Top 10 similar words or synonyms for соққыларын

соққылар    0.773792

тойтарып    0.748479

соққыны    0.743830

шабуылды    0.741199

айқасты    0.737703

қарсыласын    0.735237

шабуылын    0.732869

шабуылда    0.716447

шабуылына    0.697710

ұшағын    0.690828

Top 30 analogous words or synonyms for соққыларын

Article Example
Ирак және Шам Ислам мемлекеті Аустралия АҚШ бастаған халықаралық коалицияның құрамына кіреді. Аустралия әуе күштері алғашқы соққыларын 2015 жылдың қыркүйек айында жасады.
Икер Касильяс ал жауапты ойында жеңіп (2:1) пенальти топтамасына жетеді. Криштиану Роналду және Кака өз соққыларын жүзеге асыра алмады, бірақ Касильяс екі пенальти соққысын тойтарып, ойынға шытырманды қайтарады. Шешуші соққыны Серхио Рамос жоғары теуіп, Реал ширек-финалдан ұшып кетеді.
Эрик Ламела Жақсы техника мен алаңды жақсы көргендіктен негізгі құраммен жиі шығатын болды. Кейінірек, ол айып соққыларын Ариэль Ортеганының орнына соғатын болды. Алдында көбінесе қапталдарда ойнаса, кейін плеймейкердің позициясында ойнап, 10 нөмерге ие болды.
Кең маңцапшептегі қорғаныс Кең маңцапшептегі қорғаныс (Оборона на широком фронте) — ені белгіленген нормадан асып кеткен алқаптар мен учаскелерде ұйымдастырылған қорғаныс. Әдетте, теңіз жағалауында, таулы және шөлейт жерлерде, солтүстік аудандарда құрылады. Жетуі қиын болатын бағыттарда дербес тірек пункттері орналастырылады. Ракеталық әскерлердің, авиация мен артиллерияның соққылары даярланады, қордағы күштер маневр жасайды. Әр бағытта қарсыластың соққыларын өз бетімен тойтара алатын әскери топтастықтар құрылады.
Ирак және Шам Ислам мемлекеті Ислам мемлекетінің аз уақытта қол жеткізген жетістіктері халықаралық қауымдастықты әбігерлендірді. Бағдатта орын алған саяси дағдарыстың кесірінен Нұри әл-Мәлики үкіметі қызметін доғаруға мәжбүр болды. 2014 жылдың 8 тамызында АҚШ Ирактағы күрдтердің автономиялық ауданындағы ИМ-нің шабуылына тойтарыс беру үшін әуе соққыларын ұйымдастыра бастады. Бұл әрекеттер ИМ-нің басқыншылығын тоқтатқанымен, оны Ирак аумағынан шегіндіруге жеткіліксіз болып шықты.
Жетістікті ұластыру Жетістікті ұластыру - командирлердің, штабтар мен әскерлердің шабуылды жедел қарқынмен жалғастырып, белгіленген мерзімде операция (ұрыс) мақсатына жетуге бағытталған іс-қимылы. Оған қарсыласқа ядролық және атыс соққыларын беру, әскерлердің бірінші эшелонының қимылын үдету, шайқасқа (ұрысқа) екінші эшелон мен резервті дәл уақытында енгізу, сондай-ақ әскерлерді кайта топтастыру арқылы қол жеткізіледі.
Флойд Мейуезер 2012 жылы мамырда Мейуезер бірінші орта салмақтың WBA тұжырымының «суперчемпионы», бокс әлемінің жұлдызы пуэрторикандық Мигель Коттоға қарсы айқасқа шықты. Онымен қоса Гауһар WBC белбеуі ойнатылған еді. Айқастың көп бөлігі чемпионның күшімен тең дәрежеде өтті. Алғашқы раунда Мейуезер өзінің тәсілімен рингтың ортасын қарсыласына беріп, қарымта шабуылдарға арқа сүйеді. Жылдамдығының артықшылына байланысты американдық қарсылас соққыларын тигізбей, өзі ауыр соққыларын жасады. Котто қарсыласын қысымның астына алып, «жартылай күрес» стилінде жұдырықтасты. Мейуезер арқанға арқасын сүйеп, біршама ғана соққыларды жіберіп алды. Мигельдың соққылары ешқандай да нәтиже бермеді. Американдықтың тамаша қорғаныс техникасы өз дегенін жасады. Котто Мейуезерды арқанға қамап қарсыласының