Top 10 similar words or synonyms for митченко

николаева    0.941494

әлікбай    0.941483

әліпова    0.941346

сафронович    0.938490

арқабаев    0.938457

ақбаров    0.934940

кулешов    0.934664

баспақова    0.932621

рысқалиев    0.932338

яровой    0.931110

Top 30 analogous words or synonyms for митченко

Article Example
Митченко Никита «Ақмола облысы» энциклопедиясы
Митченко Никита Митченко Никита Андреевич (1913, қазіргі Аршалы ауданы Владимиров ауылы– 1941, Мәскеу облысы Волоколам ауданы Дубосеково разъезі) – 28 панфиловшы-батырлардың бірі, Кеңес Одағының батыры (1942, қаза тапқаннан кейін). Еңбек жолын туған ауылында бастаған. 1936 жылы жанұясымен Үштөбе қаласына (қазіргі Алматы облысы ) көшіп барып, темір жол ст-ның сауда базасында жүк тасушы болып жұмыс істеген. 1941 жылы өз еркімен майданға аттанып, 1075-атқыштар полкі 4-ротасының құрамында ұрыстарға қатысқан. Дубосековоны қорғау кезіндегі ұрыста қаза болған. Нелидово деревнясындағы (Мәскеу облысы ) бауырластар зиратына жерленген. Аршалы кентіндегі көшеге, Владимировтегі орта мектепке Митченко есімі беріліп, Үштөбе қаласында ескерткіш-бюст орнатылған.
Тектұрмас гранит кен орны Тектұрмас гранит кен орны - Қарағанды облысы Тоқырауын өзенінің жағасында, Балқаш қаласынан солтүстікке қарай 5 км жерде орналасқан кен. Кен орны 1990 жылы (геологтар В.И. Зубарь, В.М. Митченко, В.Н. Гончаров, Г.П. Осадчий) ашылып, 1993-1994 жылдары барланған.
28 гвардияшыл- панфиловшылар Жиырма сегіз гвардияшы Панфиловшылар — Ұлы Отан соғысы жылдарында Мәскеуді ерлікпен қорғаған қазақстандық жауынгерлер. 1941 ж. 15 қарашада Германия әскерлері 51 дивизиямен Мәскеуге екінші “негізгі шешуші шабуылды” бастады. Батыс майдан жауынгерлері ауыр ұрыстар жүргізді. Осы майданға кіретін 16-армияның құрамында Алматыда жасақталған генерал-майор И.В. Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясы (кейіннен 8-гвардиялық-панфиловшылар дивизиясы) Мәскеу түбіндегі Волоколам тас жолын қорғады. 16-қарашада жау Волоколам бағытында ұрысқа шығып, Дубосеково разъезіндегі 1075-атқыштар полкі 4-ротасының 2-взводы тұрған бекініс шебіне шабуыл жасады. Ротаның саяси жетекшісі В.Г. Клочков басқарған взвод жауынгерлері — барлығы 28 адам мылтықпен, жанармай құйылған шөлмектермен, гранаталармен қаруланып, жаудың 20 танкісімен 4 сағатқа созылған ұрыс жүргізді. Жаудың 14 танкісі қиратылып, панфиловшылар арасынан да бірнеше адам қаза тапты. Жау ұрысқа тағы 30 танк шығарды. Қазақстандық жауынгерлер соғыс тарихында сирек кездесетін ерлік жасап, жаудың болат құрсанған машиналарына төтеп берді. 28 панфиловшылардың 23-і қазаға ұшырады, бірақ жау танкілері олардың шебінен өте алмады. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1942 ж. 21 шілдедегі Жарлығымен бұл жауынгерлердің барлығына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Олар: Николай Яковлевич Ананьев, Григорий Михеевич Безродных, Николай Никонорович Белашев, Бондаренко Яков Александрович, Васильев Илларион Романович, Иван Евстафьевич Добробабин, Дутов Петр Данилович, Емцов Петр Кузьмич, Нарсұтбай (Нұрсұлтан) Есболатов, Калейников Дмитрий Митрофанович, Клочков Василий Георгиевич, Абрам Иванович Крючков, Григорий Ефимович Конкин, Қожабергенов Әлиасқар, Әлікбай Қосаев, Николай Гордеевич Максимов, Гавриил Степанович Митин, Митченко Никита Андреевич, Иван Васильевич Москаленко, Иван Моисеевич Натаров, Григорий Алексеевич Петренко, Мұсабек Сеңгірбаев, Дмитрий Фомич Тимофеев, Николай Игнатьевич Трофимов, Иван Демидович Шадрин, Иван Алексеевич Шепетков, Григорий Мелентьевич Шемякин, Дүйшөнкул Шопоков. Батырлардың есімімен аталатын мектеп, ауыл, аудан, көше, парктер бар. Алматы қаласындағы 28 панфиловшы-гвардияшылар паркінде, Мәскеу түбіндегі Дубосеково разъезінде және батырлардың туған жерінде ескерткіштер орнатылып, мемориалдық мұражай ашылған.