шилков Беларусьтің Гомель облысы Жлобин ауданы Доброгоща державасы үшін болған шайқаста танкіге қарсы ататын гранатамен батареяға баса көктеп келе жатқан жаудың ауыр танкісін жойды. Жараланған батарея командирінің орнына басшылық жасап, айналдыра қорғаныс ұйымдастырды. Шилков басқарған артиллерия батареясы бекініс шебін үш тәулік бойы қорғап, жаудың тағы екі танкісін жойды. Осы ерлігі үшін оған КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы және Ленин ордені, «Алтын Жұлдыз» медалі берілді (16.5.1944). Госпитальда ұзақ емделген Шилков 1949 жылы запасқа шығып, Шымкент қаласында жұмыс істеді. Кейіннен Екатеринбург қаласында тұрды. 1- дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл Жүлдыз», 3-дәрежелі Даңқ ордендерімен, медальдармен марапатталған. 2005 жылы 9 мамырда Түмен облысының Исет селосындағы Халықтық өлкетану мұражайында Шилковқа бюст орнатылған.
Қарағанды облысынан Ұлы Отан соғысына қатысушылар 1945 жылғы қаңтарда 1-ші Белорус майданының әскерлері Варшава-Берлин бағытында сәтті шабуылға көшті. Польшаның Побянице қаласында кескілескен ұрыстар өтті. Сол жерде сержант Корнеев қоршаудан шығуға ұмтылған жаудың бес танкісін жойып жіберді. Бұған қоса екі машина талқандалып, қалған жаудың беті қайтты.
Қарағанды облысынан Ұлы Отан соғысына қатысушылар 5-ші атқыштар дивизиясы 61-ші истребитель дивизионының барлаүшылар взводы командирі, аға сержант Қазыбек Нұржанов Ұлы Отан соғысына 1942 жылы сәуірде енді. Волга мен Орел түбінде соғысып, Зүш, Десна, Сож, Днепр, Друть, Березин өзендерінен өтті. Оның бүкіл соғыс жолы ерлік пен даңққа толы. Золотарев түбінде болған ұрыста Қазыбек бастаған бронебойшылар бөлімі жаудың үш танкісін жойып жіберді.
Закир Лутфрахманович Асфандьяров Закир Лутфрахманович Асфандьяров - (20.12.1918, Ресей, Башкортостан - 4.1.1977, Қарағанды облысы Балкаш қаласы) - екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, зеңбірек расчетінің командирі, старшина. Татар. Омбы әскери училищесін бітірген (1939). Оқуды бітірген соң Қиыр Шығыста әскери қызметте болды. Ұлы Отан соғысы жылдары Мәскеу түбіндегі шайқасқа, Тихвин, Курск, Винница, Львов, Берлин қалаларын азат етуге қатысты. 1943 ж. 5-9 шілдеде Асфандьяровтың расчеті Курск иінінде жаудың 9 танкісін, көптеген әскерін жойды. 1943 жылдың күзінде оның расчеті жаудың 10 танкісін, 100-ден астам әскері мен офицерін, ал 1944 ж. 25 қаңтарда Винница облысы «1 мамыр» кеңшары аумағындағы шабуылда 10 танкіні жоя отырып, жау шабуылына тойтарыс берді. 1944 жылдың шілдесінде осы ұрыстардағы ерлігі үшін КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (1.7.1944). Соғыстан кейін Балқаш қаласында тұрып, Шығыс Қоңырат №6 шахта кенішінде тіреуші, ауысым шебері, бастығы қызметінде болды. Ленин, Қызыл Ту, 1-дәрежелі Отан соғысы, «Кызыл Жұлдыз» ордендерімен, «Варшаваны азат еткені үшін» медалімен марапатталған.