Top 10 similar words or synonyms for жиеншар

үсенбаева    0.743809

дүйсен    0.730974

сәлима    0.723665

көргенді    0.717136

жүзжасар    0.714903

қабидолла    0.713648

кешіріңіз    0.713465

қайнаға    0.713268

шәрбану    0.712546

қыздан    0.711542

Top 30 analogous words or synonyms for жиеншар

Article Example
Жиен Жиеннен туған баланы жиеншар дейді. Қазақ дәстүрінде нағашы мен Жиен арасында үлкен сыйластық үлгісі қалыптасқан. Олар бірін-бірі күндемейді, араларында бақталастық, қызғаныш болмайды, өзара әзілдесіп қалжыңдасады, “Жиенді ұрғанның қолы қалтырайды” деп, жиендерін барынша еркелетеді. “Балалығың ұстаса нағашыңа бар” деген мәтел соны меңзейді. Жиендік жасқа қарамайды. Жиен нағашыдан үлкен болуы да мүмкін. Мұның нағашы-жиендік рәсімдерге кедергісі жоқ. Жиен жасына қарай “жиен аға”, “жиен апа”, т.б. болып аталады. Жиен ерке, батыл болғанымен, “нағашымен күрескен жиен жығылады”, яғни нағашысы алдында әдепті, ізетті келеді. Ел ішінде Жиенді бөтен рудың өкіліне есептей отырып, нағашы жұртына үйлендіру салты да сақталған. Оны “жиен күйеу” дейді. Жиеншар тағайларына (әкесінің нағашысына) әкесі тәрізді Жиендік ғұрыпты жалғастырады.
Әпке Сондай-ақ, әпке сөзі ауызекі тілде өзінен жасы үлкен қыздар мен әйелдердің, туыстық қатынасы ескерілмей-ақ, назарын аударту үшін құрметпен айтылатын қаратпа сөз ретінде жиі қолданылады. Туыстас қыздардың балалары бір-біріне бөле болады. Қазақтың туысқандық қарым-қатынасында қыздар ұрпағы жиен, жиеншар болып келеді. Халық дәстүрі бойынша нағашыға жиен батым келеді.
Нағашы Нағаш жұрттың «сыншыл» дейтін үш жұрттың ішіндегі ең сыйлысы осылар. Олар жиенін әрқашан еркелетіп, сұрағанын беріп отырған. Тек туған нағашысы ғана емес, сол рудың барлығы да жиенге нағашы деп аталады. Нағашының жолы үлкен. Нағашы жиеінін күндемейді, керісінше, оның азаматтығы мен ізгі істеріне сүйініп, мақтанып, мақтап отырады. Нағашылық жасқа қарамайды. Кейде жиен нағашыдан үлкен болуы да мүмкін. Нағашы жұрттың еркек-әйелдерін жиендері «нағашы апа», «нағашы жеңге», «нағашы қарындас», «нағашы іні», «нағашы аға», «нағашы әже» деп атайды. "Жиен" – қыздан туған бала. Нағашы ауылы үшін еркек, аса қадірлі. Ол нағашыларынан үш рет қалаған нәрсесін алуға құқылы. Оған ұрсуға, сөзін кектеуге болмайды. "Жиеншар" – жиеннен туған бала. Ол да әкесі сияқты жиендік ғұрыпты жалғастырады. "Бөле" – апалы-сіңілілі қыздардың балалары бір-біріне «бөле» болады. Бір-бірімен өте тату болады.