Top 10 similar words or synonyms for жүздесу

жұмадағы    0.826851

жанділдин    0.739085

хиджа    0.736770

шомған    0.733493

жүздескенде    0.732828

гроза    0.732352

урюп    0.731799

тоқсанбаева    0.729927

собакина    0.729839

вести    0.729215

Top 30 analogous words or synonyms for жүздесу

Article Example
Николай Андреевич Горбачев Сағатов С. Жерлес жазушымен жүздесу : // Коммунизм туы .-1983.-20 сәуір
Имам Шамиль 1870 жылы 23 желтоқсан -Шамильдің ұлы Ғази- Мұхаммед әкесімен жүздесу үшін Киевтен Мәдинаға атанады.
Ұлы Жібек жолы Жүздесу мен тілдесу және алыс-беріс байланыстары б. з. дейінгі III—ІІ-мыңжылдықтарда басталған. Бадахшан тауынан лазурит және Хотан маңындағы Яркендария өзенінің жоғарғы жағынан нефрит кен орындары табылып, оларды өндіре бастауға сәйкес бұл байланыстар реттеліп, жөнге келтіріледі.
Қазбек Ботаев Облыстық теледидардың тікелей эфирінде "Жүздесу", «Көкейтесті» хабарларын қазақ және орыс тілдерінде жүргізген. "Три по сто" (Три сюжета по сто секунд) авторлық бағдарламасын бір жыл көлемінде дайындап, эфирге шығарды. Бүгінде Жаңалықтар қызметінің редакторы. Көркем аудармамен айналысады. Қазақстан журналистер одағының мүшесі.
Бірегейлік өлшемдері Негізінен, мәдениеті жоғары ортада — калада өскендіктен, жүйелі білім алғандықтан бұл топтың арасында білгір және іскер қызметкерлер аз емес. Орыс тілінде сөйлейтін қазақтардың қазақ тілділерге қарағанда жеке бас мәдениеті, кәсіби-сапалық дайындығы, әлеуметтік бейімделу деңгейі жоғары. Олар жүздесу қалыптары мен қала әдебін де меңгерген. Бұл артықшылығы оларды өзге ұлт өкілдерімен тез сіңістіріп жіберуге жағдай жасайды. Олар коғамдық қызметті біршама тәуір аткарады. Қазір олардың отаншылдық сезімдері де күшейіп келеді.
Мұхаммед Фетхуллаһ Гүлен Фетуллаһ Гүлен 1938(кей деректерде 1941) жылы Эрзурумда (Түркия) Қорыжық ауылында дүниеге келген. Әкесі Рамиз Гүлен (Ramiz Gülen) имам, мемлекет қызметкері болып жұмыс істеген. 14 жасында алғашқы дәрісін бере бастаған. Анасы Рәфиға ханым балаларының тәрбие ісімен айналысты. Гүлен тек бастауыш мектепті тәмәмдаған. Төрт жасында Құран Кәрімді оқуды шешесінен үйренген ол он бір жасында қари атанады. Оның оқуға, үйренуге деген құлшынысы ұстаздарын таңғалдырған. 1957 жылы дін істері басқармасының сынынан сүрінбей өтіп, мемлекеттік қызметке ауысады. 1957 жылы Амася, Тоқат, Сивас, 1959 жылы Едірне 1965 жылы Қырықларели қалаларында бас уағызшы болып жұмыс істейді. 1966 жылы Измирге қоныс аударып, сонда бас уағызшы болып жұмыс істейді. 1981 жылы денсаулығына байланысты уағызшылдық қызметінен босайды. 1989 бен 1992 жылдары қайта қызметке кіріскенмен, тағы да денсаулығы көтермей уағыз айтуды тоқтатады. Содан кейін Гүлен қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайту мақсатында алдымен Түркияда тұратын басқа ұлт өкілдерінің діни лидерлерімен диалог бастап, Ватиканда Папа Иоанн Павел ІІ-мен кездеседі. Бұл жүздесу Түркияның бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен орын алды.
Анаға апарар жол Анаға апарар жол – Ақан Сатаевтің көркем драмалық фильмі. Фильмнің тұсауы Қазақстанда 2016 жылы 29 қыркүйекте кесілді. «Анаға апарар жол» картинасы өмірде түрлі қиындықты басынан өткізген адам жайында. Фильм түсірілімі Қазақстанда, Әзірбайжанда(Баку, Лагич), Белорусияда(Минск, Брест) болды және 2016 жылдың шілдесінде аяқталды. 3 сағатқа жалғасқан тарихи фильм 1930 жылдардағы қазақ халқының басына түскен нәубетті суреттейді.«Анаға апарар жол» картинасының негізгі сюжеті ана махаббатының қуатты күшінен бастау алады. Осынау құдіретті күштің арқасында кейіпкер үйіне барар жолда кездескен ауыр қинышылықтарды жеңіп шығады. Оқиғаның негізгі желісі қазақ халықының басына түскен ауыр кезеңмен тұспа-тұс келген: ұжымдастыру, жұт, соғыс және соғыстан кейінгі жылдар. Картинаның басты кейіпкері Ілияс ерекше рухты, ерлік пен отансүйгіштік және керемет қайсар мінез көрсетеді. Тағдырдың ауыр соққыларымен бетпе-бет келеді: балалар үйі, сұрапыл соғыс, тұтқынға түсу, жазасын өтеушілер лагеріне тап болады. Осынау ауыртпалықтарды еңсеруге оған анамен жүздесу мақсаты күш береді. Фильм өмірлік құндылықтардың мәні мен тіршіліктегі құбылыстарға өзгеше көзқараспен қарауға жол сілтейді.
