Top 10 similar words or synonyms for коджики

нордхаузен    0.921866

пыста    0.920593

гхор    0.920205

куксхафен    0.919535

зангерхаузен    0.917424

сатанг    0.914578

агрести    0.914401

pxжапония    0.912813

брийонне    0.912645

simptomy    0.911150

Top 30 analogous words or synonyms for коджики

Article Example
Жапония "Жапон" ауыз әдебиеті мен мифологиясы жақсы дамыған." Жапон" жазба әдебиетінің алғашқы үлгілері — “"Коджики"” шежіресі (712) мен “"Манъесю”" өлеңдер жинағы (759). “"Коджики"” ертедегі мифтік әңгімелер, аңыздардан тұрады. “"Манъесю"” антологиясы халық поэзиясының 4516 үлгісін және алғашқы жазба әдебиет өкілдерінің (500-дей автордың) шығармаларын қамтыған. Шығармалардың көпшілігі танка жанры үлгісінде жазылған. 9 — 10 ғасырларда жапон прозасының алғашқы үлгілері пайда болды. Мурасаки Шикибудың “"Генджи — моногатори"” романы (11 ғасыр) — әлем әдебиетіндегі алғашқы романдардың бірі.
Жапон тілі Жапонның алғашқы ескерткіштері «Коджики», «Нихон- секи» VІІІ ғасырдың басында жапон тілінде қытай иероглифтерімен жазылған. Ол жазуды « камбун» деп атаған. Қытай, жапон тілдерінің құрылысы сәйкес келмегендіктен, жазуға да өзгерістер енгізу қажеттілігі келіп шығады. Сондықтан да «Кана» («уақытша атау») жазуына, хирагана (жазықтық қана) , катакана (қабырғалық қана) деген қосымша түрлері енгізілді. VІІІ–ІХ ғасырларда жапонның буындық (силлабикалық) жазуы қалыптасты.
Жапон әдебиеті Жапон ауыз әдебиеті мен мифологиясы жақсы дамыған. Жапон жазба әдебиетінің алғашқы үлгілері — “Коджики” шежіресі (712) мен “Манъесю” өлеңдер жинағы (759). “Коджики” ертедегі мифтік әңгімелер, аңыздардан тұрады. “Манъесю” антологиясы халық поэзиясының 4516 үлгісін және алғашқы жазба әдебиет өкілдерінің (500-дей автордың) шығармаларын қамтыған. Шығармалардың көпшілігі танка жанры үлгісінде жазылған. 9 — 10 ғасырларда жапон прозасының алғашқы үлгілері пайда болды. Мурасаки Шикибудың “Генджи — моногатори” романы (11 ғасыр) — әлем әдебиетіндегі алғашқы романдардың бірі. “Хейке — моногатори” (“Тайр әулеті туралы әңгіме”, 13 ғасыр), “Тайхейки” (“Алып әлем туралы әңгіме”, 14 ғасыр) гунки (әскери эпопея) жанрында жазылған. 15 — 16 ғасырларда поэзия жетекші рөл атқарды. Театрлар ашылып, драматургиялық шығармалар жазыла бастады. Онда, көбінесе, әскери тақырыптар қамтылды. 15 ғасырда әскери эпопеяларды серілік романдар ығыстырып шығарды. Мысалы, “Согамоногатари” (“Ағайынды Согалар туралы әңгіме”), “Ешицуне-ки” (“Ешицуне туралы әңгіме”), т.б. 17 ғасырда Ихара Сайкакудың (1642 — 1693) “Бір еркектің махаббат машақаты” (1682) романы, Чикамацу Монзаемоның (1655 — 1724) пьесалары танымал болды. Бұл жылдары ақындар Басе (1643 — 1694), Бусано (1716 — 1783), Исса (1763 — 1827) шығармалары әдебиет тарихынан елеулі орын алды. 18 ғасырда Цурия Нанбоку (1755 — 1829), Каватаке Мокуами (1816 — 1893) сияқты драматургтердің есімі танымал болды. 20 ғасырдың басында Киносита Наоенің “Отты бағана” романы, ақын Ишикава Такубокудың (1885 — 1912) “Бір уыс құм” (1910), “Көңілсіз ойыншық” (1912) шығармалары әдебиеттің даму бағытын айқындады. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония әдебиетінде жаңа кезең пайда болды. Қоғамның ішкі қайшылықтары әдебиетте де түрліше бағыттар мен ағымдар тудырды. Дәстүрлік бағыттың өкілдері — Нагай Кафу, Сига Наоя, Масамуне Хакуте, т.