Top 10 similar words or synonyms for москаленко

энхжин    0.963449

улстай    0.962434

шударга    0.962388

одежда    0.961080

редакңией    0.961058

эгнээг    0.960441

хамтран    0.960422

каната    0.959258

гюнцбург    0.958704

нэгдсэн    0.958588

Top 30 analogous words or synonyms for москаленко

Article Example
Иван Васильевич Москаленко Иван Васильевич Москаленко(1912, Жамбыл облысы,Қордай ауданы,Қордай ауылы- 19.11.1941, Ресей, Мәскеу облысы,Волоколам ауданы,Дубосеково темір жолы айырмасы) — 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, атқыш, қатардағы жауынгер,украин. Соғысқа дейін Қырғыз Республикасы, Ыстықкөл облысы Жетіөгіз ауданында байланыс мекемесінде есепші қызметін атқарған. Кецес әскері катарына 1941 жылдың шілдесінде шақырылып, Батыс майданның 16-армия 316-атқыштар дивизиясы 1075-атқыштар полкі 2-батальон 4-рота құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1941 жылы 16 қарашада Дубосеково темір жолы айырмасында болған ауыр шайқаста 18 жау танкісін жойған 28 гвардияшы-панфиловшылардың қатарында ерлікпен қаза тапқан. Москаленкоға КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (21.7.1942). 1966 жылы Мәскеу қаласы Солтүстік Тушино ауданында гвардияшы панфиловшылардың құрметіне көше беріліп, монумент орнатылды. 1975 жылы Дубосековода мемориал ашылып, Нелидово деревнясында (Дубосеководан 1,5 шақырым жерде) гвардияшы-панфиловшыларға ескерткіш орнатылып, мұражай ашылды. Панфиловшылардыц туған қаласы Алматы қаласында 28 гвардияшы- панфиловшыларға арналған саябақ бар және онда олардың құрметіне монумент орнатылған. Мәскеудің гимніне айналған «Дорогая моя столица» өлеңінде 28 гвардияшы- панфиловшылар туралы өлец жолдары айтылады. Москаленконың есімі бір кемеге берілген. Ленин орденімен марапатталған.
Шаужан Мұхамеджанов Шаужан Мұхамеджанов (18. 5. 1929 жылы туған Ресей, Омбы облысы, Москаленко ауданы - 24. 3. 1979, Апматы қ.) — тіл білімі маманы, филология ғылымы кандидаты (1964). Омбы педагогикалық училищесін бітіріп (1948), екі жыл мұғалім болып жұмыс істеген. ҚазМУ-ды бітірген (1955). 1955-1956 ж. Омбы педучилищесінде оқытушы. 1957-1958 ж. Семей облысы, Ұржар ауданы оқу бөлімінде нұсқаушы. 1958 жылдан бастап өмірінің соңғы күндеріне дейін ҚазКСР ғылым академиясының Тіл білімі институтында ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. ҚазКСР ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, филология ғылымы докторы Ғ. Мұсабаевтың жетекшілігімен "Қазіргі қазақ тіліндегі сөздің ауыспалы мағынасы" деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Орыс пен қазақ тілінің салыстырмалы грамматикасын жазуға белсене қатысты. 10-ға жуық ғылыми мақала жариялады.
28 гвардияшыл- панфиловшылар Жиырма сегіз гвардияшы Панфиловшылар — Ұлы Отан соғысы жылдарында Мәскеуді ерлікпен қорғаған қазақстандық жауынгерлер. 1941 ж. 15 қарашада Германия әскерлері 51 дивизиямен Мәскеуге екінші “негізгі шешуші шабуылды” бастады. Батыс майдан жауынгерлері ауыр ұрыстар жүргізді. Осы майданға кіретін 16-армияның құрамында Алматыда жасақталған генерал-майор И.В. Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясы (кейіннен 8-гвардиялық-панфиловшылар дивизиясы) Мәскеу түбіндегі Волоколам тас жолын қорғады. 16-қарашада жау Волоколам бағытында ұрысқа шығып, Дубосеково разъезіндегі 1075-атқыштар полкі 4-ротасының 2-взводы тұрған бекініс шебіне шабуыл жасады. Ротаның саяси жетекшісі В.Г. Клочков басқарған взвод жауынгерлері — барлығы 28 адам мылтықпен, жанармай құйылған шөлмектермен, гранаталармен қаруланып, жаудың 20 танкісімен 4 сағатқа созылған ұрыс жүргізді. Жаудың 14 танкісі қиратылып, панфиловшылар арасынан да бірнеше адам қаза тапты. Жау ұрысқа тағы 30 танк шығарды. Қазақстандық жауынгерлер соғыс тарихында сирек кездесетін ерлік жасап, жаудың болат құрсанған машиналарына төтеп берді. 28 панфиловшылардың 23-і қазаға ұшырады, бірақ жау танкілері олардың шебінен өте алмады. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1942 ж. 21 шілдедегі Жарлығымен бұл жауынгерлердің барлығына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Олар: Николай Яковлевич Ананьев, Григорий Михеевич Безродных, Николай Никонорович Белашев, Бондаренко Яков Александрович, Васильев Илларион Романович, Иван Евстафьевич Добробабин, Дутов Петр Данилович, Емцов Петр Кузьмич, Нарсұтбай (Нұрсұлтан) Есболатов, Калейников Дмитрий Митрофанович, Клочков Василий Георгиевич, Абрам Иванович Крючков, Григорий Ефимович Конкин, Қожабергенов Әлиасқар, Әлікбай Қосаев, Николай Гордеевич Максимов, Гавриил Степанович Митин, Митченко Никита Андреевич, Иван Васильевич Москаленко, Иван Моисеевич Натаров, Григорий Алексеевич Петренко, Мұсабек Сеңгірбаев, Дмитрий Фомич Тимофеев, Николай Игнатьевич Трофимов, Иван Демидович Шадрин, Иван Алексеевич Шепетков, Григорий Мелентьевич Шемякин, Дүйшөнкул Шопоков. Батырлардың есімімен аталатын мектеп, ауыл, аудан, көше, парктер бар. Алматы қаласындағы 28 панфиловшы-гвардияшылар паркінде, Мәскеу түбіндегі Дубосеково разъезінде және батырлардың туған жерінде ескерткіштер орнатылып, мемориалдық мұражай ашылған.