Top 10 similar words or synonyms for кебегіндегі

кебегінде    0.934992

алпамысында    0.927586

көклан    0.921837

ақтоқтысында    0.917527

шолпанында    0.909950

қарагөзінде    0.907768

мәмесейіттің    0.905591

мағыш    0.905417

гүлбаршын    0.900497

уәлихановында    0.900057

Top 30 analogous words or synonyms for кебегіндегі

Article Example
Жамал Бектасова Сондай-ақ, Бектасова бірнеше кинофильмдерде ойнап, 250-ден астам фильмді дубляждауға қатысқан. Әуезовтің «Еңлік - Кебегіндегі» Еңлік. Мұнан кейінгі қойылымда «Айман - Шолпанда» Айманды ойнаған.
Сатылған Атамқұлов Сатылған Атамқұлов (1907-1955), актер. Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1946). Шығармашылық жолы әр түрлі көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысудан басталады. Абай атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының өркендеуіне белсене ат салысты. Көбінесе өр мінезді, ер қайратты рөлдерде ойнады. Әуезовтің "«Еңлік - Кебегіндегі» Кебек, Кеңгірбай, «Түнгі сарындағы»" Тәнеке бейнелерін жасады.
Хасен Байырманов Байырманов Хасен (8.4. 1905, қазіргі Павлодар облысы Ақсу ауданы — 11.6.1986, Семей қаласы) — актер, әнші, Қазақстанның еңбек сіңерген артисі (1944). Ауыл мектебінен сауат ашқан. 1930 жылы Қазақ драма театрына қабылданып, М. Әуезовтің “Еңлік — Кебегіндегі” Жапалдың, Ж. Шаниннің “Шахтасы” мен “Торсықбайындағы” жалшының рөлдерін ойнап, актерлік өнерге бейімділік танытады. 1931 — 1932 жылдары Мәскеудегі Орталық өнер техникумында оқыды. 1934 жылы ашылған Семей театрында өмірінің соңына дейін еңбек етті. Мұнда ол М. Әуезовтің пьесалары бойынша қойылған спектакльдердің бәріне қатысып, Жантық (“Айман — Шолпан”), Қараменде би (“Еңлік — Кебек”), Төлеген (“Қыз Жібек”), Қоңқай (“Ақан сері — Ақтоқты”), Қарабай (“Қозы Көрпеш — Баян сұлу”), т.б. рөлдерді ойнады. Халық әндерін орындауда өз ерекшелігімен танылды. Б. Иса Байзақовтың “Желдірмесін” өзгеше айтатын әншілердің бірі болған.
Күләш Жасынқызы Бәйсейітова Күләштің әншілік өнерге бейімділігі жас кезінен-ақ байқала бастаған. Оның бойындағы қабілеттің ұшталуына ән мен күйге жүйрік әкесі Жасынның да әсері зор болған. Жеті жылдық мектеп бітірген соң Күләш Қазақтың педагогикалық институтына түсіп, мұндағы көркемөнерпаздар үйірмесіне белсене араласады. Қала жастарының өнер байқауларында әншілік дарынымен көзге түседі. Содан 1930 жылы Қазақтың тұңғыш драма театрының труппасына қабылданады. Күләш сахна өнерінің қыр-сырына қызыға ден қойып, кешікпей-ақ театрдың белді әртістерінің қатарынан көріне бастайды. Ол аз уақыттың ішінде Б.Майлиннің «Майдан» пьесасында Пүліштің, Н.В.Гогольдің «Үйлену тойындағы» Агафия Тихонованың, М.Тригердің «Сүңгуір қайығындағы» Клавдияның, Қ.Бәйсейітов пен А.Шаниннің «Зәуресіндегі» Зәуре, М.Әуезовтың «Еңлік- Кебегіндегі» Еңліктің рөлдерін ойнап, сахналық тамаша қабілетімен танылады. Образдардың табиғатын тап басып тану, ол танығанын өмірлік шынайы шеберлікпен жеткізе білу, әсіресе туа біткен әншілік қабілеті кейіпкер болмысын аша түсуі де Күләштің сахна өнері үшін жаралған жан екенін әйгілей түседі.