б. болды. Ясунари Кавабатаға “Қарлы ел” (1947), “Мың қанатты тырна” (1951) повестері мен “Таулар дауысы” (1953), “Көне астана” (1961) романдары үшін 1968 жылы Нобель сыйлығы берілді. 20 ғасырдың 2-жартысында Шимода Сейджидің “Таңсәрі” (1970), Накадзато Кисенің “Айырық” (1963), Суми Суэннің “Өткелсіз өзен” (1970), Кубода Сейдің “Сякунаго деревнясының күнделігі” (1972) романдарында Жапонияның өткір әлеуметтік мәселелері көтерілді. Жапон әдебиетінен қазақ тіліне “Жапон ертегілері” (1959), “Жапон әңгімелері” (1965), “Хиросима қасіреті” (жинақ, 1969),Шимазаки Тоссонның “Орындалмаған өсиет”, Эндо Сюсанудың “Әйел жүрегі” (1970) кітаптары аударылды. М.Әуезов (1960), Ғ.Мүсірепов (1967) Жапонияда болып, екі ел қаламгерлері арасындағы шығармалар байланыстардың негізін қалаған.
Жапон тілі Жапон тілінің шығу тарихы даулы сұрақтардың бірі болып табылады. Ең көп тараған болжам, ол, азия континентінен шыққан, тілдері австроазияттардың (Тайваньдағы аборегендердермен туыстас) ықпалына ұшыраған алтайлықтар (пуескі тайпалары) Жапон аралдарын жаулап алғаннан кейін тіл ретінде пайда болуын айғақтайды. Археологтардың көзқарасы бойынша, бұл кезде Яйон (б.з.б. ІІІ ғ) мәдениеті ақырын-ақырын ескі жергілікті мәдениет- Джомон мәдениетін ығыстырып шығарған. Алайда, жапон ұлтының нақты пайда болған мерзімін айту қиын. Себебі, жапондықтарда қытайлық иероглифтер енгізілгенге дейін жазу мүлде болмағандықтан, олардың тарихи дамуын айғақтайтын құжаттар сақталмаған. Жапон ұлтының пайда болуы б.з.б. ІІІ ғасырда жапон тайпалары Ямато тайпаларына бағынышты болған дәуірден бастау алады делінсе, қытай деректерінде жапон ұлтының шығу тарихын одан әрідегі уақытқа жатқызады. Шамамен б.з.б. VІ ғасырда қытай мәдениетінің белсенді енгізілуі нәтижиесінде жапон басшыларының Қытай және ежелгі корей мемлекеті Пекчемен дипломатиялық қатынастардың нәтижиесінде , Жапония экспорттың орталығына айналды. Мемлекеттік құрылымның, мәдениеттің, өнердің, буддизмнің келуімен, Жапонияда жазу пайда болды. «Коджики» және «Нихон Секи» – жапон әдебиетіндегі тұңғыш үлкен туынды болды. Осы мезетте, жапон тіліне қытай тілінің көптеген сөздері енеді. Бұл күнде, жапон тіліндегі сөздік қордың 40%-ы қытай тілінің кірме сөздері. Алайда, қытай жазбасының енуі кейбір жайсыз мәселелердің шығуына түрткі болады. Яғни, бұл жерде, екпіндегі айырмашылықтар, екі тілдегі морфология мен синтаксистегі тондардың қолданылуындағы айырмашылықтар, тағы да сол сияқты көптеген жайттар қиындық туғызды. VII ғасырдан бастап қытай иероглифтері жапон тілінің форматы негізінде яғни жапон тілінің морфологиялық және синтаксистік ерекшеліетердің негізінде құрастырылды. Басында буын әліппесінің қызметін атқаратын, іріктелген қытай иероглифтері – манъёгана қолданылған болатын. Жапон әліпиін құрастыру нәтижиесінде , катакана және хирагана атты жапон буын әліпиі ( Еуропалық мемлекеттердің әліпиінің негізінде) құрастырылған болатын. Қытай иероглифтерінің негізінде буддалық монах қазіргі катакананың протатипін жасады. Ал VIIІ ғасырда киоттардың дворян тегінен шыққан – Хейан атты ханым поэма, новелла, күнделік жазу үшін, екінші буын әліпиі – хирагананы ойлап табады. Бұл екі әліпидің өзгертілген түрлері қазіргі жапон тілінде де қолданылады. ХІІ ғасырда катакана, хирагана және иероглифтермен жазылған «Хейке Моноготари» атты эпостың негізінде жапон жазбасы құрастырылды.