Top 10 similar words or synonyms for минометшілер

расчетінің    0.874725

автоматшылар    0.866460

штурмдық    0.860661

гаубица    0.860383

гвардиялык    0.859712

рокоссовский    0.856682

эскадрилья    0.841194

кожемякин    0.841079

пулеметшілер    0.839053

каруланған    0.837897

Top 30 analogous words or synonyms for минометшілер

Article Example
Боран Нысанбаев Боран Нысанбаев (1918, Атырау облысы, Индер ауданы, Қаңбақты ауылы - 6 ақпан 1943, Ресей, Орел облысы,Лески деревнясы) — екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, минометшілер расчетінің командирі. 1942 жылы әскер қатарына шақырылып, 137-атқыштар дивизиясының 771-полкі минометшілер расчетінің командирі болды.
Қарағанды облысынан Ұлы Отан соғысына қатысушылар Осылайша минометшілер командирі Мороздың ерлігі арқасында Днепрдың оң жағасындағы бекініс алаңы кеңи берді. Соны пайдаланған кеңес әскерлері шабуылды үдетті.
Қарағанды облысынан Ұлы Отан соғысына қатысушылар Сержант Мороздың таңғажайып ерлігі полктің Днепрден өтуі кезінде көрінді. 1943 жылғы қыркүйектің 23-де минометшілер өткелге таяп келіп, қарсы беттегі жолдастарына оқ-дәрі жеткізуге әрекеттенді. Мұны байқап қалған немістер пулеметтен оқ жаудырды. Минометшілер еріксіз бұғуға тура келді. Осы кезде сержант Мороз жанына бір топ жолдасын ертіп алып, жаудың сыртына жасырын өтіп кетті. Сөйтіп, оларды бекінген жерінен айдап шықты. Осылайша біздің жауынгерлерге төнген қауіп түманы сейілді.
Григорий Артемович Найденов Григорий Артемович Найденов(27.12.1915, Ресей, Алтай өлкесі, Волчихин ауданы,Селиверстов селосы - өлген жылы белгісіз) - 2-дүниежүзілік соғыска қатысушы, аға лейтенант, минометшілер дивизионының командирі,орыс. Кеңес әскері қатарына 1937 жылы алынып, 1938 жылы Хасан өзеніндегі ұрыстарға қатысқан. Командирлер мектебін, 1940 жылы Владивостоктағы жаяу әскер училищесін бітірген. 1941 жылдан Ұлы Отан соғысының майданында болды. 9-жеке минометшілер полкі (Воронеж майданы, 40-армия) минометшілер дивизионының командирі дивизионымен алғашқылардьтң бірі болып Днепр өзенінен өтіп, Белая Церковь қаласы (Киев облысы) үшін болған шайқаста минометпен жаудың 8 пулеметін, бір ротаға жуық әскерін, 3 артиллериялық және минометтік батареяны жойды және 3 шабуылына тойтарыс беруге қатысты. Осы ерлігі үшін оған КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (24.12.1943). 1946 жылдан запаска шықты. 1975 жылға дейін Ростов облысы Каменск-Шахтинский қаласында қызмет істеді. Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған. Волчиха кентінде Найденовке бюст орнатылған.
Андрей Васильевич Сумин Андрей Васильевич Сумин(24.11.1919, Шығыс Қазақстан облысы,Глубоков ауданы,Феклистовка селосы -23.9.1986, Дағыстан, Махачкала қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, капитан, батарея командирі, кейіннен майор Лениногор тау-кен техникумының 3-курсында оқып жүрген кезінде Кеңес әскері қатарына шақырылды. Беларусьтің Барановичи ауданында әскери қызметін өтеп жүрген кезінде Ұлы Отан соғысы басталды. Сумин шегінудің ащы дәмін татты, жараланып, госпитальға түсті. Емделіп шыққан соң 167-атқыштар дивизиясының минометшілер батареясына командир болып тағайындалды. Курск доғасындағы, Белгородты азат ету, Днепрден өту кезіндегі, т.б. ipi шайқастарға катысты. 