Top 10 similar words or synonyms for монологы

зарлы    0.752306

шайтанды    0.751842

татьянаның    0.741583

еліме    0.739380

тоярсың    0.733517

жоқтауы    0.732526

алдаркөсе    0.727462

ақбөпе    0.727028

қыздармен    0.726722

даралығы    0.722079

Top 30 analogous words or synonyms for монологы

Article Example
Алла Сергеевна Демидова Алла Демидова 5 жасар кезінде болашағы туралы берген үлкендердің сұрақтарына «ұлы актриса» боламын деп жауап беретін. Мектеп театрында оған әйелдердің рөлін ойнауды ұсынбайды. Бірақ ол «Гроза» атты шығармадан Катеринаның монологы мен «Анна Каренинадан» үзінді оқып өз бетінше дайындалады.
Асқар Құмарұлы Алпысбай Әкесі Құмар кең байтақ Алтайдың Ақтау (Мұзтау), Сарытау, Аршаты, Қаражал, Құзғынды, Жайдақ, Марқакөл, Алқабек, Қалжыр, Бөкенбай, Бүйрек, Бұқтырма, Зайсан өңірлерін, Алтайдың Ресейге қарап қалған Шүй жеріндегі ұлы сілемдерді атпен аралатып, елмен жерді тануына ерекше ықпал еткен. Сондықтан да автордың «Алтайдың ал қызыл модағайы», «Аза» (Қайың сауған, ел ауған) романдары, «Қызыл бөлтірік», «Қара бура» повестері, «Қызбейіт», «Дода», «Кержақтың монологы» т.б әңгімелері мен эссе, мақалалары туған жеріне арналады.
Темірхан Медетбек Ғасырлар қойнауында елеусіз қалған ерлік рухын жаниды. Жауға деген өктемдік “Қуат жырында”, “Асқанның орманын отындай өртедім. Тасқанның көлдерін астаудай төңкердім” деп беріліп, батырлар айбарын асқақтата түседі. Оның “Махамбет рухының монологы”, “Күлтегін”, “Тоныкөк” дастандары — ұлттық бояуы қанық, күрескер, қайсар әрі мұңшыл романтик. болмысты толықтай танытқан поэтикалық қуатты шығармалар. Ол украин, өзбек тілдерінен В.Гужва, Е.Вахидов өлеңдерін тәржімалады. Медетбекке “Тағдырлы жылдар жырлары” жинағы үшін ҚР-ның Мемлкеттік сыйлығы берілді (2000).
Айттым сәлем, қалам қас... «Айттым сәлем, қалам қас...» -Абайдың 1889 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 10 шумақтан тұрады. Шығарма Абайды дүниежүз. әдебиеттің өресіне көтерген туындыларының бірі. Өлеңде ақын жастықты, сұлулықты, ғашықтықты жырға қосып, бірін-бірі сүйген екі жастың сүйіспеншілігін, ішкі сезімдерін ашып көрсетеді. Кейіпкер монологы арқылы оның жан-жүрегін, кіршіксіз ақ махаббатын сөйлетеді. Туындыдағы сүйген қызына сәлем жолдаушы жігіт - Абай тұсындағы оқыған өмірден тоқығаны көп жаңа тұрпатты азамат. Жігіт үшін бүл дүниеде сүйгенінен артық ешкім жоқ. Бәрін соның жолына құрбан етуге әзір. Сол антының растығын сағынғанда көзіне келетін ыстық жасымен дәлелдейді. Өлең бірте-бірте ыстық ләззат сезімін тербеп, жан мен тән іңкәрлығына жетелейді. Дегенмен, ақын өлең¬де анайы ашықтыққа, тәтті сезімді селт еткізіп түршіктірер тұрпайылыққа бармайды.
Америкаша тонау Эдриан Броудиге өзінің актерлық өнерінің барлық қырын көрсетуге көп мүмкіндік берген. Тіпті бауырына айтқан монолог Эдрианның өзі жазған деседі. Бауырына айтқан монологы қатты ұнады маған. Екі бауырдың бір-бірін көрмей кетуге себебі бола тұрса да бауырмашылдықтары ұнады.Эдриан Броуди өзін әр түрлі рөльде сынап көруге дайын актер екенін білеміз. "Пианист" киносынан кейін оны жақсы көріп кеткем. Бірақ, дәл осындай сүмелектің рөлін ол бірінші рет сомдап тұр. Оны көріп отырған кезде ісіне қарап жәй ғана ұрып тастағың кеп кетеді, ол сүмелектерді тура бере білген. Тіпті олардың қозғалысы, ондай адамдардың ішкі стреженьннің жоқтығында айқын берген.