қорғанысын бұзуға әрекеттенді. Оның біршама сәтті шабуылдары 4-ші раундта өтті. Ол соққылар Флойдтың басымен, қабырғасына бағытталған еді. 5-ші раундта Мейуезерге пуэрторикандықтың жойқын шабуылына төтеп беруге тура келді. Бүкіл раунд бойына Котто қарсыласын қорғанып, жабық жүруге мәжбүрледі. Қорғанғанған қарсыласын бұрышта қамап соққылардың астына алды. Сонда да раунд аяғында Флойд қарсылас шабуылынан құтылды. Мигель қарсыласына қысым көрсетіп, жақын және орта қашықтықтағы шабуылын жалғастырды. Өзінің белсенділігінің арқасында көрермендердің қошеметіне ие болды. Алайда қашықтық үлкейген сәтте Котто қарсыласының соққыларын жібере бастады. Бірнеше раунд бойы үстемдік танытып, Мейуезердың мұрынын сындырса да, Котто көптеген соққы жіберіп алды. Мейуезер қарқынын төмендеткен кезде — ол қарсыласынан басымдығын көрсетті. 8-ші мен 11-ші раундтар екі қарама-қарсы стильдердің айқасымен өтті: әрдайым алға ұмтылатын Коттоның қорғанысы да біршама жақсы болатын. Шешуші раунд Мэйвезер қарсыласынан қарымтасын оңай қайтарды: Котто назарын біраз әлсіретіп, бірден жойқын сериялық соққыларға ұшырады. Мигель біраз есеңгіреп қалғаннан кейін де, аяғында тұра алды. 12-ші раундтың қортындысы бойынша қазылардың бірауыздан шешімімен жеңілмеген Флойд Мейуезер тағы да жеңіске жетті.
Ирак және Шам Ислам мемлекеті АҚШ бастаған коалицияның құрамына кірмейтін Ресей 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап Сирияда әуе соққыларын жүргізе бастады. Оған қоса Каспий теңізінде орналасқан әскери кемелерден ИМ-нің нысандарын ракеталармен атқылай бастады. Владимир Путиннің айтуынша, Ресейдің нысанасы — ИМ және басқа да қарулы топтардың бекіністері. Бірақ Ресейдің Қорғаныс министрлігі соққы жасадық деген нысаналар негізінде ИМ-ге қатысы жоқ аймақта орналасқандығы анықталды. Сириялық белсенділердің хабарлауынша, Ресей әуе күштерінің соққылары АҚШ қолдап жүрген "Тажамму әл-Изза" () көтерілісшілер тобының позицияларына бағытталған екен.
Мигель Анхел Котто Котто 2008 жылғы маусымдағы жеңіліс үшін қарымта қайтара алды. Алғашында Котто басымдық танытқанымен, Маргарито айқастың орта шенінде қарқынын үдетіп, айқас тең дәрежеде өте бастады. Айқастың орта шенінен асқанда Маргаритоның оң көзі толығымен жабылып қалады. Сегізінші және тоғызыншы раундтарда Маргарито қарсыласының ауыр әрі жойқын соққыларын өткізіп алды. Оныншы раунд басталуын білдіретін гонг соғылса да, мексикалықтың бұрышында айқастың жалғасуы жайлы рефери мен дәрігердің қатысуымен талқылау жүргізіліп жатқан болатын. Осыдан кейін Маргарито мен оның командасының мүшелерінің қарсылығына қарамастан айқасты тоқтатуға шешім қабылданды.
Ирак және Шам Ислам мемлекеті 2014 жылдың қыркүйек айының ортасында ИМ Сирияның солтүстігіндегі күрдтер тұратын аймақтарды басып алу үшін шабуылға шықты. 23 қыркүйек күні АҚШ құрамына Иордания, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн, Сауд Арабиясы секілді мемлекеттер кірген халықаралық коалицияны құрып, әуе соққыларын Сирия аумағында да жүргізе бастады. Күрд жауынгерлері мен ИМ арасындағы бірнеше айға созылған қарулы қақтығыстың салдарынан ондаған мың босқын Түркияға қашуға мәжбүр болды. Әуе соққылары мен лаңкестікке қарсы халықаралық коалицияның берген қару-жарағының көмегімен күрд жауынгерлері 2015 жылдың басында ИМ содырларын шегіндіре бастады.