Асыл арна ТАЗАБЕК Мұхамеджан Оразбайұлы 1975 жылы 3 шілдеде Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Шахан ауылында дүниеге келген. Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Шахан ауылындағы М.Әуезов атындағы орта мектепті үздік бітірген. 1992-1996 ж.ж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін «филолог, орта оқу орнының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы» біліктілігі бойынша үздік тәмамдаған. «Әдебиеттану» мамандығы бойынша 1998 жылы магистр, 2000 жылы аспирант дәрежесін алған. Шетел тілдері мен іскерлік карьера университетінің «Дінтану» мамандығы бойынша түлегі (2011). Мұхамеджан Оразбайұлы қазақтың төл өнері айтыс сахнасына 1987-88 жылдары оқушы кезінен шыға бастады. Тазабек өнер сайысында есімдері елге танымал талай ақындармен айтысқа түскен. Тың тақырыпты таңдау мен терең мағыналы теңеулермен бейнелі сөйлеуден алдына жан салмаған ол аудандық, облыстық, аймақтық, республикалық және халықаралық деңгейдегі көптеген айтыстың жеңімпазы. «Дүниежүзі қазақтарының І Құрылтайы» құрметіне өткізілген, «Ордабасыдағы «Қазақтың үш биіне» арналған, Қарасай батырдың 400 жылдық, Бөгенбай батырдың 300, Сыпатай батырдың 210, Абайдың 150, Т.Рысқұлов пен М.Жұмабаевтың 100 жылдықтарына, Бауыржан Момышұлының 90 жылдығына, Жамбыл облысының 60 жылдығына орай өткен халықаралық, республикалық айтыстардың бас бәйгесін жеңіп алған. 2000 жылы Ташкентте Орта Азия (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Тәжікстан) мемлекеттерінің ақындары арасында өткен халықаралық дүбірлі айтыстың бас жүлдесін иеленген. 1996-1997 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ақындар мектебінің жетекшісі, 1997-2003 жылдар аралығында ҚР ұлттық «Ұлан» гвардиясының құрама бөлімшесінде «Президенттік оркестр орындаушысы», 2005-2006 жылдары ««Ақ Орда» республикалық қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің рухани жобаларын үйлестіруші қызметтерін атқарған. 2007-2009 жылдары «Асыл арна» ислами-ағартушылық телестудиясының, 2009 жылдан кабельдік, спутниктік және «Отау ТV«» ұлттық желісі арқылы тарайтын, ТМД елдері арасындағы тұңғыш ислами-ағартушылық «Асыл арна» телеарнасының бас директоры. «Қазақстан» ұлттық телеарнасында жарық көрген «Жұмадағы жүздесу» (2001-2002 ж.ж.), «Ораза қабыл болсын» (2008), «Иман нұры» рухани-мәдени хабарларының, «Қазақ радиосынан» эфирге шыққан «Құбыла» (2003-2008) жобасының авторы және жүргізушісі. Әр жылдардағы айтыстары топтастырылған «Айтыстар» (2006), балаларға арналған «Иман бақшасы» (2009), «Қазақ радиосының рухани бұлағынан» (2010) атты публицистикалық жинақтардың авторы. Мақалалары мен сұқбаттары мерзімдік және электронды баспасөзде жиі жарияланып тұрады. Мұхамеджан Тазабек айтыскер ретінде ғана емес, ұлттық айтыс өнерін насихаттаушы және айтыскерлердің жаңа буынын тәрбиелеуші тұлға ретінде де төл өнерге қомақты үлес қосып келеді. 2005 жылдан бері республикалық деңгейдегі ондаған айтыстардың («Төртеу түгел болса», «Отанды сүю – иманнан», «Елбасы жолдауы – елдіктің арқауы», т.б) ұйымдастырушысы. 2013 жылдан бастап, «Нұр Отан» партиясы қамқорлыққа алған республикалық (Кіл жүйрікте кім жүйрік?», «Бір халық, бір ел, бір тағдыр», «Береке басы – бірлікте», «Отбасым – тірегім, Отаным – жүрегім») айтыстардың ұйымдастыру-үйлестіру тобының, қазылар алқасының мүшесі. «Ақындық өнердің қыр-сыры», «Ақын айтатын сөз», «Ақын деген кім?» және бірнеше тақырыпта шеберлік тренингтерінің авторы және лекторы. 1996 жылы «Жамбылдың жастық шағы» фильмінде Жамбылдың образын шебер сомдап шыққан М. Тазабек ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы «Нұр Отан» партиясы, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен түсірген, ұлттық ойын көкпар спортын насихаттауды көздейтін «Дода» толықметражды фильмінің бас продюсері (2013). Қазақстан жастар одағы сыйлығының (1996), Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының (1998), «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағының (2014) иегері. ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ақылдастар алқасының, Жас журналистер клубының, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің ақпараттық насихат және сарапшылар тобының мүшесі. Отбасылы, бір ұл, төрт қызы бар.