Top 10 similar words or synonyms for жаманын

ақылыңа    0.871499

несібесін    0.869372

сиприян    0.864684

айтқаның    0.862871

қонағың    0.860091

арланк    0.858515

жақсыны    0.857935

қадiр    0.856769

жл    0.855021

ұланбел    0.854634

Top 30 analogous words or synonyms for жаманын

Article Example
Қазақ мақал-мәтелдерінің гендерлік сипаты Әйел еріне жұбай, қосақ не соның қостыны. Еркектің жақсысын асырып, жаманын жасыратын, жыртығын жамайтын тек әйел ғана. Ер азаматтар «"Артымда тұяқ қалды"» деп жатады. Олар алдымен өзін дүниеге әкелгені үшін анасына борышты болса, екінші ретте өзіне бала сыйлағаны үшін қосағына қарыздар. «"Әйелдің жақсысы - ақылшың"», - деп әйелдің абзал қасиеттері еріне кеңес беріп, ақыл айтып отыруын айтқан.
Жәңгір-Керей хан Жәңгір хан бойында жақсылығы мен жамандығы жарыса өріліп, атқарған ісінен орайына қарай осының екеуі де көрініс беріп тұратын күрделі тұлға. Жақсысын көріп, асқақтатып, аспанға шығармай, жаманын көріп, жатқа санап, жарға итермей, адамгершілікті биік парасаттылықпен тарихи бағасын берер кез енді келді деп білеміз. Қалайда Жәңгір ханның халқымыздың тарихында өзіндік орны бар екені ешқандай дау тудырмаса керек.
Ұлттық сана «Жер шарының белдеуін жағалай қазақтарды жайғастырса, жер жүзін бір тиынсыз айналып шығуға болады», - дейді қазақ жеріне жер аударылып келген поляк революционері А. Янушкевич. Қазақтың ақ көңілділігін, қонақ жайлылығын, соғыс өнеріне бейімділігін көзімен көрген, 20 ғ-дың басында Түркістанда болған пиғылы таза орыс генералы А. Суздальцев: «Қазақтар - сунит мұсылмандары. Әйелдері біршама еркін жүреді. Беттері ашық, ежет, өткір. Тілдері түрік, мінез-құлқы жағынан ең ұнамды халық. Кек сақтамайды, көп сөйлемейді, қонақжай. Сарттар сияқты жалтақтап, жарамсақтану оларға жат - ақкөңіл, сенгіш. Соғыс өнеріне аса бейім. Әрі ержүрек, жылқыны жақсы кереді және ең мықты шабандоздар», - деген («Қазақ әдебиеті», 6. 7. 1993). ы шығармаларында жиі кездесетін «қазақ» - «қазағым», «ел»-«елім», «жұрт»-«жұртым», «халық» -«халқым» деген ұғымдарды Абай әр түрлі контекстке, сез пайдалануға орай «ұлт», «ұлтым» деген мағынада қолданады. Мысалы, «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»деген туындысын да бүтін қазақ ұлтын «бірлікке, берекеге, шын пейіл» бірлестікке шақырады. Жиырма бесінші сөзінде қазақтың қамын ойлаған Абай «қазаққа күзетші болайын деп, біз де ел болып, жұрт білгенді біліп, халық қатарына қосылудың қамын жейік деп ниеттеніп үйрену керек», - дейді. Әкесі Құнанбай туралы «Мұқым қазақ баласы. Тегіс ақыл сұрапты, Тобықтыны ел қылып, Басын жиып қурапты» дей келіп Абай бүтін қазақтың басын қосып, жаманын жасырып, жақсысын асырып, халқын алдыңғы қатардағы елдердің қатарына қосуды арман етеді. Қазақ халқын дүн.жүз. өркениетті елдер қатарына қосу үшін не керек? - деген сауалға жауап ретінде Жиырма төртінші сөзінде «"Жер жүзінде екі мың миллионнан көп артық адам бар, екі миллионнан аса қазақ бар"». Қырық бірінші сөзінде «қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі түрлі нәрсе керек: әуелі - зор өкімет керек. Ол өкімет халықты білімге, ғылымға, өнерге, еңбекке жұмылдыруы қажет. Екінші - өкімет басындағы адам аса бай болу керек, ол өз байлығын, ел байлығын жас ұрпақты әділ де адал жолға салуға, мәнді іс атқаруға жүмсауы керек», - деп, келешекке бағыт сілтейді.