Марк Твен Осы сапарлар турасында жазылған “Ақкөңілдер шетелде” (1869), “Шыныққандар” (1872) атты еңбектерінде ескі мен жаңаны салыстыра келе, өмірдегі күйкі құбылыстарды сықақ етеді. Ч.Д. Уорнермен бірге жазған “Алтынға малынған ғасыр” (1873) атты романында АҚШ-тағы Азамат соғысынан кейінгі адамзаттың азғындауы, қоғамдағы алдау-арбау, адами болмыстың арзандауы туралы шынайы жазды. Өмірбаяндық “Том Сойердің таңғажайып істері” (1876), “Гекльберри Финнің басынан кешкен оқиғалары” (1884) атты еңбектерінде бақытсыз балалық шақ, пайдасы аз шіркеулік оқулар мен бай адамдар психологиясы өткір мысқылмен бейнеленген, Американың өткені мен бүгінгі өмірі жан-жақты суреттелген. “Ханзада мен қайыршы” (1882), “Ашықауыз Вилсон” (1894), “Жанна Д’Арк туралы жеке естеліктер” (1896), “Менің сыншыларым – миссионерлерге” (1901), “Патшаның монологы” (1905), “Бейтаныс адам” (1916), т.б. туындылары дүние жүзі халықтары тілдеріне аударылған. Твеннің “Том Сойердің таңғажайып істері” (1939, 1949, 1951, 1965), “Гекльберри Финнің басынан кешкен оқиғалары” (1949, 1967), т.б. шығармалары қазақ тілінде жарық көрген.
Абайдың поэзия жанрлары Жапырақтар да қалтырап, жұлдыздардың да сәулесі дірілдеп көрінуі жас ғашықтардың дегбір таба алмай тұрған қалпын үндестіре алу талабынан туған. Абай бір топ лирика өлеңдерінде ақын өмір сүрген ортаны, нақтылы табиғат құбылыстарын адамның күнделікті тұрмысымен сабақтастыра бейнелей отырып, ез көңіл күйінен де айқын елес береді. Тегінде қай жанрлық түрге жатқызуға лайық шығарма болса, лирика өлеңдердің көбінде қоғамдық, әлеуметтік мәселелер жайлы ой-түйіндер мен ақынның өз көңілін толқытқан сезім-әсерлері астасып жатады. Өйткені лирика туындыларды саяси-әлеуметтік, философия лирика, көңіл-күй лирикасы, махаббат немесе табиғат лирикасы деген сияқты жанрлық түрлерге бөлудің өзінде көп жағдайда белгілі мөлшерде шарттылық бар. Мұндай жіктеп-ажыратулар алдымен лирика шығармалардың тақырыбы, құрылыс-қалпы, бейнелеу тәсілдері біркелкі емес, әр алуан келетініне көңіл аудару үшін қажет. Сонымен бірге лирика шығармасының езі бірнеше қырынан алып қарауға лайық келіп, қат-қабат жанрлық сипат-белгілері болуы мүмкін. Осыны Абайдың әр қилы жанрлық түрлерге жатқызылып жүрген лирика шығармаларынан байқауға болады. Ақынның адам бейнесін, әртүрлі сипат-келбетін ашып көрсету тәсілдері де алуан түрлі. Айталық, ел билеушілер типін жасаған кезде ақын сан алуан сатиралық тәсілдерді пайдаланды. «Болыс болдым, мінеки...» өлеңі түгелдей болыстың монологы болып келеді. Мұнда шығарманың идеялық мазмұны кейіпкерді әшкерелеу арқылы ашылады. Бұл өлеңде зәрлі мысқыл да, күлкі-әжуа да көп. Өзінің тапқырлығы мен ептілігіне дандайсыған болыстың бейнесі сатиралық жағынан өткір. Бұл оған әлеуметтік және психология жағынан мінездеме берудің бірден-бір ұтымды тәсілі болады да, ол өмірдің езі туғызған нағыз шыншыл тип ретінде көрінеді:
Ергенеқон Ергенеқон— "дастан"; ғұндар мемлекеттік бірлестігі ыдырап, көк түріктердің алғашқы мемлекеті — Түрік қағанаты салтанат құрған (552 — 745) кезеңге дейінгі 450 жыл ішінде болған түрлі оқиғаларды қамтитын, түркі халықтарының ата тегін тарихи деректер бойынша жыр еткен ауыз әдебиеті үлгілерінің бірі. “Ергенеқон” дастаны толық күйінде сақталмаған, тек жекелеген үзінділері мен жалпы сюжеттік желісі ғана бізге мәлім. “Ергенеқон” дастанына алғаш назар аударғандар Түркияның түркітанушы ғалымдары — М.