Top 10 similar words or synonyms for манарбек

сәмединова    0.919388

шәкеев    0.914547

сапарбаев    0.913153

баймағанбетов    0.908114

бекенұлы    0.907562

нұрмағанбетова    0.904742

малцагов    0.904718

хамзин    0.904712

қажыбек    0.904391

сәрсенбаева    0.903869

Top 30 analogous words or synonyms for манарбек

Article Example
Манарбек Ержанов Манарбек Ержанов - (08.03.1901, Ақтоғай ауылы, Ақтоғай ауданы, Қарағанды облысы — 14.11.1966, Алматы) — әнші, композитор, күйші, актер, Қазақстанның халық артисі (1938; 1936 жылдан Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі), Қазақстан композиторлар одағының ең алғашқы мүшелерінің бірі (1942). Әкесі күйші, зергер, ұста болған. Анасы Нақбала да әншілігімен ауыл арасына танылған. Болашақ өнер иесінің музыкаға деген құмарлығы анасының ықпалы арқылы ерте оянады. Ержановты музыка әлеміне жетелеп, оның әсем сазын көкірегіне ұялата білген ұстазы — әнші әрі күйші Күсенбай. Бұдан кейін Манарбектің әншілік шеберлігін ұштауда Шашубай Қошқарбайұлы мен Әміре Қашаубаев игі әсер етті. 16 — 17 жасында-ақ Ержанов Біржан сал, Ақан сері, Жарылғапберді, Естай, Шашубай әндерін айтып, ауыл арасындағы айтыстарға қатысып, ел аузына іліккен. 1928 жылы Қазақ драма театрына қабылданып, алғашқы актерлерінің бірі болды; осы театрда қойылған спектакльдерде ойнап, сан қырлы бейнелерді сомдады. 1931 — 32 жылы Риддердегі жұмысшы жастар театрында қызмет етті. 1934 жылы Алматы музикалық театрында (қазіргі Қазақ опера және балет театры) өнер көрсетті. И.В. Коцыктың “Айман—Шолпан” спектакліндегі Жарас, А.Қ. Жұбанов пен Л.А. Хамидидің “Абайындағы” Әзім, М.Төлебаевтың “Біржан — Сарасындағы” Естай, т.б. рөлдері оның әншілік әрі артистік талантын кең танытып, даңққа бөледі. 1936 жылы Мәскеуде өткен Қазақ өнері мен әдебиетінің онкүндігінде Е.Г. Брусиловскийдің опералары — “Қыз Жібектегі” Шегенің, “Ер Тарғындағы” Сақанның, “Жалбырдағы” Елеместің рөлін ойнап, көрермендердің ерекше ықыласына бөленді. Ол 1953 жылдан өмірінің ақырына дейін Қазақ филармониясында жеке дауыстағы әнші болып, халықтық ән өнерінде кең орын алатын терме, желдірмелерді, кең тынысты әндерді (“Ардақ”, “Ағашаяқ”, “Смет”, “Топайкөк”, “Жанбота”, “Балқадиша”, “Ақ қайың”, “Толыбай”, “Хорлан”, “Ақ сиса”, т.б.) нақышына келтіре орындады. Сөйтіп, ұлттық өнердегі Арқа әні дәстүрінде өз мектебін қалыптастырды. Ержанов композитор ретінде де халыққа кең танымал. Оның “Жетісу”, “Астанада”, “Батыр жорығы”, “Күсенбай”, “ҙрнек”, “Шалқар көл”, “Аққу көлі” күйлері, хорға арналған “Партизан жорығы”, “28 гвардияшы-панфиловшылар”, “Жастар тойы”, “Жастар әні”, “Бейбітшілік маршы” атты шығармалары, “Паровоз”, “Амангелді”, “Бақыт жыры”, “Қуанамын”, “Қойшының әні”, “Әнші Біржанға”, “Сайра, бұлбұл”, “Шегенің термесі”, т.б. әндері бар. Музикалық жинақтары жарық көрді. Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет белгісі” ордендерімен, медальдермен марапатталған.
