Top 10 similar words or synonyms for сарқыны

батқаны    0.666480

пайғам    0.645051

қалымов    0.617321

құрбылар    0.605642

қобызшының    0.605221

дүниелерден    0.604109

наза    0.602362

жүзің    0.602109

тілегені    0.601949

құбыл    0.601338

Top 30 analogous words or synonyms for сарқыны

Article Example
Қымыз Жаңа сауылған бие сүтін сүзгіден өткізіп, жылы кезінде күбідегі немесе сабадағы саумалдын үстіне құяды. Содан сон оны міндетті түрде 30—40 минут пісіп аузын байлап не тығындап ұстаған. Алғаш рет қымыз ашытарда бие сүті сабаға арнаулы ашытқының немесе қордың үстіне құйылады. Ашытқыны көбінесе сүр жаяның, қазының сынық сүйегін салып сүттен, ол жоқ болғанда сүтке нан ашытқысын езіп әзірлейді. Қор дегеніміз ескі қымыз, ол жақсы ашыған қымыздың саба түбінде қалатын, арнайы сақталған сарқыны.
Бақсылық Ата-бабамыздың тарихында бақсылық ерекше орын алған. Бақсылық – шаман дінінің осы күнге дейін жеткен сарқыны. Бақсы деп өзге тылсым әлеммен байланыс орнатып, ондағы түрлі рухтармен байланыс жасай алатын адамды айтқан. Бақсылар «әулиелерді» «аруақтарды», «періштелерді» шақырып, олармен тілдесе алады, адамның жаулары – дәу,пері,шайтан, албасты, жын, марту, тағы басқа мен күреседі деген сенімде болған. Бақсыларға тән ерекше қасиеттердің бірі – емшілік (тәуіпшілік). Бақсылардың бәрі қобыз тартып, зікір салып, түрлі емдер жасайды. Оның қамшысы тиген адамның денесіне кірген шайтандар қашып, барлық сырқатынан құлан-таза жазылып кетеді деп сенген.
Таңғұт 1227 жылы қаншама заман – екі жарым ғасыр бойы салтанат құрған, Орталық-Шығыс Азия тарихында өзіндік орны бар, тақау төңірегіне саяси ықпал-әсері мол болған, халқы ірі, мәдениеті жоғары, қуаты зор болған Си Ся патшалығы жер бетінен жойылады. Қисапсыз қырғынға ұшырап, ойсырай кеміген таңғұт халқының ең ақырғы бөлшек-жұқаналарының өзі қайғылы халге ұшырағанын көреміз. Бағыныш танытқан, аман қалған әскердің азғана бөлігі Еке Моғұл империясы қарулы күштерінің қатарын толтырады. Егінші, малшы жұрты қарасыны басым әрі үстем жағдайдағы көшпенділерге кіріптар жағдайда қалады. Біршама халқы астана байтақ, сақараға көшіріледі. Атқамінер билеуші әулет өкілдері, әсіресе қытай тілі мен саясатына жетік кісілері мемлекет қызметіне тартылады, Шүрженмен, Сұңмен арадағы дипломатиялық жұмыстарға жегіледі. Уақыт оза келе, бұл тарап қауымнан батыста Иран мен Алтын Орда, шығыста Юань империяларында белгілі әскери қолбасылар мен беделді саясаткер, оқымысты ғалымдар шығады. Әлі де ежелгі қонысында отырған, бәлкім, өсіп-өніп, көбейе бастаған таңғұттың соңғы сарқыны Юань заманында Қытайдың ішкі өлкелеріне біржола қоныс аударуға мәжбүрленеді. Ақыр түбі, елдігінен айрылған, бытырап, әр тарапта телімде жүрген таңғұт атаулының бәрі де өздерінің ұлттық бейнесін, ана тілін жоғалтып, саны мол басқа жұрттардың арасында жұтылып кетеді. Кейінгі бурят халқының құрамында таңғұт есімді шағын ру бар екен. Халха ішінен де елес береді. Әйткенмен бұл – арғы түбі таңғұтқа қатысты демесек, мүлде басқа жұрт – бурят, халха. XIX ғасырдың соңында ежелгі таңғұт мекені, кейінгі Гансу өлкесін саяхаттаған, Көкөнор, Амдо аймағын төңіректеген орыс оқымысты-жиһанкездері жергілікті тибет текті тайпалар арасында байырғы таңғұт жұртының әлдебір жұрнағы ұшырасатынын айтыпты. Аты сол, заты басқа. Есебі, жоқ десе де болады. Таңғұттың бар тарихы 1227 жылмен бітіпті.
Санамақ тiркестерi түп-тегiнiң де уату-алдарқату жырларындағы саусақ ойындарында жатқанын байқаймыз. Демек, санамақтардың шығу тегiне балаларға сан үйрету өлеңдерi негiз болған деген тұжырым жасауға әбден болады. Яғни бүлдiршiндер ойын барысындағы өз реттерiн табу үшiн алғашқы кезде ата-аналарынан үйренген сан өлеңдерiн пайдаланған. Олар келе-келе түрлi өзгерiстерге түсiп, балалардың өз шығармашылығымен және тағы басқа жолдармен толығып жеке арна түзген. Санамақтардағы мағынасы түсiнiксiз жұмбақ сөздер де өзгеше назар аударуды қажет етедi. Г.С.