Қапан Оралұлы Бадыров 1-басқышты ауыл мектебін бітіргеннен кейін, 1922—25 жылы Қазақ халық ағарту институтынында (Орынбор) оқыған. Сондағы көркемөнерпаздар үйірмесіне белсене қатысып, 1922 жылы Б. Майлиннің “Бетім-ау, құдағи” аталатын шағын пьесасында Айқын келіншектің рөлін ойнап шыққан. 1925 жылы жаңадан ұйымдастырылып жатқан Қазақ драма театрына шақырылады. 1926 жылы Қазақ драма театры гастрольге кеткенде, Бадыров жолдамамен Алматы малдәрігерлік техникумына оқуға жіберіледі. Онда оған жастар театрының көркемдік жағын басқару ісі тапсырылып, М. Әуезовтің “Қарагөз”, “Еңлік—Кебек”, Ө. Оспановтың “Зарлық”, Ә. Сұлтановтың “Дариға-Қайдар”, татар Жазушысы Фахти Бурнаштың “Яш юряклар” спектакльдерін қойып, өзі де рөлдерде ойнады. 1931 жылы Қазақ драма театрына қайта оралады. Алғашқы көрнекті рөлі — М. Тригердің “Сүңгуір қайығындағы ” Игорь Оленин. Сонан кейін Еркебұлан (С. Сейфуллиннің “Қызыл сұңқарларында”), Жетекші (Н. Погодиннің “Менің досымында”), Михайлов (В. Киршонның “Астығында”), Науан хазірет, Амангелді (Ғ. Мүсіреповтің “Ақан сері — Ақтоқты” мен “Амангелдісінде”), Телғара (Ә. Тәжібаевтың “Жалғыз ағаш орман емесінде”), Жомарт (Ғ. Мұстафиннің “Миллионерінде”), профессор Мамлюк (Ф. Вольфтің “Профессор Мамлюгінде”), Арқалық (Ж. Шаниннің “Арқалық батырында”), Бекболат (Б. Майлиннің “майданында”), Шыңғыс сұлтан, Әлихан Бөкейханов (С. Мұқановтың “Шоқан Уәлихановы” мен “Сәкен Сейфуллинінде”), Төле би (Т. Ахтановтың “Антында”), М. Яровой (К. Треневтің “Любовь Яроваясында”), Отелло (У. Шекспирдің “Отеллосында”), Уәзір (Н. Хикметтің “Фархад-Шырынында”), т.б. рөлдерді ойнап, Қазақ сахнасында көптеген кесек образдар жасады. Әсіресе, Науан хазірет пен Отелло бейнелері — Бадыровтың Қазақ сахна өнерін дамытуға қосқан елеулі үлесі. Кейінірек У. Шекспирдің “Асауға-тұсауындағы” Баптиста, М. Әуезовтің “Еңлік—Кебегіндегі” Абыз бейнелері сияқты қарама-қайшы характерлерді сахналауы оның жан-жақты дарынын танытты. М. Әуезов драматургиясы Бадыров шығармашылығынан ерекше орын алып, Жазушының 21 пьесасында ойнады. Олардың арасында Кембай, Көбей, Қараменде, Еспембет (“Еңлік — Кебекте”), Керім (“Абайда”), Сапа, майқан болыс (“Түнгі сарында”), Демеужан (“Бәйбіше-тоқалда”), Маман (“Айман — Шолпанда”), Қобланды (“Қарақыпшақ Қобландыда”), Кәрібоз батыр (“Хан кенеде”), Бөрібасар (Ә. Тәжібаевпен бірігіп жазған “Ақ қайыңда”), Б. Момышұлы, Сталин (Ә. Әбішевпен бірігіп жазған “Намыс гвардиясында”) сияқты образдар бар. М. Әуезовтің “Абай” романының инсценировкасындағы Абай рөлі үшін КСРО мемлекеттік сыйлығының берілген (1952).