Top 10 similar words or synonyms for сейдалин

ермеков    0.896239

мұхаметжан    0.882897

әлімхан    0.872341

мусин    0.867895

мұхамеджан    0.865986

ғаббасов    0.862681

омаров    0.860232

әлжанов    0.857583

төреқұлов    0.853914

құлманов    0.851427

Top 30 analogous words or synonyms for сейдалин

Article Example
Сатыбалды Сейдалин Сатыбалды Сейдалин (1930, Меркі ауданы, Кеңес ауылы – 29.1.1981, Меркі ауданы) – қайраткер, сауда, денсаулық сақтау ісінің ұйымдастырушысы. Жамбыл қаласындағы зоотехникалық - малдарігерлік курсты (1948), Фрунзе қаласындағы (қазіргі Бішкек қаласы) сауда - кооперативтік институтты (1953) бітірген. 1953 – 70 жылдары Мерке ауданында тауар танушы, ауылдық кооператив төрағасы, аудандық сауда мекемесінің, Меркі сыра зауытының директоры қызметтерін атқарды. 1970 жылдан өмірінің соңына дейін әйгілі «Меркі» шипажайындағы демалыс үйі директоры, директордың орынбасары болды. Сейдалин басшылыққа тағайындалған алғашқы жылдары демалушылар ешқандай жағдайы жоқ жаздық уақытша үйлерде тұрып, шипалы судың емін (ваннасын) демалыс үйінен 4 км жердегі қайнардың басынан алатын. Осындағы құрамында радоны бар жер асты суының емдік қасиетін, оның жел, құяң, жүйке, әйелдер ауруларына бірден-бір әсерлі ем болатынын білген Сейдалин шипалы суды халық игілігіне жаратуды алдына мақсат етіп, аянбай еңбек етті. Қайнар көзінен су құбырлары тартылып, арнайы ванналарда ем алу жүйесін іске асырды. Алдымен екі, кейіннен төрт қабатты ем қабылдау, демалыс ғимараттары салынып, демалыс үйі «Меркі» санаторийі болып қайта құрылды. Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Жансұлтан Сейдалин Алаш қозғалысы қайраткерлерінің бірі Сейдалин Жансұлтан 1856 жылы Қостанай қаласында туған. Өз заманында қазақ қоғамының дамуы үшін, қазақ халқының мүддесі үшін аянбай еңбек еткен коғам қайраткері. Заң ғылымынан магистрлік қорғаған тұңғыш қазақ азаматы. Қазақ заңгерлерінің төлбасы. Бала кезінде Орынбор каласындағы орыс-қазақ ғимназиясын күміс медальмен бітірген ол 1878 жылы Қазан университетінің заң факультетіне түседі. Оқуда алғыр, зерек, ойшыл қазақ жігіті 1883 жылы университетті заң ғылымының магистрі дәрежесімен бітіріп шығады.
Жансұлтан Сейдалин Университетті бітірген соң Орынбор қаласына келіп, 1883-1886 жылдар арасында губернатордың ерекше тапсырмалар жөніндегі көмекшісі болады. Одан кейін Қапал уезінде, Ақмола уезінде судья, Троицк каласында округтік соттың мүшесі болып жұмыс істейді. Сот ісіне сіңірген еңбегі үшін 1889 жылы «колледжский асессор» дәрежесін алды. Алайда ол патша өкіметінен қанша атақ алса да, негізгі мақсатым — ұлтым үшін қызмет ету деп біледі. Өзі ғана емес, інісі Жиһанша Сейдалин мен қызы Мариям Сейдалинаның ұлтшылдық бағыт ұстануына да ықпал етеді.
Әлмұхаммед Сейдалин Сейдалин Әлмұхамед (туған-өлген жылы белгісіз) – Кіші жүз сұлтаны, Орыс географиялық қоғамының мүшесі. Әбілқайыр әулетінің өкілі, атасы Сейдалы Е.И Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысқан. 1855 жылы Сейдалин Орынбордағы Неплюев кадет корпусының азиялық бөлімін бітіріп шығып, прапорщик шенінде Орынбор әскери корпусының 4-жаяу әскер батальонында қызмет атқарды. 1856 жылы Шекаралық комиссия төрағасының тілмаштығына ауыстырылды. Шығыстанушылар В.В. Григорьев,Ю.Ф. Костромитин,А.А. Бобровниковпен жақын таныс болған. 1856 және 1860 жылдары Санкт-Петербургке жіберілген қазақ делегациясының тілмашы болып, сол сапарларында Ш.Уәлиханов және В.В. Вельяминов-Зерновпен танысқан. 1859 жылы Арал флотилиясының 1-рангілі капитаны А.И. Бутаковтың Қоңыратқа жасаған экспедициясына қатысты. 1860 – 65 жылдары шаруашылық мәселелермен айналысты. Сейдалин халықтық дәстүрлер мен құқықтың терең білгірі ретінде жерлестері арасында үлкен беделге ие болды. 1865 жылы Түркістан өлкесін зерттеу жұмысына қатысты. 1866 – 69 жылдары Кіші жүздің батыс бөлігінің сұлтаны болды. 1869 жылы полковник Мұхамеджан Баймұхамедовпен бірге “Уақытша Ережеге” қарсы көтеріліс жасаған қазақтармен келіссөздер жүргізуге жіберілді. Келіссөзден кейін Сейдалинге майор атағы беріліп, Торғайға сот жұмысына жіберілді. 1869 – 89 жылдары шешекке қарсы егу жұмыстарын ұйымдастыруға, Ы.Алтынсаринмен бірге Ырғызда, Қостанайда, Ақтөбеде, Қарабұтақта орыс-қазақ мектептерін ұйымдастыру жұмыстарына белсене араласты. 1876 жылы шығыстанушылардың бүкілдүниежүзілік конгресінің жұмысына қатысқан.
Жансұлтан Сейдалин 1912 жылы 4-Мемлекеттік Думаның қарауына қазақ даласында әдет-ғұрып- қа негізделген «билер сотын» жойып, оның құзыретін шаруалар сотына беру туралы жоба ұсынылғанда, Жансұлтан Сейдалин оған батыл қарсы шығады. Себебі бұл Қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғүрыптық құқық жүйесін бұзатын жоба еді. Жобаны ұсынушылар қазақ қоғамына орыс заңдарының үстемдік етуіне негіз жасауды көздеген болса керек. Ғасырлар бойы қолданыста келген дәстүрлі құқық жүйесінің бұзылуы ұлттың дағдысына сай келмейтіні және ел арасына сызат түсіретіні анық еді. Осыны аңғарған сұңғыла заңгер жобаға батыл қарсы шығып, орыс заңдарының қазақ халқының өміріне үстемдік етуін тежеу үшін күреседі.