Top 10 similar words or synonyms for жанайдаров

сейілбек    0.936348

есенғали    0.904273

қажыбек    0.898442

серіков    0.895865

әзімхан    0.893548

әбдікәрімов    0.893369

баймағамбетов    0.893350

ғабдолла    0.892841

мұқыш    0.890654

итбаев    0.890053

Top 30 analogous words or synonyms for жанайдаров

Article Example
Орынбай Жанайдаров Орынбай Жанайдаров - 1951 жылы 15 сәуірде Көкшетау облысы, Кенесары ауылында туған.
Мейрам Жанайдаров Жанайдаров Мейрам (1846, бұрынғы Атбасар уезі, Терісаққан болылсы – 1921) – этнограф. Мұсылманша, орысша білім алып, Атбасар уезі бастығының көмекшісі болған. «Мың бір түнді» өлеңмен жырлап, 1895 жылы «Дала уалаяты» газетінің бірнеше санына бастырған. Кейін болыс болып, ұзақ жыл ел билеу ісіне араласқан. Қазақ халқының мәдениетін зерттеумен айналысып, Ресейде өткен этнограф көрмелерге қатысқан. Қазақ киіз үйін, зергерлік бұйымдар мен киім-кешегін, ер-тұрманын, қару-жарағын, ит жүгіртіп, құс салған, ат жарыстырған салт-дәстүрін насихаттаумен шұғылымиданып, ірі мұражайларға тегін экспонаттар өткізген. Өзінің ата қонысы Терісаққан өзені бойынан еуропалық үлгіде қызыл кірпіштен екі қабатты үй салдырған. Жанайдаров қазақ киіз үйінің құрылысына өзіндік жаңалық енгізіп, жылжымалы терезелер орнаттырған. Осы киіз үй Ресей патшасы қазақ сахарасын аралауға келген сапарының құрметіне және Романовтар әулетінің таққа отыруының үш жүз жылдығының құрметіне арналған Омбы қаласында өткізілген көрмелерге (1868, 1891, 1913) жәдігер ретінде тігілген. Оның 1876 жылы шығыстанушылардың халықар. 3-конгресінің көрмесіне арнап, Санкт-Петербургке жіберген терезелі киіз үйінің бір нұсқасы қазір Ресейдің мемлекеттік этнография мұражайында сақтаулы. Жанайдаров жылқы тұқымын асылдандыруға қосқан үлесі үшін 8 рет Батыс Сібір әскери ген.-губернаторының жүлдесіне ие болып, 1891 жылғы көрмедегі ат жарысында бірінші жүлдені Николай ІІ-нің өз қолынан алған. Жанайдаров егде тартқан шағында қажылық парызын өтеп қайтқан. Жанайдаровтың «Үш дос» поэмасы, Мүслима қызбен айтысы, бірқатар өлеңдері орталық ғылым кітапхананың қолжазбалар қорында сақтаулы. Қазақ шежіресін жинап, кітап етіп бастыру туралы мәселе қозғаған мақаласы 1912 жылы «Айқап» журналында жарияланып, «Мың бір түннің хикаясы» аталатын дастаны кейін екі рет (1986, 1994) жарық көрді.
Орынбай Жанайдаров Көкшетау педагогикалық институтының орыс тілі мен әдебиеті факультетін бітіріп, ауыл мектебінде мұғалім, аудандық газет редакциясында әдеби қызметкер болып істеген. «Жазушы», «Жалын» баспаларында редактор, Қазақстан жазушылар одағында әдеби кеңесші болған. Қазір «Простор» журналы Бас редакторының орынбасары.
Орынбай Жанайдаров Өлеңдері алғаш рет 1968 жылы жариялайды. Орыс тілінде жазады. Топтама жырлары «Откровение», «Целинный меридиан», «Пусть не гаснет солнце», «Байконур» атты ұжымдық жинақтарға енді.
Мейрам Жанайдаров Путешествие государя Николая ІІ на Восток, СПб., 1897; Маргулан А.Х., Казахское народное прикладное искусство, А.-А., 1986; Дала уалаятының газеті (1888 – 1902), А., 1994.