1943 жылғы 4 қарашаның түнінде майор Мерзлюктің батальоны мен аға лейтенант Суминнің минометшілер батареясына Вышгород ауданы тұсында Днепрден бірінші болып өтіп, оң жағалаудағы плацдармды ұстап тұру міндеті тапсырылды. Суда жүзетін салға миномет пен қол пулеметтерін, оқ-дәрілерін тиеген жауынгерлерге жеңіл қайықпен бораған оқтың астынан өтуге тура келді. Көптеген жауынгерлер қаза тауып, біразы жараланды. «Катюшалардың» күшті атыстарының қолдауымен тірі қалғандар арғы жағаға өтіп, жау траншеяларына бекіне бастады. Құмды жағалауға минометтерін орнатқан Сумин батареясы жаудың пулемет ұяларын оқтың астына алып, негізгі күш өтетін өткелді қорғады. Жау әскері бар күшін өзенге топтастырып, 7 рет қарсы шабуыл жасады. Кеңес әскерін кері шегіндіруге, Днепрге қайтадан ығыстыруға тырысқанымен, үлкен шығынға ұшырап, өздері шегінуге мәжбүр болды. Плацдармды ұстап тұрған жауынгерлердің қатары да сиреп, оқ-дәрі таусылған соң минометшілер жаяу әскерге қосылды. Ертеңіне түнде өткелден өткен негізгі күшпен біріге отырып, Киев қаласын азат етті. Осы ұрыстан кейін дивизияның 22 әскері мен офицері жоғары марапаттауларға ұсынылды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Суминге Кеңес Одағының Батыры атағы және Ленин ордені, «Алтын Жұлдыз» медалі берілді (10.1.1944). «Қызыл Жұлдыз» және Қызыл Ту ордендерімен марапатталды. Сумин соғысты Австрияда аяқтады. Соғыстан кейін капитан Сумин Ленинград жоғары офицерлер мектебін бітіріп, минометшілер батареясын, дивизион штабын басқарды. 1959 жылы майор шенінде запасқа шығып, Өскемендегі «ЕртісГЭСқұрылыс» мекемесінде кадрлар бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді. Өмірінің соңғы жылдары Дағыстанның Махачкала қаласында тұрып, әскери-патриоттық тәрбие беру ісімен айналысты.
Николай Николаевич Сыщенко Сыщенко Николай Николаевич (9 мамыр 1923 жылы, Солтүстік Қазақстан облысы Ғ. Мүсірепов ауданы Рузаев селосы – 10 наурыз 1979 жылы,Көкшетау облысының Щучинск қаласы) – 3­-дәрежелі «Даңқ» орденінің толық иегері. Ұжымшарда жұмыс істеген. 1942 жылдың маусым айында Қызыл Армия қатарына алынып, Ұлы Отан соғысының майдандарында 1942 жылдан ұрыстарға қатысқан. 238-­атқыштар дивизиясы 837-­атқыштар полкінің минометшілер тобының командирі болған. 1946 жылы әскер қатарынан босатылған. Щучинск қаласында тұрып, жұмыс істеген.
Александр Михайлович Анищенко Александр Михайлович Анищенко (6.11.1916 - 30.10. 1976, Ресей, Киров облысы Киров қаласы) - екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, гвардия сержанты, минометшілер расчетінің командирі. Орыс. Кеңес әскері қатарына 1943 ж. Киров облысы Мурашин ауд. әскери комиссариатынан шақырылған. 1943 жылдың 26 қыркүйегінде артиллерияның және әуе күші қызметшілері үлкен шығынға ұшырады. Бұл шайқаста Анищенко басқарған минометшілер тобы көптеген гитлершілерді жойды. Неміс басқыншылары Днепр өзені жағалауынан өтіп бекініп қалмақ болып, 1943 жылдың 5 қазанында тағы да танк және әуе күшімен шабуылға кірісті. 209-гвардиялық жаяу әскер полкінің (Дала майданы, 7-армия, 73-гвардиялық жаяу әскер дивизиясы) миномет расчетінің командирі Анищенконың тобы жау танкілерін жойып, тойтарыс берді. 1943 жылдың 16 қазанында Бородаевка хуторындағы шайқаста Анищенко гранатамен бірнеше гитлершілерді жермен-жексен етті. Осындай ерліктері үшін КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Анищенкоға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (26.10.1943). Ленин орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. Соғыстан кейін ол Киров қаласында (Ресей) тұрды.
