Top 10 similar words or synonyms for есполов

боштаев    0.948106

рысқалиев    0.938098

досманбетов    0.935121

дауылбаев    0.923879

асылбекова    0.922852

боранбайұлы    0.922377

арқабаев    0.921026

өзбекұлы    0.920568

қоңырбаев    0.918795

көпжасаров    0.918139

Top 30 analogous words or synonyms for есполов

Article Example
Мырзағазы Есполов “Айқап” журналына, “Қазақ газетіне” ауыл жағдайы, жер мәселесі, ұлт-азаттық қозғалысы туралы мақалалар жазып тұрған. Ресей патшасының 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығынан кейін Батыс майданы штабы жанынан құрылған түз халықтары өкілдері бөлімінің жұмысына белсене араласқан. Ақпан төңкерісінен кейін қазақ комитеттерін құруға, жалпықазақ съездерін шақыруға қатынасқан Алаш қозғалысының белсенді қайраткері.
Қабиболла Есполов Қабиболла Есполов (1935, Атырау облысы). Қазақ кен-металлургия институтын бітірген (1958). 1958 жылдан - Батыс Қазақстан гидрогеологиялық партиясының инженер-гидрогеологы, Гурьев тақырыптық партиясының аға гидрогеологы; Маңғышлақ гидрогеологиялық экспедициясында Маңғышлақ партиясының бастығы, бас инженері, бас гидрогеологы. 1973 жылдан - партиялық-кеңестік жұмыста. 1994-1997 жылдары - Оңтүстік мұнай өнімдерінің магистральды құбырлары басқармасының бас экологы. 1997 жылдан - зейнеткер. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен жене медальдармен марапатталған.
Мырзағазы Есполов Мырзағазы Есполов(1896, Қостанай маңы — 1936) — Алаш қозғалысының қайраткері, журналист, публицист, педагог.
Мырзағазы Есполов 1917 жылы желтоқсанда құрылған Алашорда үкіметінің әскери бөлімінде қызмет атқарып, Алаш милициясын жасақтауға көп еңбек сіңірді. 1920 жылдан халық ағарту саласында еңбек етіп, Ташкенттегі Қазақ педагогикалық институтында оқытушылық қызмет атқарды. Сталиндік саяси қуғын-сүргіннің зардабын тартып, 1929 жылы тұтқынға алынды да, 1930 жылы сәуірде 10 жылға Соловецк лагеріне айдалды. 1936 жылы лагерьде жүріп қайтыс болған.
Тілектес Исабайұлы Есполов Тілектес Исабайұлы Есполов (15 мамыр, 1952 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қарасай ауылында туған) — ғалым. Экономика ғылымдарыың докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Академигі. Қазақстан Білім Беру ісінің Құрметті қызыметкері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақ Ұлттық аграрлық универстиетінің ректоры. Қордай ауданының Құрметті азаматы.
Тілектес Исабайұлы Есполов «Проблемы оценки и управления воспроизводством ресурсного потенциала аридной территории Казахстана» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты табиғи су-жер ресурстарын толық және ұтымды пайдаланудың негізінде еліміздің агроөндірістік кешенінің экология-экономика тиімділігін арттыру болып табылады. Тілектес Исабайұлы Есполов 100-ден астам ғылыми жұмыстың авторы. Жамбыл облысы Қордай ауданының құрметті азаматы (2005). «Парасат» орденімен (2005) марапатталған.
