Top 10 similar words or synonyms for исмаилов

серіков    0.904049

сәмединова    0.893486

сапарбаев    0.888544

жақсылықов    0.887941

кәрімұлы    0.886635

қажыбек    0.881799

беспаев    0.878223

шаймерденов    0.876470

қадыров    0.876331

әбдіғапаров    0.873641

Top 30 analogous words or synonyms for исмаилов

Article Example
Әнуар Исмаилов Әнуар Исмаилов (1938 жылы туған, Сарыағаш ауданы) – әскери қызметкер, тарих ғылымының докторы (1989), профессор(ы) (1991). Рига қаласындағы Қызыл Тулы Жоғары артиллериялық инжинерлік училищені (1962), Мәскеу қаласындағы Әскери-саяси академияның адъюнктурасын бітірген (1976). 1962 – 91 жылдары Байқоңыр космодромында, Семейдегі ракета әскерлерінде қызмет істеді, Ташкент Жоғары танк командалық училищесінде қоғамдық ғылымдар кафедрасының бастығы болды. 1991 – 97 жылдары Қазақ химия-технологиялық институтында профессор, кафедра меңгерушісі, проректор. 1997 жылдан ҚР шекара әскерлері әскери институтының профессоры. ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының жетекші ғылыми қызметкері, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі. «Қызыл Жұлдыз», «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Ораз Исмаилов «Жетісуым-жаннатым менің» атты драмасы, «Тарланбоз», «Ел жүрегіндегі Ескелді» атты пьесалары театрларда табысты қойылған.
Ораз Исмаилов Ораз Исмаилов (24 маусым 1940 жыл, Алматы облысы Ескелді ауданы Шұбар ауылы) - драматург.
Төлеужан Исмаилов Төлеужан Исмаилов(1932-1972) - Шығыс Қазақстан облысының Абыралы ауданындағы Аққора ауылында дүниеге келген. Сондағы орта мектепті, 1951 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тамамдаған. Қазақтың көркем әдебиет баспасында, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасында әдеби кеңесші, «Қызыл ту» (Кереку), «Ленин туы» (Қызылжар) облыстық газеттерінің редакцияларында әрқилы қызметтер атқарған. Біраз уақыт «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде де еңбек етті. Өмірінің соңғы жылдарында туған ауылында ауыр дертпен арпалысты. 1951 — 1961 жылдары аралығында «Есіл», «Дала министрі», « Жылқышы » «Үгітші», "Қойлар" поэмаларын, қырықтан астам өлең, отыздай астам сатира жазған.А.С.Пушкиннің «Батыс славяндар жырларын», М.Ю.Лермонтовтың «Мцыри» поэмасын, В.В.Маяковскийдің бірнеше өлеңдерің Т.Драйзердің «Америка трагедиясын» аударған.
Карим Исмаилов Исмаилов Карим (02. 10. 1907 — 29. 06. 1968) — Тәж. КСР колхоз өндiрiсiнiң көрнекті басшысы, Соц. Еңбек Epi атағын екі рет (1948, 1957) алған. 1932 жылдан КОКП мүшесi. 1928 жылы Душанбеде партия мектебін бiтiрген. 1933-1941 жылдары Орджоникидзеабад ауд. атқару комитеті председателiнiң орынбасары, председателi. 1941-1945 жылдары Ұлы Оган соғысына қатынасты. Ол Ленин орденiмен, Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет Белгici» ордендерімен, Бүкiл одақтың а. ш. көрмесінің Үлкен және Кiшi алтын, күмic медальдарымен марапатталған.
Нүсіп Науғайұлы Исмаилов Исмаилов Нүсіп Науғайұлы (1941 жылы туған, Ескелді ауданы, Өтенай ауылы) — ғалым, медицина ғылымдарының докторы 1968 ж. Семей мемлекеттік мед. интын бітірді. 1968-78 ж. Семей мемлекеттік мед. институтында аспирант, ассистент, 1978-88 ж. Қазақстан Денсаулық сақтау мин-гінің өлкелік патол. ҒЗИ-ы филиалының (Өскемен қ.) меңгерушісі.
Шахимұрат Шаимұлы Исмаилов Исмаилов Шахимұрат Шаимұлы (1956 жылы туған, Алматы қ.) - ғалым, медицина ғылымдарының докторы (1998), профессор (2002). 1979 ж. Алматы мемлекеттік медицина институтын, 1987 ж. Мәскеудегі туберкулез аурулары ҒЗИ-ның аспирантурасын бітірген. 1987-99 ж. ҚР туберкулез проблемаларының ұлтгық орталығында кіші, аға ғылыми қызметкер, бас дәрігер, директор, 1999-2002 ж. бөлім меңтерушісі қызметтерін атқарды. Ол республика туберкулезге қарсы күрес бағдарламасын жасаушылардың және оны іске асырушы жетекші мамандардың бірі. Әлемнің денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) грантының иегері (2002). Париж, Монреаль, Хельсинкиде халықаралық конференцияларда баяндамалар жасады. Өкпе ауруларының диагностикасы мен емдеу тәсілдерін зерттеуге арналған 180-нан аса ғылыми еңбек жариялаған. 10 патенті бар.
Нүсіп Науғайұлы Исмаилов 1988 жылдан I.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің кафедра меңтерушісі. 80-нен аса ғылыми еңбегі жарияланған.
Бахтияр Рашидович Исмаилов Бахтияр Рашидович Исмаилов (13.1.1953 жылы туған, Сайрам ауданы) – ғалым, техникалық ғылымының докторы (2002), профессор(ы) (2003). Қолданбалы математика және механика мамандығы бойынша Ташкент мемлекеттік университетін бітірген (1975). 1977 жылдан Қазақ химия-технологиялық институтында қолданбалы математика кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, доцент, 1988 – 2003 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті математикалық әдістер және модельдеу кафедрасының доценті, 2003 жылдан Қазақ-Араб университетінің ректоры. Зерттеулері көбіне масса алмасу аппараттары мен химия техникалық машиналарында сұйықтық пен газдың өзара әсерін математикалық модельдеуге арналған.
Рабик Изимұлы Исмаилов Рабик Исмаилов (2 қыркүйек 1934 жыл, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылы) - жазушы, әдебиеттанушы, филиология ғылымдарының кандидаты.