Ф. Күпрулу (1896 — 1966), Атсыз Нихал (1905 — 1975) болды. Түрік зерттеушілері “Ергенеқон” дастанына қатысты бірқатар деректерді заманымыздан бұрынғы 1 ғасырда өмір сүрген Қытай тарихшысы Сыма Цянның “Цянь хань Шу” (“Бірінші хан дәуірінің тарихы”) атты кітабынан алғанын, сондай-ақ, ежелгі грек тарихшылары Полиэн, Ктезий, Геродот (заманымыздан бұрынғы 490/80 — 425) жазбаларынан тапқанын айтады. Көне түркі жазба әдебиетінің сюжеттік желісіне енген кейбір тарихи оқиғалар, аңыз-әфсаналар “Ергенек” дастанында ұшырасып қалады. Дастан мазмұны бойынша: баяғы өткен заманда Көк түріктердің елін Иль деген хан басқарыпты. Бұл кезде түркі елі аса қуатты екен. Олардың жебесі жетпеген жер, әскері алмаған ел қалмапты. Бұлардың “даңқы жер жарып, беделі асқар таулардан асып тұрған заманда” көрші отырған бір елдің әміршісі оларға зұлымдық ойлап, түркілерге қарсы соғыс жариялайды. Қан майдан шайқас енді ғана қызып келе жатқан сәтте жау әскері дереу шегініп, қаша жөнеледі. Бұл олардың айла-тәсілі еді. Түркі әскері соңына түсіп, қуып кетеді. Алайда өздеріне қолайлы жерге жеткенде жау жағы жалт бұрылып, қарсы шабуылға шығады. Қапылыста жау қоршауына түскен түркі әскері жеңіліп қалады. Жау оларды қырып-жойып, тірі қалғандарын тұтқындап әкетеді. Иль ханның балалары өте көп еді. Бәрі соғыста қаза табады. Тек кенжесі Қаян ғана тірі қалады. Иль ханның Тоғуз деген жиені де соғыста аман қалып, жауға тұтқын болған екен. Бір күні Қаян мен Тоғуз әйелдерімен бірге тұтқыннан қашып шығып, өздерінің баяғы ескі жұртына келеді. Олар мұнда жайылып жүрген төрт түлік малды көреді де, әрқайсысынан бір-бір жұптан ғана алып, алыс жолға аттанады. Қаян мен Тоғуздың ендігі арманы — артынан келген жау іздеп таба алмайтын, шөбі шүйгін жайылымы бар, жанға жайлы жерұйық мекен табу еді. Бұлар талай күндер, айлар, жылдар бойы сарылып жер кезеді. Ешбір жер ұнамайды. “Бірі шөпсіз, бірі сусыз, бірі күнсіз” болып шыға береді. Түркілер ақыры айналасын аса биік көгілдір таулар қоршаған, сарқырап ағып жатқан асау өзендері бар жерге тап болады. Сол үлкен дарияның бір жағы — жеміс ағаштары жайқалып тұрған бау-бақша, екінші жағы — шүйгін шөбінен түйе көрінбейтін кең жазира жайлау екен. Бұл жұмақ тектес жерді “Ергенеқон” деп атапты. Ергенеқон жері түркілерге құтты қоныс болыпты. Қаянның баласы Қаяттан тарағандар қаяттар, ал Тоғуздың баласы Түрілгеннен түркештер тайпасы өмірге келіпті. Бұлардан тараған ұрпақтар өсіп-өніп, төрт жүз жыл ішінде тұтас бір халыққа айналыпты. Түркілердің малы да төрт жүз жыл ішінде көбейіп, Ергенеқон жеріне сыймай кетіпті. Бір күні Ергенеқон елінің әміршісі, кемеңгері, алып батыры Бөрте Шене (бөрі) қарамағындағы халықты жинап алып, оларға қарап үндеу сөз айтады: “Уа, қасиетті Көк Бөрі ананың ержүрек оғландары мен әулеті! Менің айтар сөзімді пайымда, жақсылап ұғып ал! Біздің ата-бабаларымызға қадым замандардан бері осы Ергенеқон жері құтты мекен болған. Арада көп жылдар өтті. Көк Тәңірі бізді қолдап, өстік, өндік, көбейдік. Бұл үшін киелі Ергенеқон жеріне бәріміз бас иіп, тағзым етейік. Әйтсе де біздің ұлы бабалар зираты жатқан қасиетті атамекеніміз анау заңғар таулардың арғы жағында екенін ұмытпайық. Бір кезде бізге қорған болған асқар таулардың қоршауынан амалдап шығайық. Енді аттың басын ата жұртқа қарай бұрайық. Табғаштарды жерімізден қуып шығарайық. Сөйтіп, кек қайтарайық, жер қайтарайық!” — дейді. “Ергенеқон” дастанында Бөрте Шене сөзін күллі халық қалай қолдап-қолпаштағаны, алыс сапарға әзірлік, биік таулардан көштің шыға алмай тұйыққа тірелгені, сонда бір темірші ұстаның жетпіс түйе терісінен үлкен көрік жасағаны, сол арқылы темір тау бөктеріне көмір жағып, ақыры тауды ерітіп салынған жолмен керуеннің өткені, туған жерге жеткені, төрт жүз жылдан кейін табғаштардан кек қайтарғаны, “Түрік қағанаты” атты мемлекет құрғаны жырланады. “Ергенеқон” дастанының қысқаша сюжеттік желісі осындай болып келеді. Ә.