Top 10 similar words or synonyms for табризи

редакңией    0.939564

жл    0.935809

pxұлыбритания    0.935679

қасас    0.935663

maldives    0.935589

гийас    0.935218

streamline    0.934831

gothic    0.932790

үүрд    0.932609

барб    0.930481

Top 30 analogous words or synonyms for табризи

Article Example
Қәтран табризи “Тараз энциклопедиясы”
Қәтран табризи Қәтран Табризи (туған жылы белгісіз – 1074, Табриз қаласы) – көне Тараз қаласын жырына арқау еткен ортағасырлық парсы ақыны. Түркі халықтарының әзери тайпасынан шыққан. Табриз қаласы маңындағы Шадабад ауданында туған. Заманында, негізінен, қасида жанрында жазған атақты ақын ретінде танылған. Ол Әзірбайжан мен Иран билеушілерінің сарайында жасап, солардың көбіне арнап мадақ жырын жазған. Ганжа әкімі Әмір Әбілхасан Әли Ләшкәриге, Табриз әкімі Әжал Әбумансұрге, Әзірбайжан әкімі Әбумансұр Мұхаммедке арнау өлеңдер жазып, мол сыйлықтар алған. Оның өлеңдері парсы тілінде жазылса да, сол заман қажетіне орай араб сөздері молырақ қолданылған. Лирикалық өлең-жырлары, көбінесе, махаббат тақырыбына арналған. Одан қалған әдеби мұра «Диуан» деген атпен топтастырылған. Хұсайын Аһи баспаға дайындап, басылым көрген нұсқасында кісі аттарына, елді мекен, жер атауларына түсініктеме берілген. Ол түсініктемеде ақын шығармаларында ұшырасатын Қазақстан жеріндегі қалалар мен түркі әлеміне танымал, кісі аттары жиі аталады. Мәселен, онда Баласағұн, Тұран, Түркістан атауы, Жейһун (Әмудария), Хазар (Каспий), әсіресе, Тараз қаласына орай аталатын дерек көздері ерекше мәнге ие. Тұран билеушісі Афрасияб (Алып Ер Тоңға) есімі ақын бәйіттерінде ерекше мән беріле жырланғаны көңіл аударады. Онда Афрасияб Иран әдебиетіндегідей жағымсыз образ ретінде ирандықтардың ата жауы болып сипатталмайды. Керісінше, ол беті қайтпас қайсар, жауырыны жерге тимеген палуан, айбыны елден асқан қолбасшы батыр ретінде бейнеленген. Қәтран Табризидің Әбілмансұрге арнаған мадақ жырында Афрасиябты меңзей айтатын өлең жолында: «Оның даңқы Бағдаттан Баласағұнға дейін жеткен» деуінде талай нәрсе сыр бүгіп жатқандай әсерде қалдырады. Ирактағы Бағдад қ. орталығы Шығыстың бас қаласы болса, Баласағұн қаласы қазақ жеріндегі исламдық әлемнің шекарасыздығының бір бүйірдегі тірегі екендігі меңзеледі. Ақын сол кездегі шаһ Әбунәсір Мұхаммедті құрбан айт мерекесімен құттықтай отырып оған арнаған мадақ жыр кестесінде Тараз қаласын бірнеше рет тілге алып, «Таразды аңсаған мұңынан, Тараздың кілең жайсаңы. Сарғайса, мен де жүдеймін, Тітіреп Тараз талындай. Жарымнан хабар келер» деп жырлайды. Ортағасырлық Иран ақындарының көбі өздерінің жырларында Тараздың арулары мен сүйріктей сымбаттыларына сұқтанбай өтпегені жоқ. Өз кезегінде Қәтран Табризиде Тараз аруларын «Ауасында Хотэн киігінің хош иісі болмаса да, Жерінде жайлау Хотэн киігіндей хош иісін таратар, Мына жайлау Тараз аруының нақышын салар» деп жырға қосады. Ақын туған жер, табиғат сұлулығын Таразға балай суреттеумен қатар әмір Әбунәсірдің ерлігі мен өрлігін сипаттағанда Таразбен балап, «Ешбір қорған сендей қамал алушыны көрмеген, Тараз қосыны да сендей сарбаз көрмеген» дейді. Табризде өмір кешкен ақынның жырына Тараз қосыны ерлігімен танылған себепті енсе керек-ті. Ақын жырында Тараз қаласы жағрафиялық кеңістікте тарихи орын тепкен танымал елді мекен болумен қатар сұлулық, ерлік, әсемдіктің жұрт мойындаған орталығы ретінде сөз етілуі көп нәрсені аңғартады.