Эстетикалық көзқарасы деп, өзінің өлең туралы байламын ұсынады. Поэзияның сұлулығы, құндылығы үшін қажетті алғы шарттарды белгілеп береді. «Ақындары ақылсыз, надан келіп, Көр-жерді елең қыпты жоқтан қармап...» деп, не болса соны өлең қылып, парасатты өлең айту қолынан келмейтін, елеңді дұрыстап жазуға талаптанбайтын, ізденбейтін ақындарды сынға алады. Тыңдаушыны да елеңнің жақсысы мен жаманын айыра білуге, талғампаз болуға шақырады. Абайдың өзіне дейінгі ақындардан бір ерекшелігі, өзіне биік талап қоя отырып, адам мен табиғатты, адам мен жан-жануарды, адамның ішкі рухани мазмұны мен сыртқы пішінін салыстыра отырып суреттейді. Абай эстетикасының тереңдігі мен құндылығы оның шығармашылық принциптерінің әлеум. айқын бағдарымен тығыз байланысты. Оны ақын өлеңдерінен байқау қиын емес. Абай гуманист ақын ретінде адамның әсемдігін «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес, Ол бірақ, қайтып келіп, ойнап-күлмес...» - деп, бәрінен жоғары санайды. Табиғат ретінде адам өледі, «өлсем, орным қара жер сыз болмай ма...» , ал адам ретінде ол өлмейді, өйткені өлмейтұғын артына сөз қалдырады. Адамның табиғаттан артықшылығы - оның талабы, ақыл-ойы және білімі бар. Адамның басты ғаламаты -ол ойлай алады, сөйлейді. Абай өз өлендерінде бүл жайында да айтқан. Абай ақын болмай тұрып ақ, өзі өскен ортадан, айналадағы табиғаттан, дәстүрлі тұрмыс-салттан эстетик. әсер алып есейді, кейін оны толықтырып, байыта түсті. Абай елең жазуды әлі мақсат етпеген кезінде-ақ шындықты эстетик. жағынан қабылдаған, өмірді байқағанда, іске кіріскенде, оқып-ойланғанда эстетик. тұрғыдан алып қарастырған. Абайдың өзге ақындардан екінші бір ерекшелігі - Абай сол замандай-ақ, кеңінен тараған эстетик. теориялардан хабардар болған, көптеген эстетик. ұғымдар оған таныс еді. Арғы жағы Сократ, бергі жағы Спенсер, әсіресе, В. Г. Белинский мен Н. Г. Чернышевский сияқты ойшылдардың эстетик. принциптерін естіп, оқып әжептәуір білім алған. Сонымен өмір эстетикасы, тарихи дәстүр мен мәдени мұра, ғылым мен философия жетістіктері -осының бәрін қорытып, бүған нәзік жаны мен терең ойын қосып, данышпан Абай қазақ халқының эстетикасын жасап шықты. Бүгінгі күннің ғылыми талабына сәйкес Абайдың эстетикасын мынадай тарауларға бөлуге болады. 1. Жалпы эстетик. ұғымдар. 2. Табиғат эстетикасы. 3. Адамның әсемдік қасиеттері, соның ішінде әйелдің сұлулығы. 4. Әдебиет эстетикасы. Соған жалғаса өнер мен шеберліктің эстетик. маңызы. Жалпы эстетик. мәселелерді алатын болсақ, бүл жайында Абайда жүйеге келтіруге жарайтын түсініктер жеткілікті. Ол, ең алдымен эстетик. сезім мен қабылдаудың негізіне жататын адамның бес түйсігіне тоқталады. Адамды жаратушы (діннің ықпалы) бізге бес сезім (физиологиямен таныстығы) бергені жайында Жиырма жетінші сөзінде былай дейді: «Әуелі көзді көрсін деп беріпті, егер кез жоқ болса, дүниедегі көрікті нәрселердің көркінен қайтіп ләззат алар едік? Құлақ болмаса, не қаңғыр, не күңгір дауыс, жақсы үн, күй, ән ешбірінен ләззат алаламас едік. Мұрын иіс білмесе, дүниеде болған жақсы иіске ғашық болмақ, жаман иістен қашық болмақтық қолымыздан келмес еді. Таңдай, тіл дәм білмесе, дүниеде не тәтті, не қатты, не дәмдінің қайсысынан ләззат алар едік? Бұлардың бәрі біздің пайдамыз емес пе...?» Ләззат деген сезді Абай кебіне эстетик. мағынада қолданады. Ләззат - сезім арқылы туғызатын заттардың, құбылыстардың эстетик. қасиеттері. Бірақ, бұлар әлі жеткіліксіз. Бір нәрсені эстетик. түсінікпен қабылдап, одан ләззат алу үшін адамның өзі оған дайын болуы тиіс, сонда ғана «әрбір естігеніңді, кергеніңді көңілің жақсы ұғып, анық сөз суретімен ішке жайғастырып алады...» (32-ші сөз). Эстетик. түйсікпен толық қабылдау дегеніміз сыртқы заттың өз суретімен адамның ішкі рухани сарайына жайғасу болып табылады. Абайдың бүл ұғымын өте терең және аса маңызды тұжырым деп тануымыз керек. Эстетик. қасиеттер деген атауды Абай пайдаланбайды, бірақ, соны сипаттайтын көптеген қазақтың төл сөздерін қолданады. Көрікті, сұлу, әсем, әдемі, сүйкімді, сымбат, сән, ажарлы, нұрлы