Марғұлан бұл дастанда айтылатын дәуір оқиғаларының тарихи шындығы жайында: “Біздің заманымыздан үш ғасыр бұрын — Қытай өкіметі ғұндарға қарсы жойқын соғыс ашып, алты жүз жыл өткенде оларды қиратып бітірген. Бостандықты жақсы көретін ғұндар Алтай тауының, Жетісудың төңірегіне жиналып, суармалы егін егіп, тау-кен жұмысымен шұғылданады. Темір, мыс, алтын шығарады..., 350 жыл өткен соң ғұндардың қалғандары жаңадан көтеріліп, 6 ғ-дың орта кезінде Түрік қағанатын құрады. Түріктердің бұрынғы аталары Күнбатыс теңізінің жоғарғы жағында тұратын. Олар ғұндардың бір ұлы тайпасы еді”, — деп жазады (Марғұлан Ә., Ежелгі жыр, аңыздар, А., 1985, 7 — 8-беттер). Бізге қытай, иран, грек тарихшылары арқылы жеткен аңыз бойынша, ғұндар өз жауларынан жеңіліп, халқы түгел дерлік қырылып, жалғыз бір бала аман қалыпты. Жау әскері оны өлтірмей, шөбі шүйгін бір көл жағасына тастап кетіпті. Баланы Көркем көл (Ыстық көл) маңайында жүрген бір бөрі асырайды. Аңшылар соңынан түсе берген соң, әлгі бөрі баланы алып, Алтай тауына қарай кетіп қалады. Бөрінің баланы асырап алған жері Ергенеқон деп аталады. Марғұлан түріктердің ата тегі туралы әфсананы жалғастыра түседі: “Ең таңсығы Ергенеқон алабы, жан-жағын биік таулар қоршап алған кең алқап, қандай жау болса да таудан асып түсе алмайтын мықты бекініс, іші толған байлық, шөбі, суы орасан көп. Бөрінің қаншығы осы арада бекініп, баладан он ұл көтереді. Соның бірі ғұн ұрпағы — Ашина. Түрік қағанатын бірінші рет басқарған ғұн ұрпағы Шене (бөрі) — ақылды, кемеңгер, ойшыл кісі болған, Тоныкөкке ұқсас. ҙзінің ерекшелігін білдіру үшін ордасының қақпасына бөрі басты сурет салынған ту байлатып қойған”. “Ергенеқон” дастанындағы кемеңгер Бөрте Шененің халыққа арнау сөз айту дәстүрі кейінірек Түрік қағанаты тұсында өмірге келген “Күлтегін” жырында өз жалғасын тапты. Ежелгі түркі ауыз әдебиетінің мұндай дәстүрі араға сан ғасырлар салып барып жазба әдебиетте жалғаса түскенін “Қорқыт Ата кітабынан” да көреміз. Мәселен, елді жау шауып, оны қорғау үшін хан сарайына оғыз батырлары жиналып жатқан сәтте Қорқыт Атаның айтатын ұзақ монологы бар. Ол: “Тыңдаңыз, хан ием, кімдер келген екен”, — деп басталады. Кейін Асан Қайғы (15 ғ.) да өзінің желмаясына мініп алып, халқына “қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған жерұйық” іздейді. Сөйтіп, “Ергенеқон” дастанына өзек болған идея — халыққа құтты қоныс, жерұйық, бақытты өмір іздеу сарыны араға сан ғасырлар салып барып, Асан Қайғы жырау-толғауларында қайталанады. “Ергенеқон” дастанындағы әфсаналарда да, Асан Қайғы жайындағы аңыздарда да жерұйыққа үш талап қойылады. Олар: малға қолайлы, шөбі шүйгін жер, жау әскері бармайтын қоныс, адамы жүзге келмей өлмейтін мекен. “Ергенеқон” дастаны — түркі халықтарының шығу тегін, түрлі тайпалық топтарға бірігуін, көне кәсібін, өмір сүру салтын аңыз-әфсаналар мен жекелеген тарихи деректер бойынша жыр еткен, бізге толық күйінде жетпеген ауыз әдебиеті үлгілерінің бірі саналады.