Top 10 similar words or synonyms for жойғыштар

торпедалық    0.875168

атыстық    0.850706

ракеталармен    0.846460

пулеметтер    0.842591

десантты    0.837852

зеңбіректі    0.830447

карсыластың    0.829474

зеңбіректердің    0.827582

пулеметтен    0.826352

бомбалаушы    0.822038

Top 30 analogous words or synonyms for жойғыштар

Article Example
Спорттық тағам • Салмақ жойғыштар
Жойғыштармен қалқалау Жойғыштармен қалқалау — жер үстіндегі әскерлерін, тын объектілерін және кемелерді қарсыластардың ұшақтары мен қанатты ракеталарының соққысынан, сондай-ақ әуе барлауынан қорғауды қамтамасыз ету. Осы міндеттерді орындай отырып, жойғыштар ұрыс әрекетінің төмендегі тәсілдерін қолдануы керек: әуедегі кезекшілік жағдайынан тосып алу, аэродромдағы кезекшілік жағдайынан тосып алу, әуедегі және жердегі нысаналарды іздеу және оны жою. Әскер мен тын объектілерін қалқалау әрекетін жойғыштар жердегі әуеге қарсы қорғаныс құралдарымен бірлестікте атқарады, сондықтан олардың күші аймактарға бөлінеді. Ал бір аймаққа — бір әуе нысанасы мен әрекет жасауға уақыт белгіленеді.
Сейдж Әрбір сектор мен подсектәрда ӘШҚҚ әскерлерін басқарудың барлық құралдары шоғырланған автоматтық басшылық пункттері бар. Подсекторлардың басшылық пункттері оперативтік орталықтар деп аталынады, оған зениттік басқарылатын реактивтік снаряд батареялары, жойғыштар эскадрильясы мен пилотсыз тосып алушылар базалары бағынады.
Альгицидтер Альгицидтер (лат. alga — балдыр, теңіз шөбі және caedo — өлтіру) балдыр жойғыштар — су қоймаларындағы және басқа тех. жүйелердегі балдырларды жою үшін қолданылатын дәрілер. Төменгі сатыдағы өсімдік тобымен күресуде фотосинтезді тежейтін триазин, цианур қышқылы және мочевинадан алынған гербицид түрлері, құрамында активті хлоры бар бактерицидтер, 4-дәрежедегі аммоний тұздары, мыстың көптеген қосылыстары мен комплекстері, фунгицидтер пайдаланылады. А-дің балықтар мен су жәндіктеріне зиянсыз болуы шарт.
Дыбыстан ұшқыр ұшақ 20 ғасырдың 60—70-ші жылдары дыбыстан ұшқыр ұшақтардың аса қарқынды даму уақыты болды. Жылдамдықтар артып ұшу биіктігі де артты, 20 км-ден астам, бомбылау және барлау ұшақтарына актуалды болды. Осы жылдары көп түрлі сириялы дыбыстан ұшқыр ұшақтар жасалынды, олардың ішінде — жойғыштар, бомбылаушылар, тосқауылшы және барлау ұшақтары болды.
Ғарыштық шабуылдан қорғану Ғарыштық шабуылдан қорғану — әуе шабуылына қарсы корғаныстын құрамды бөлігі. Қарсыластың соғыс мақсатында (ядролық қару тасушы ретінде, барлау жүргізу мақсатында және т.б.) ұшу кеңістігінде қолданатын ғарыштык құралдарын жоюға арналған. Ғарыштық шабуылдан қорғанудың негізгі құралдары — арнаулы ғарыштық кемелер, серіктер — жойғыштар және раксталар, радиоэлектрондық аппараттармен жабдықталған басқа ұшу аппараттары.
Тосып алу Тосып алу аймағы (Зона перехвата) — әуе кеністігі шегінде жойғыштың экипажы әуе нысанасын көздеп жоятын аумақ. Тосып алу аймағы көлемі мен орналасуы жойғыштардың (әуеде, аэродромда) бастапқы жагдайына, оларды ұрысқа енгізу бағытына, қолданудағы жою құралдарына, маневр жасау мүмкіндігіне, әуе нысаналары мен жойғыштар жылдамдықтарының арақатынасына, әуедегі нысаналардың ұшу бағыты мен биіктігіне байланысты.
Тосып алу Тосып алу шебі (Рубеж перехвата) — жойғыштар авиациясы өуе қарсыласын тосып алып, жоятын шеп. Тосып алу шебі бүркемеленген обьектіден қашықтату әуе қарсыласын табу қашықтығына, өз жойғыш ұшақтары мен қарсылас ұшақтарының тактикалық-техникалық сипатына, қарсылас туралы мәліметтерді жинау, шешім кабылдау мен жойғыштарға міндет қоюға кететін уақытқа және тосып алу жүргізілетін жағдайға байланысты.
Әскери авиация Әскери авиация (Военная авиация) — қарулы күштердің басқа түрлерімен бірге және өз бетімен іс-қимылдар жасауға арналған авиациялық бөлім. авиациялық бөлімдердің қарауында ұшақтар, су ұшақтары және тіқұшақтар болады. Әскери авиацияның ұрыстық қуатының негізі — дыбыстан үшқыр, әр түрлі бомбалау, ракеталық және атқышзеңбіректік қару-жарақпен жабдықталған, барлық ауа райына бейімделген ұшақтар. Арналуына байланысты әскери авиация алыс қашықтық (стратегиялық), майдандық (тактикалық), армиялық, әскери көліктік және арнайы авиацияға бөлінеді. Ал ұрыс тапсырмаларына және іс-қимылдарының сипатына қарай әскери авиация түрлері бойынша бомбалаушы (ракеталық), жойғыш бомбалаушы (тактикалық жойғыштар), жоюшы, шабуылдаушы барлаушы, сүңгуір қайыққа қарсы қолданылатын, әскери-көліктік және арнайы авиацияға, ал бағыныштылығына қарай теңіз авиациясы мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс авиациясына бәлінеді.
Овсянников Владимир Васильевич Ұлы Отан соғысына 1942 жылдан қатысты. Үш рет жараланды. Воронеж майданындағы 40 ­армияның 1664 ­танкiге қарсы артиллериялық жойғыштар полкiнiң штаб бастығының орынбасары, аға лейтенант. 1943 жылғы 19 қыркүйекте Днепр өзенiн кешiп өтетiн өткелдiң полк тұрған учаскесiнде Калинившин хуторының солтүстiк-­батысындағы 175,1 метрлiк биiктiкке күштi артиллерия атысының қолдауымен 4 ­батареяның позициясы тұсында оны айналып өтiп, Бухалов және Виблица хуторларын басып алу үшiн қарсыластар қарсы шабуылға шықты. Жауды 300 метрге дейiн жақын жiберiп, артиллеристер тура нысанамен ата бастады. Овсянников Красная Лука селосындағы (Полтава облысының Годяча ауданы) 2­ батареяға тiкелей басшылық жасады. Екi рет жараланса да, ұрыс даласын тастамай, батареяға басшылық жасай бердi.