Манарбек Кадылғумарұлы Сапарғалиев Манарбек Кадылғумарұлы Сапарғалиев 1963 жылы 19 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Огневка кентінде туған. Қазақ. Алматы халық шаруашылық институтының қаржы-экономикалық факультетін (1988) экономист мамандығы бойынша; Орталық Азия университетінің құқықтану факультетін (2001) заңгер мамандығы бойынша бітірген. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2000 жылдан). 1988 жылдан - Алматы қаласы Фрунзе ауданының Мемлекеттік сақтандыру инспекциясының бас экономисі, 1989 жылдан - даму бөлімінің бастығы, 1990 жылдан - испекция бастығының орынбасары, 1991 жылдан - инспекция бастығы. 1992 жылдан - Алматы қаласындағы жинақ банкінің №6217 Фрунзе бөлімшесі бастығының орынбасары. 1996 жылдан - Алматы қаласындағы «Арал» шипажайының вице-президенті. 1997 жылдан - Алматы қаласы әкімінің аппаратында Экономика комитеті төрағасының орынбасары. 1999 жылдан - Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары. 2001 жылдан -Алматы қалалық Мемлекеттік сатып алулар департаменті директорының бірінші орынбасары. 2005 жылдан - Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің орынбасары. 2006 жылдан - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің бірінші орынбасары, қала әкімі. 2007 жылдан - ҚР ТЖМ қаржы басқармасының бастығы. 2009 жылдың қаңтарынан - Алматы қаласы Бостандық ау- даны әкімінің орынбасары. 2009 жылдың қазанынан бері - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының әкімі. «Ерен еңбегі үшін» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған. Әскери атағы - запастағы лейтенант. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - "«Бейбітшілік, келісім, әрбір үйдегі молшылық»". Хоббиі - спорт, балық аулау, аңшылық. Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи әдебиет. Үйленген. Жұбайы - Сапарғалиева Сәуле Мысырқызы, же- ке кәсіпкер. Ұлы - Сапарғалиев Рүстем (1985 жылы туған).
Ержанов атындағы көше (Алматы) Манарбек (1901-1966) Қарағанды облысында дүниеге келген. Ол - Қазақ филармониясының еншісі,
Ержанов атындағы көше (Алматы) Көшеге Қазақстанның халық артисі, актер, композитор, әнші (тенор) Манарбек Ержановтың есімі (Алматы қаласы мәслихаты мен Алматы қаласы әкімінің 04.07.2000 № 1/53 қаулысы) берілген. Ержанов
Қанабек Байсейітов Жиырмасыншы ғасырдың алғашқы жартысында тарих сахнасына шыққан профессионалдық қазақ театрында көптеген жарық жұлдыздар бар. Солардың ішінде Қанабек Байсейітовтің де жанған жұлдызы алыстан көз тартады. Әуелде драма үйірмесінен бастап, отызыншы жылдардың басында музыкалық драма, сосын опера театры халқымыздың мақтанышына айналса, ол — Манарбек Ержанов, Күләш Жасынқызы Байсейітова, Құрманбек Жандарбеков сияқты майталмандардың есімімен тікелей байланысты.