Тараз – парсы ақындарының жыр шумақтарында. Қәтран Табризи – арғы тегі түрік халықтарының әзери тайпасынан шығатын Иран ақыны. Ол заманында ойлы, білікті ақын болғандықтан, ел хакім атандырған. Оның туған жері Табриз қ-сы маңындағы Шабадад деген елді мекен. 1074 ж. дүниеден өткен. Мазары Табриз қ-ндағы Шайырлар қабірстанында. Ақынның артында он екі мың бәйіттен тұратын мұрасы қалды. Сол кездегі шаһ Әбунәсір Мұхаммедті құрбан айт мерекесімен құттықтаған мадақ жырында ол Тараз қ-н, оның жақсылары мен жайсаңдарын тілге тиек етеді. Мысалы: Батырлықта тараздықтай, жомарттықта арабтай. Нәзіктікте ирандықтай, шешендікте хижаздай.
Молла Есжан Қоңыратли Молла Есжан Қоңыратли (18 ғасырдың 2-жартысы — 19 ғасырдың басы) — хаттат. Туған жері, өскен ортасы, білімі, өмірі, қызметі туралы накты деректер жоқ. Оның бізге жеткен мұрасы — 1900—01 жылы көшірген антологиясы. Бұл еңбекте "Азат", "Джунун" секілді бүркеншек атпен белгілі Мырза Арджуманд бин Әбд әл-Гани Кашмири (? — 1722) мен Сайб Табризи атты ақындардың поэмалары мен ғазалдары жазылған. Молла Есжан Қоңыратли сонымен қатар ауған ақыны Зуһур ад-Дин бин Шейх Сағад ад-Дин Ансари әл-Кабулидің "Диуан Зуһу" ("Зуһур жи¬нағы") немесе "Гул жинағы" атты өлеңдер жинағын, қоқандык ақындар антологиясында (1900—01) көшірген. Оның қара сөздерді емес, өлең жолдарын көшіруіне қарағанда, өзінің де ақын болуы мүмкін. Молла Есжан Қоңыратли жоғарыда аталған еңбектері Ташкент Қолжазба институтының қорында сақтаулы.
Низам әд-Дин Шами Низам әд-Дин Шами Низомуддин Шанбий, Низамуддин Шанби Газоний, Низам Табризи (туған өлген жылы белгісіз) – парсы тілінде жазған тарихшы. 14 ғасырдың аяғы мен 15 ғасырдың бас кезінде өмір сүрген. Әмір Темірдің өмірбаяны туралы тұңғыш еңбек – “Зафарнаменің” авторы. Низам әд-Дин Шамидің негізгі еңбегі саналатын бұл шығарманың Қазақстан мен Орталық Азияның 14 ғасырдың 2-жартысындағы тарихын зерттеуде маңызы зор. Кейбір деректерде оның басқа да еңбектерінің болғандығы айтылады. Шараф әд-Дин Әли Йездидің айтуы бойынша, Низам әд-Дин Шами сол кездегі жақсы әдебиетші әрі әдеби стиль өнерін жете меңгерген адамдардың бірі болған. Шейх Уәйіс І-нің (1356 – 74) тапсыруымен араб тілінен парсы тіліне Мұхаммед ибн Абдулах ибн Зафар Макки Андалусидің (12 ғ.) “Сульван ал-мутта’фи увон ал-атба” еңбегін аударған. Иран шығыстанушысы Даниш Пажух (20 ғасыр) оның Мұхаммед пайғамбар мен 12 имамның қысқаша өмірбаянын жазғанын және оның шын аты Әли ибн Мұхаммед екенін, ол Низхам ул-Вайз есімімен белгілі болғандығын жазды. Аталған шығармаларда орта ғасырдағы шығыс әдебиетіне, дін тарихына қатысты құнды мәліметтер бар.