Виноградовтың орыс санамақтарына байланысты «Басқа бiрде-бiр жанрда жұмбақ сөздер санамақтардағыдай көл-көсiр, алуан түрлi және шебер пайдаланылған емес», – деген пiкiрi барлық халықтар санамақтарына ортақ. Ғалымдардың пайымдауынша жұмбақ сөздердiң шығу тегi сонау алғашқы қауымдық құрылысқа тiреледi. Ол кезеңде шаруашылықтағы құралдардан бастап, аң-құс, табиғат құбылыстарының көпшiлiгi тура аталмай, шартты атауларға ие болған. Санамақтарда сол дәстүрдiң сарқыны бар. Балалар тiрлiгiнде ол әлi күнге сол дәрежесiнде көрiнiс тауып келедi, – деген ғылыми пайымның дұрыстығын қазақ санамақтарының табиғаты да дәлелдейдi. Сонымен бiрге жұмбақ тiлдiң лексикалық қоры тек символдардан ғана тұрады десек, дұрыс болмаған болар едi. Олардың арасында басқа тiлдерден ауысқан кiрме тiркестер де кезiгедi. «... Қайсыбiр жағдайда кейбiр сөз белгiлi бiр ортада түсiнiксiз, жұмбақ болып көрiнсе келесi бiр балалар ортасында ол дыбыс тiркестерi белгiлi бiр ұғымды беретiн, логикалық жүйесi бар сөз ретiнде танылып, жиi қолданылуы мүмкiн. Поляк, еврей санамақтары поляк, еврей тiлiн бiлетiн ортада ешқашан жұмбақ болып саналмайтыны белгiлi, ал олар орыс балалары санамақтарының құрамына өтiсiмен бiрден жұмбақтық санға ие болады», – деген Г.С.Виноградов байламының көрiнiсiн қазақ санамақтарының құрамынан да байқ ауға болады. Қазақстанның Ресей құрамына қосылғаннан кейiнгi кезеңдегi халықтар жақындастығына байланысты қазақ балаларының репертуарына орыс тiлiндегi санамақтар саны молая түскен. Бұл санамақтардың қала балаларына ешқандай жұмбақтық мәнi болмаса, орыс тұрғындары орыс тiлiн шала бiлетiн ауыл балалары үшiн жұмбақ-санамақ (заумная считалка) ретiнде таралған. Және олар көп дыбыстық өзгерiстерге ұшырап, «күрделi өңдеуге» түскен.
Жаназар батыр Болған тарихи оқиғаларды жазба дүниесі жоқ ата бабаларымыз далалықтарға тән эпостық жыр, ертегілік, шежірелік аңыздар түрінде көркем сөз бен мифтік образдар арқылы, ұрпақтан ұрпаққа, ғасырдан ғасырға сақтап жеткізіп келді. Осы ел аузында сақталып келген тарихи естеліктегі, батырдың екі емшегін кеудесіне оралып емген «екі қара шұбар жылан» туралы мифтік сюжет - Жаназардың киесі екі жылан болған, сонымен қатар «емшекті емудегі» оқиға ататегіміз Айдаһар жыланнан тарадық деген, яғни «тотемдік» ежелгі алтайлық төлеңгіттің нанымдарын анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен екі жыланның ұйқыдағы батырдың денесін орап алып жатудағы оқиға мәнісі - ата баба рухының жылан кейпінде көрінуі, яғни аруақтың қолдауы деп те түсінуге болады. Қазақта бұл сөзді «аруақ қонды», яғни «аруақты адам» деп те айтады. Осы оқиғаны талдай отырып, аңыз желісін былай деп түсіндіреміз: бұл кезеңде Жаназардың аруақты батыр кейпінде елге танылмал болғанын және оның қол астындағы төлеңгіт сарбаздарынан басқа «айдаһардай ту» көтерген жаудан беттері қайтпайтын, ержүрек екі «қарашұбар жылан» бірге туған ағасы Ерназар мен інісі Кұназардың да айтылуын байқаймыз. Жаназарда осындай қауқарлы күш болғанын аңыздағы Абылайдың жауға аттанарда Жаназар қолының келуін күтіп, қазақ қолын екі үш күнге аялдатты деген мәліметте жатыр. Мұнда: «Жаназар батыр қарамағында ержүрек екі мың төлеңгітімен, Қабанбай батыр бастаған қазақ қолынан төрт есе көп болған қытайлардың тас-талқанын шығарып, Абылай ханның мəртебесін үстем еткен болатын» деген 1757 жылдың жазында Аягөз жерінде болған соңғы қазақ - шүршіт соғысы туралы тарихи деректің сарқыны сақталған. Жаназар өмірінің отыз жылын ат үстінен түспей елін қорғаған. Жау шетіне тигенде - деп рух батасында берілгендей, елін жаудан қорғаған аруақты батыр бабамыз Жаназармен қазақтың жауларына қарсы соғыстарда оның бірге туған ағасы Ерназар батыр мен інісі Кұназар батыр және туысқандары Боздақ, Тақай, Өтеулі, Аю сияқты көптеген батырлар Абылаймен бірге болып, тізе қосып соғысқан, талай жеңіске жетіп отырған. Жаугершілік кезеңде қазақ баласы Мәуреннахр қалалары үшін де, Ертіс пен Еділ арасындағы кең байтақ өлке үшін де, Үстірт пен Маңқыстау үшін де соғысты. Осы соғыстардың бірінде батырлығымен жұртың көзіне түскен Ерназар батыр бір соғыста қалмақтардың қолына түсіп қалады. Өзінің иесі бар адам екен, қолға қапыда түскен мұны, егер көзін жоймасақ, егер қашып кетсе басымызға заман ақырды осы орнатады деп, Ерназар батырдың отырған киіз үйінің айналасына отын үйгізіп, тірідей өртеп жіберіпті.