Қанабек Байсейітов Қанекеңнің жас кезінде көрген әсері — ауылдағы жиын-той, әнші-күйшілердің өнер сайысы, балуандар күресі, ат жарысы. Оның, әсіресе, есінде сақтағаны — жеті-сегіз жасында бұл ауылға кұдалыққа келген ақын Сараны көзімен көріп, айтқан ән-өлеңдерін өз құлағымен естуі. Екінші бір ұмытпайтыны — Арқа жақтан Алматыға қарай өнер жолын қуып бара жатқан Манарбек Ержановпен кездесуі. Бұл кезде ер жетіп, қызметке араласып жүрген, өзі де ойын-сауықта ән салатын Қанекең ән дүлдүлі Әміренің тікелей шәкіртінен Арқа әндерін естігендегі әсерін кейін "Құштар көңіл" атты кітабында сүйсіне жазды.
Әміре Қашаубаев Әнді сазбен асықпай қоңырлатып айтатын, баритон дауысты Темірболат салған жерден, қырандай аспандап, шырқап кететін Қуан, әр нотасынан Сахараның кең тынысы сахнаға ере келіп тұрған Манарбек, әнді еркелетіп, уілдетіп, лебізімен жыланды іңнен шығаратын Жүсіпбек, дауысының жоғарысы әйелдің сопраносының бақшасына кіріп кететін Ғарифулла, жүрекке жылы тиетін, жұмасақ меццо-сопрано Бибі-бәрі де,бәйгегі түсетін болғансын, бірінен-бірі оздырамын деп, бар шеберліктерін салып, не бір мықты әндерді коммиссианың алдына табақтай тартып жатыр.
Дәуренбек Аркенов Дәуренбек Аркенов- дәстүрлү әнші. Республикалық, халықаралық ән байқауларының лауреаты. Манарбек, Жүсіпбек,Күләш, Мағауиялардай дарқан дарындары сылайған Ақтоғай топырағында(Қарағанды облысы) туып , әнші, күйші болмаудын өзі мүмкін емес.Қали Байжнов атындағы концерттік бірлестікте, сондай-ақ, Тәттімбет атындағы өнер колледжінде ұстаздық қызметтегі Д.Аркеновтың әншілік шеберлігіне бұқара халық та, Елбасының өзі де дән риза болғанына дүйім жұрт куә.Домбыра мен сырнайды қатар меңгерген Дәуренбек енді қобызбен ән салуды қолға алуда.
Қанабек Байсейітов Консерваториялық жоғары білімі жоқ болса да Күләш, Құрманбек, Шара, Манарбек сияқты майталмандармен бірге бұрын-соңды қазақ естіп көрмеген опера өнерін тез арада игерулері — таңғаларлық жағдай. Тума таланттар деп соларды айт! Кешегі сал-серілердің әндері мен күйлері негізінде жазылған "Қыз Жібек" операсы талайлардың бағын ашты. 1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде түгелдей ауыл жастарынан құралған сахна саңлақтары Мәскеудегі Үлкен театрда дүние жүзі операларымен таныс көрерменді қалай таңғалдырғаны жайында көп айтылып, көп жазылған. Сонда Төлеген рөлін Қанабек, Жібек рөлін жұбайы Күләш, Бекежанды Құрманбек ойнап, халқымыздың атақ-абыройын шырқау биікке көтерген еді.
Бегімсал Орынбекұлы Бегімсалдың өскен ортасы күйшілік өнерді айрықша қастерлен, ғажайып дәстүр қалыптастырған. Оның әйгілі өкілдері Тәттімбет, Тоқа, Ықылас, Дайрабайлардың ұлы мұрасын жалғастырушы Қыздарбек, Әбди, Сембек, Мақаш, Баубек, Ахметжан, Манарбек Ержанов, Әбікен Хасенұлы, Мағауия Хамзин сияқты қүйші-домбырашылар қатарында Бегімсалдың есімі де құрметпен аталады. Арқаның күйшілік дәстүрін барынша игерген Бегіммсалдың репертуарында жетпіске тарта күй болған. Әсіресе, Абылай ханның, Тәттімбеттің, Тоқаның, т. б. күйлерін нақышына келтіріп тартқан. Өз ұстаздарының өлмес өнерін үйренген Бегімсал өз кезегінде С.Мүхамеджанов, М.Хамзин секілді музыка саңлақтарының дарынын ұштауға ықпал еткен. Бегімсал домбырашылығына қоса, өз жанынан "Бес перне", "Мырза шертпек", т.б. күйлер шығарған.