Социалистік еңбек ері Еволенко Д.Н., Егербердиев Н., Егорин И.П., Еділбаев К., Екібаев Ж., Елбетов Т., Елкеев М., Енбаева М., Ергалиев Ә., Ержанов Е., Ержанов И., Еркінов Б., Ермағамбетов Б., Ермеков Б., Ермішев О., Ерімбетов Е., Есболаев Ә., Есболатова Қ., Есболов Д., Есеналиев Д., Есентаев Н., Есжанов Х., Есқалиев М., Есқожаев Ұ., Есмұратов Ғ., Есниязов А., Есполов Д., Есполов Қ., Есхожаев А., Есімбеков П., Есімов С., Есіркепов Қ., Ефимов В.И., Ешниязов М., Ешімқұлов М.
Алаш ісі “Алаш ісі” — 1928 жылдан бастап Алаш қозғалысына қатысқандарды (Алаш партиясы мен Алашорда үкіметіне мүше болған және оларды жақтағандарды) Кеңес үкіметінің жаппай тұтқынға алып, тергеп, 1930 — 32 жылдардағы сот процестерінің шешімдері арқылы әр түрлі мерзімге түрмелер мен концлагерлерге қамауы. Олардың басым көпшілігіне 1918 — 20 ж-да Алашорда қатарында болып, Кеңес үкіметіне қарсы қарулы күрес жүргізді, ал одан кейінгі жылдары Кеңес өкіметін құлатуға қарсы әрекеттер жасады, контррев. орталықтар құрып, кең көлемде Кеңеске қарсы ұлтшыл үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді, шетелдік кеңес мемл-іне қарсы орталықтармен байланыста болды деген жалған айыптар тағылды. 1930 жылғы 4-і сәуірдегі ОГПУ (Біріккен мемл. саяси басқармасы) алқасының үкімімен Ахмет Байтұрсынұлы басқарған 40-қа жақын адам әртүрлі мерзімдерге түрмелер мен концлагерлерге қамалуға, жер аударылуға, т.б. жазаларға кесілді. Байтұрсынов, М.Дулатов, Мырзағазы Есполов, Халел Ғаббасов, Дінмұхамед Әділов, Жүсіпбек Аймауытов, Ғазымбек Бірімжанов, Әбдірахман Байділдин, Асқар Дулатов, Теміржан Есмағамбетов т.б. (барлығы 20 адам) ату жазасына кесіліп, ол үкім кейін 10 жыл мерзімге концлагермен алмастырылды. Сол үкіммен Мағжан Жұмабаев, Елдес Омаров, Ибрагим Сәтбаев, Әбуәли Әділов, Асқар Әділов, Абдолла Ұзақбеков алғашында 10 жылдық мерзімге концлагерге кесіліп, бұл үкім кейін Солтүстік өлкеге жер аударумен алмастырылды. Ал Кәрім Жәленов, Дархан Кенжебаев, Төреқұл Мұратов, Ақбар Ыбыраев, Нұрлан Кәрібаев, Алғабек Байдуллаев бес жыл мерзімге концлагерге жіберілді. 1932 ж. 20 сәуірде ОГПУ үштігінің үкімімен Мұхаметжан Тынышпаев бастаған Алаш қозғалысының 20-дан астам мүшесі жазаланды. Олардың қатарынан Тынышпаев, Көшмұхамед (Қошке) Кемеңгеров, Халел Досмұхамедов, Алдаберген Үмбетбаев, Жанша Досмұхамедов, Әшір Қожамқұлов, Кәрім Тоқтабаев, Ахмет Тұнғаншин, Әбдірахман Мұңайтбасов, Әшім Омаров, Жұмахан Күдерин, Мұстафа Бұралқиев, Әбдіхамит Ақбаев, Жақып Ақбаев, Сейдәзім Қадырбаев, Мұхтар Мурзин бес жыл мерзімге Ресейдің Воронеж облысына жер аударылды. Олар аударылып барған жерлерінде саяси сенімсіз адамдар ретінде ОГПУ органдарының бақылауында болды. Осы топпен бірге бастары істі болған Мұхтар Әуезов, Уәлихан Омаров, Біләл Сүлеев, Әлімхан Ермеков, Даниял Ысқақов алдын-ала тергеуде түрмеде отырған уақыты есептеліп босатылды. “Алаш ісімен” 1930 және 1932 ж. сотталғандардан М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Ә.Байділдин, А.Дулатов, К.Тоқтабаев елге қайтып оралмады. Ал қайтып оралғандары 1937 — 38 жылдардағы “үлкен террор” кезінде “халық жауы” деген жалған айыппен түгелге дерлік атылды.