Top 10 similar words or synonyms for сколия

құмырсқажегіш    0.736296

бұддасы    0.732808

буддасы    0.731753

жауынқұрт    0.729979

мәшинелерін    0.720059

көбігін    0.717498

барушы    0.717225

ойлағанын    0.714976

джэймс    0.713327

тығынын    0.713160

Top 30 analogous words or synonyms for сколия

Article Example
Алып сколия Алып сколия () — саны азайып бара жатқан түр. ТМД-дағы жарғаққанаттылар отрядының ең ірі өкілі. Оңтүстік Еуропа, Солтүстік Африка, Оңтүстік-Батыс Азия, Орталық Азияның оң түстігінде таралған. Қазақстанда Солтүстік Каспий маңында кездеседі. Орман шетінде, алаңқайында, жыра беткейлерінде, дала бұталары мен өзен жайылмаларында тіршілік етеді. Бір рет ұрпақ береді (таралу аймағының оңтүстігінде екі рет). Ересектері мамырдан қыркүйекке дейін ұшады. Ересек аралар әр түрлі өсімдік гүлдерінің тозаңымен және шырынымен қоректенеді. Аналықтары жұмыртқаларын шаншарымен жансыздандырған (бір-бірден) мүйізтұм сық қоңыздың дернәсіліне салады. Жұмыртқадан шыққан дернәсіл,алдымен гемолимфамен, одан кейін майлы денемен, бұлшық еттермен және жемтігінің денесінің басқа да ұлпаларымен қоректенеді. Көктемде дернәсілдері қуыршаққа айналады,кешікпей ересек аралар пайда болады. Түрді сақтау үшін иелері мен олардың тіршілік ортасын қорғау қажет, сонымен қатар, аралардың өзін ұстамау және жоймау керек.
Саяқ соналар Саяқ соналардың тұтас аналықтары өз дернәсілдерін нағыз “тірі сүрмен”-қимылсыз жәндіктермен,олардың балаңқұрттарымен немесе өрмекшілермен қоректендіреді.Алып сколия Еуропа мен Орта Азияны мекендейді,сол сияқты Кавказ тауында ұшырасады.Бұл 4,5 см-ге жететін өте ірі және қара реңді сона.Денесін ашық сары таңбалар қаптаған.Қорқынышты түріне қарамастан,ол басқыншы емес,өйткені улы бізгегі оған ұясын қорғау үшін қажет.Сколия аналықтары олжасын іздеп жер бетімен жүгіріп жүреді.Негізінен сона топырақта,орман шымында немесе шірік томарда өмір сүретін мүйізше қоңыздың немесе бұғы-қоңыздың дернәсілдерін азық етеді.Олжасын тапқан бойда сколия мүлтіксіз дәлдікпен оның құрсақ жүйке жүйесін бізгекпен шаншып алады.Бұл ине олжасын өлтірмейді,жай жансыздандырады.Оның қимылсыз қалғанына көзі жеткен соң,сона денесіне бір жұмыртқа салады.Одан шыққан жатыпішер дернәсіл өз қожасының жабынын кеміріп,оның тіндерімен қоректене бастайды.Алдымен ол дәмсіз әрі маңызсыз мүшелерінен (бұлшықет,майлы дене,ішек) дәм татады,”тәттіге” жүйке және қан тамырлары жүйесін сақтап қояды.Нәтижесінде жансызданған олжа соңғы сәтке дейін тірі қалпында қалады,ал дернәсіл жаңа тіндерді тағам етеді.