Top 10 similar words or synonyms for дәлдеуші

танктік    0.810508

атыстық    0.808856

миналардың    0.805457

пулеметтер    0.795563

торпедалық    0.794295

сварка    0.790943

танкатқыш    0.790041

радиотехникалық    0.786240

танкілік    0.784954

тежегіштің    0.779423

Top 30 analogous words or synonyms for дәлдеуші

Article Example
Дәлдеу-барлау авиациясы Дәлдеу-барлау авиациясы — барлау авиациясының артиллерияға қажетті барлау жүргізетін және артиллериядан атуды жер үстінен және кемелерден бакыланбайтың жер үсті және су үсті нысаналарына көздеуге арналған құрамды бөлігі. Бірінші дүниежүзілік соғыста негізгі соғысушы мемлекеттердің қарулы күштерінде (Ресей, Ұлыбритания, Германия, Франция және т.б) пайда болған. Алғашында дәлдеу-барлау авиациясы жеңіл ұшақтармен қаруланған жеке буындардан, авиа жасақтарынан (эскадрильялардан) түрды. Нысаналарды барлау көзбен барлаумен және жергілікті жерді суретке түсірумен, ал атуды дәлдеу — дәлдеуші үшақ орындайтын жарықтық-техникалық құралдармен және мәліметтері бар вымпелдерді тастаумен жүзеге асырылды. Екінші дүние жүзілік соғыста дәлдеу-барлау авиациясы дәлдеуші ұшақтармен (құрамында пулеметі, зеңбірегі, арнайы фотоаппараты бар), жарықтык-техникалық құралдармен радио және басқа құралдармен, жабдықталған. Көптеген мемлекеггердің қарулы күштерінде дәлдеу-барлау авиациясы бөлімдері мен бөлімшелері 20 ғасырдың 60 жылдарына дейін ғана болып, таратылып жіберілген. Олардын міндеттерін енді арнайы дайындалған армиялық авиациялар аткара бастады. Олардың құрамында барлау және дәлдеу үшін тікұшақтар мен ұшақтар болады. Бүл ұшақтар мен тікұшақтар аэрәфотографияның жаңа аппараттарымен, оптикалық, радиоэлектрондық және басқа құралдармен жабдықталған.
Жер үсті артиллерия атысы атыс позицияларынан немесе тура бағытпен ашық атыс позицияларынан жүргізіледі. Ол траектория түрі бойынша төсей, аспалы, мортирлік атысқа бөлінеді. Төсей атыс траекторияларында кейбір жағдайларда рикошетті атыс жүргізілуі мүмкін. Жер үсті артиллерия атысының ретін толық дайындық негізінде (негізгі тәсіл) атыспен дәлдеуші зеңбіректер, атысты басқа жаққа ауыстыру, нысананы дәлдеу және қысқартылған дайындық мәліметтері негізінде анықтайды. Нысананы жою атыстары атыспен дәлдеусіз (толық дайындық және атысты басқа жаққа ауыстыру кезінде) немесе атыспен дәлдегеннен кейін кенеттен басталуы мүмкін.
Тікұшақ Тікұшақ () — ауадан ауыр ұшу аппараты. Тікұшақ ұшуы физиканың қысым заңына негізделген. Қалақтары өте жылдам айналғанда ауаны бұрғылайды. Қалақтары бұрқылау тифінде жасалған. Ауа бұрғыланғанда тікұшақтың үстіндегі ауа қысымы астындағы ауа қысымынан азаяды, сол кезде жоғары ауа қысымы төмен ауа қысымына қарай ағады сол мезетте ұшақ жоғары көтеріледі. Оның көтерілгіш күші мен алға жылжу қозғалысы бір немесе бірнеше көтергіш қалақтармен атқарылады (кейде ол үшін кішкене қанаттарды пайдаланады). Тікұшақ тік ұшып қона алады, әр түрлі бағытта ұшады, сондай-ақ бір жерде әуеде тоқтап қалықтап тұра алады. Тікұшақтардың рульдік (артқы) қалағы бар бір қалақты, бір білікте екі көтергіш қалағы бар қос қалақты, ұзына бой және көлденеңінен орналаскан көтергіш қалақтары бар қос қалақты түрлері болады. Тікұшақтың жылдамдығы 350 км/сағ. дейін (500-600 км/сағқа дейін ұлғайтуға болады). Жүк көтергіштіп 40 тоннаға дейін. Әскери тікұшақтар қолдану мақсаттарына байланысты ұрыстық тікұшақтарға (әскерді атыспен қолдаушы, сүңгуір қайыққа қарсы, танкіге қарсы, көліктік-десанттық), әскери жабдықтаушы тікұшақтарға (барлаушы байланыстық, артиллерия атысын дәлдеуші, мина қоюшы, жанармай құюшы және басқалар) көмекшілікке арналған тікұшақтарға (тікұшақ-крандар, санитариялық, медициналық жедел жәрдем, оқулық, оқу-жаттығулык және басқалар) бөлінеді. Атыспен қолдаушы тікұшақ қарсыластың ашық орналасқан адам күшін, әскери техникасын және атыс құралдарын әуеден жоюға арналады. Қаружарағы: пулеметтер, гранататқыштар, басқарылатын және басқарылмайтын ракеталар, бомбалар, жандырғыш бактар және т.б. Жартылай сауыттандырылады. Сүңгуір қайыққа қарсы қолданылатын тікұшақ қарсыластың сүңгуір қайықтарын іздеуге және оны жоюға арналған. Сүңгуір қайықты іздеп табу (суға түсірілетін және тіркелетін гидроакустикалық станциялар, радиогидроакустикалык буйлар, РЛС және басқалар) және жою (сүңгуір қайыққа қарсы өзі бағытталатын торпедалар, ракеталар және терендік бомбалар және басқа) құралдарымен жабдықталады. Танкіге қарсы қолданылатын тікұшақ қарсыластың танкілері мен басқа сауытты объектілерін жояды. Танкіге қарсы тікұшақ басқарылмалы ракеталармен, сонымен қатар басқарылмайтын ракеталармен, пулеметтермен, бомбалармен және басқалармен жабдықталуы мүмкін. Нысаналарды іздеп-табу және басқарылмалы бағыттау ракеталарымен жабдықталады; жартылай сауытталады. Көліктік десанттық тікұшақ ұрыс қимылдарынын аудандарына әскери техниканы, әскер бөлімшелерін және жүктерді жеткізуге, десант түсіруге, жаралыларды тасымалдауға және басқа мақсаттарға арналған. Фюзеляждің ішінде 5-7 тоннаға дейін, ал сыртына іліп 10-12 тоннаға дейін жүк таси алады. Қару-жарағы: пулеметтер, гранататқыштар, басқарылмайтын ракеталар.