Top 10 similar words or synonyms for мұсабекова

әбдірайымов    0.924175

қалтаев    0.922675

досымжанов    0.921574

серікбаева    0.918875

жұмабеков    0.918202

бекенұлы    0.916213

әбдікәрімов    0.913630

нұрмағанбетова    0.910349

бельгер    0.910141

өгізбаев    0.910024

Top 30 analogous words or synonyms for мұсабекова

Article Example
Әйкен Мұсабекова Әйкен Мұсабекова (24.1.1919, Қарағанды - 7.6.1992, Алматы) - актриса, әнші, Қазақстанның халық артисі (1985). 1936 - 1937 ж. Мәскеу консерваториясының қазақ опера студиясында оқыды. 1937 -1955 ж. Қарағанды облысы қазақ драма театрының кұрамында қызмет етті. Алғашқы ойнаған ролі - М.Әуезовтің "Түнгі сарын" драмасындағы Маржан. 1956 жылдан Қазақ академиялық драма театрының құрамында актриса болды. Алғашында музыкалық спектакльдерге қатысып, Қыз Жібек, Ақжүніс (Е.Г. Брусиловскийдің "Қыз Жібегі" мен "Ер Тарғында"), Айман (М.Әуезовтің "Айман - Шолпанында") т.б. рольдерде ойнады. Бұдан кейін драма спектакльдерде көптеген рольдерді орындаумен көрермендер ілтипатына бөленді. Ойнаған негізгі рольдері қатарында Еңлік, Текті (Әуезовтің "Еңлік -Кебегі" мен "Қарагөзінде"), Баян, Мәрзия (Ғ.Мүсіреповтің "Қозы Көриеш - Баян сұлуында" және "Ақан сері- Ақтоқтысында"), Зәуре (Б.Майлиннің "Майданында"), Әйгерім (Әуезов иеи Л.С. Соболевтің "Абайында"), Сымбат (Ә.Әбішевтін "Армандастарында"), Айбарша (Ә.Тәжібаевтың "Майрасы"), Айша (Т.Ахтановтың "Сәулесінде"), Тана (Қ,Сатыбалдиннің "Қабаған итінде"), Шәрбану (З.Шашкиннің "Акын жүрегінде"), Жиһан (Ж.Файзидің "Башмағында"), Эмилия (У.Шекспирдін "Оте.длосында")бар. 1958 жылдан киноға түскен."Құрмет белгісі" орденімен, медальдармен марапатталған.
Фатима Машанбекқызы Мұсабекова Фатима Машанбекқызы Мұсабекова (2. 7. 1926 жылы туған, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы- 1988, Алматы қаласы) — тіл білімі маманы, филология ғылымы докторы (1977), профессор (1979). Қарқаралы педагогикалық училищесін (1944), Абай атындағы ҚазПИ-ді бітіргеннен соң (1948) осында аспирантурада қалдырылды. 1951—1958 ж. Алматы шет тілдері институтында оқытушы. 1958—1979 ж. қазақ тілі кафедрасының доценті. 1979 жылдан осы кафедра меңгерушісі. "Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем пунктуациясының негіздері" тақырыбында кандидаттық (1956), "Қазіргі қазақ тіліндегі зат есімдер стилистикасы" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
Фәтима Машанбекқызы Мұсабекова Фәтима Машанбекқызы Мұсабекова (14.9.1926 жылы, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы – 4.4.1988, Алматы қаласы) – филология ғылымдарының докторы (1976), профессор (1979). ҚазПИ-ді (1948, қазіргі ҚазҰПУ) және аспирантурасын (1950) бітірген. Алматы шет тілдері институтында (қазіргі Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті) оқытушы (1951–58), ҚазҰПУ-да доцент, кафедра меңгерушісі (1958–79) қызметтерін атқарды.«Қазіргі қазақ тіліндегі зат есімдер стилистикасы» атты тақырыпта докторантуралық диссертация қорғаған. Негізгі ғылми еңбектері қазақ тілінің пунктуациясы, стилистикасына арналған.
Қарағанды облысы әдебиеті мен өнері Қазақ театры ұжымында 1930 жылдың екінші жартысында М. Әбдікәрімов, М. Бектенов, Р. Жұматаев, Ә. Мұсабекова, Ж. Шашкина, М. Сұртібаев, сияқты белгілі өнер иелері тәрбиеленді.
Амангелді Әбдішұлы Мұсабеков Үйленген. Жұбайы - Ахметжанова Нұрбике Ағзымқызы, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Үлдары - Мұсабеков Есен (1972 ж. т.), кәсіпкер; Мұсабеков Ержан (1974 ж. т.), кәсіпкер; қызы - Мұсабекова Ботагөз (1976 ж. т.), кәсіпкер.
Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры Композиторлар Е.Г. Брусиловский, А. Жұбанов, М. Төлебаев, Л. Хамиди, режиссер Ж. Шанин, әншілер Қ. Жандарбеков, Қ. Байсейітов, К. Байсейітова, М. Ержанов, Ғ. Құрманғалиев, Ү. Тұрдықұлова, биші Ш. Жиенқұлова, т.б. ұлттық опералық музыканың негізін қалады. Кейінірек В.Ю. Жданов, Ю.Л. Рутковский режиссерлік етті, көркемдеуші суретшісі А.И.Ненашев, дирижері Ф.А. Кузьмич, хормейстері А.В. Преображенский болды. 1940 жылдары театр труппасына Ришат пен Мүсілім Абдуллиндер, С. Әбжанов, Ә. Үмбетбаев, Ш. Бейсекова, Б. Досымжанов, Р. Мұсабекова, Ә. Мұсабеков, т.б. әнші-артистер қосылды. Театрда А.В. Селезнев, Ю.П. Ковалев, Д.Т. Әбіров сияқты балетмейстерлер, И.И. Зак, Ғ.Н. Доғашев сынды дирижерлер жемісті еңбек етті.
Қарағанды облысының театрлары Театрдың негізін ҚазССР-нің еңбек сіңірген әртістері З. Көшкінбаева, Ж. Шашкина, С. Телғараев, З. Жақыповтар қалады. Театр 1932 жылы Ж. Шаниннің «Зәуре» қойылымымен ашылды. Ондағы басты кейіпкердің рөлін Ж. Шашкина ойнады. 1934 жылы театр жаңа әртістермен толықты. Олар Қазақ КСРО-ның халық әртісі Р. Қойшыбаева, А. Мұсабекова, М. Сүртібаев Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген әртістері А. Шаймерденов, М. Бектенов. Жас ұжым өздерінің театрдағы қызметтерін Н.В. Гогольдің «Женитьба» комедиясымен бастады. Театрдың репертуарында Б. Майлиннің «Майдан», «Талтаңбайдың тәртібі», С. Сейфуллиннің «Қызыл сұңқарлар», Ж. Шаниннің «Арқалық батыр» сиякты және де басқа қойылымдары болды.
Театр Ұзақ жылғы үзілістен кейін трагедия - қазақ драма театрының сахнасында 1962 жылы 29 мамырда 2 рет қойылды. Бүл бүгінгі күнге дейін жүріп келе жатқан көркемдік ғұмыры Ұзақ туынды. Қоюшы-реж. Ә. Мәмбетов пен суретші А. Ненашев тұрмыс-салт бейнелеу дәстүрінен бас тартып, шынайы көркемдік шарттылыққа барған. Сахна бұрынғы этнограф, реквизит бұйымдардан босатылып, қойылымның декорациялық көркемдеуі бір шымылдықпен шектеліп, оқиғаның дамуы мен алмасуы сонымен бағдарланып, сахналық алаң актерлердің еркін әрекет жасауына ыңғайлы қарастырылған. Бүл - қазақ режиссурасындағы тың бетбұрыс, жаңа бағыт, өмір талабынан, драматургиялық шығарманы өзінше танудан туған шешім болды. Қойылымға басқаша тыныс-қарқын, көркемдік сипат берілген. Абай өлеңдерін қолдану драма әрекетін күшейтіп, қойылымның поэтик. бейнесін айқындады. Жеке рольдерге берілген тұжырым-түсіндірмелер де бұрынғы таптауырындықтан арылып, уақыт талабына сай тың сахналық ойға негізделді. Абай ролін шығаруда Ы. Ноғайбаев пен М. Сүртібаев өздерінің актерлік орындау даралықтарымен келген. Ы. Ноғайбаевтың ширақ қимыл-қозғалысында, өткір көзқарасында, ашық дауыс-үнінде, тұтас болмысында күрескер ақын бейнесі елес берсе, М. Сүртібаевтың баяу да байсалды қозғалысында, ойлы көзқарасында, сөз астарының мазмұнында ойшыл адамның бейнесі кескінделген. Трагедия барлық облысы қазақ театрларының сахнасына қойылды. Бұлардың барлығы бірдей көркем дүние деңгейіне көтеріле бермегенімен, театрдың шығармашылық жолында елеулі із қалдырды. 1944 ж. А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсының Семей муз. драма театры сахнасына ықшамдалған нұсқасы ақынның 100 жылдық мерейтойына байланысты қойылды. Спектакльді сахнаға шығаруға Алматыдан Ә. Хасенов, С Майқанова, Р. Мұсабекова т. б. театр қайраткерлері келді. Режиссерлік жүмысшы Қ. Жандарбеков жүргізіп, әрі Жиренше ролін ойнады. Музика спектакльге опера және балет театрындағы әдеби нұсқасы да (либретто), әрі драмалық нұсқасы да пайдаланылған. Драмалық туындыға операның кейбір музыкалары пайдаланылып, негізінен либретто текстері диалог түріне айналған. Режиссер қарама-қарсы екі топтың арасындағы тартысты шиеленістіре келіп, Абай жақтаған әділетті, халық ынтымағын, адамгершілік идеяны айқын көрсетеді. Ойшыл ақынның кемеліне келіп қалыптасқан, өмірінің соңғы кезеңі суреттелді. Абай ролін Ә. Хасенов пен Р. Жәкенов кезектесіп ойнап, оның ақындық, ойшылдыққа ниеттерін терең ашқан.