Огородников Николай Иванович Огородников Николай Иванович (11.10.1919 жылы туған, Ресей, Удмурт АКСР-і) – Кеңес Одағының Батыры (16.10.1943). Соғысқа дейін Кемерово облысында тұрып, ұжымшарда жұмыс істеген. Қызыл Армия қатарына 1939 жылы алынды. Кіші лейтенанттар курсын бітірген (1943). Орталық Орталық майданның 8-атқыштар дивизиясының 151-полкының минометшілер ротасы аға лейтенант Огородниковтың басқаруымен Днепрден Навозы селосы тұсынан өтіп жау бекінісін басып алып, көмек келгенше ұстап тұрды. 1945–60 жылдары майор Огородников Ішкі істер министрлігінде қызмет атқарды. 1960 жылы запасқа шығып, Ленгер қаласында тұрды. Ленин, 1-, 2-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Полк Полк — әкімшілік, шаруашылық жағынан дербес басқарылатын әскери бөлім. Полктар атқыштар (жаяу әскер), авиация, әуе шабуылына қарсы қорғаныс, танкілік, механикаландырылған, артилллериялық, инженерлік, зениттік, барлау, байланыс, әуе-десанттық, т.б. болып бөлінеді. Әр полктың "штабы", бірнеше батальоны (эскадрон, эскадрилья, дивизион, роталар) "жабдықтау" және "тылдағы бөлімшелері" болады. Көптеген полктер әскери құрамаларға — "дивизия" мен "бригадалар" құрамына кіреді. Ресей мен Батыс Еуропа мемлекеттерінде (Германия, Франция, Швеция, т.б.) полктер 16 — 17 ғ-ларда пайда болып, 18 — 19 ғ-ларда бірнеше рет өзгерістерге ұшырады. 1-дүниежүзілік соғыста жаяу әскер полкы "3 — 4 батальон" (әрқайсысы 4 ротадан), "барлау", "станокты пулеметтер" және "тылдағы бөлімшелерден", ал атты әскер полкы "4 — 6 эскадроннан" тұрды. 2-дүниежүзілік соғыс жылдары жаңадан "танкілік", "механикаландырылған", "авиациялық", "әуе-десанттық" және "атқыштар полктары" пайда болды. Олардың құрамында "3 — 4 батальон", "артилллериялық", "минометшілер", "танкіге қарсы артиллерия", "зениттік пулеметтер", т.б. бөлімшелер болды. Кейбір полктер әскери құрама қатарына кірмейді, тікелей майдан, армия қолбасшыларына бағынады.
Ардальон Вениаминович Баранов Ардальон Вениаминович Баранов (28.3.1922, Ресей, Новгород облысы Выкса ауданы - 20.5.1971, Қарағанды облысы Жезқазған қаласы) – екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, минометшілер батальоны командирі. 1942 жылдың басында өз еркімен майданға алынып, Сталинград түбінде, Беларусь, Польша елдерінде шайқастарга қатысты. Потсдам жанындағы Врицен қаласы (Германия, Берлин қаласының батыс жағы) үшін болған шайқаста ерекше козге түсті. Оның батареясы шабуылдап келе жатқан жаяу әскер бөлімшелеріне жол ашып, жаудың әскери техникасы мен жауынгерлерін үлкен шығынға үшыратты. Осы ерлігі үшін Барановқа КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (31.5.1945). Баранов соғысты Берлинде аяқтады. Ленин, Қызыл Ту, 2-дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдармен марапатталды. Соғыстан кейін он жылға жуық Кеңес әскері қатарында болды. Запасқа шыққан соң Тараз қаласында тұрып, «Жамбыл былғары аяқ киім» бірлестігінде инженер және Азаматтық қорғаныс штабының бастығы болып жұмыс істеді. Баранов тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылған.