Top 10 similar words or synonyms for досымжанов

қалтаев    0.925032

мұсабекова    0.921574

қойшыбаева    0.920462

ибрагимова    0.916251

шаймерденов    0.910150

серікбаева    0.908208

есқалиев    0.906148

ордабаев    0.905563

шәкеев    0.904594

үмбетбаев    0.903620

Top 30 analogous words or synonyms for досымжанов

Article Example
Байғали Досымжанов Байғали Досымжанов (01.01.1922, Семей — 09.07.1998, Алматы) — әнші, режиссер, Қазақстанның халық артисі (1954; 1949 жылдан Қазақстанның еңбек сіңірген артисі).
Байғали Досымжанов 1936 — 39 жылдары Алматы музыкалық училищесінде, 1939 — 41 жылдары Мәскеу консерваториясы жанындағы қазақ студиясында оқыған, 1947 жылы Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген. 1941 жылы Қазақ опера және балет театрының, 1942 жылы ішкі істер жауынгерлерінің, кейін (1943) шекарашылар ән-би ансамбльдерінің жеке дауыстағы әншісі болды. 1944 жылдан Қазақ опера және балет театрында Төлеген (Е.Г. Брусиловскийдің “Қыз Жібегінде”), Біржан (М.Төлебаевтың “Біржан — Сарасында”, КСРО Мемлекеттік сыйлығының, 1949), Айдар (А.Жұбанов пен Л.Хамидидің “Абайында”), т.б. партияларды орындап, ұлттық опера өнерінің дамуына елеулі үлес қосты. Қазақ халық әндері мен халық композиторларының әндерін (“Жиырма бес”, “Бурылтай”, “Ақбақай”, “Сырымбет”, “Айттым сәлем, Қаламқас”, “Ғайни”) насихаттады. Оның әншілік өнері жоғары мәдениетімен, жарқын бояуымен, шынайы терең тебіреністі өзіндік өрнегімен ерекшеленді. 1960 жылдан режиссерлік қызметпен айналыса бастады. Е.Рахмадиевтің “Қамар сұлуы” мен “Алпамысын”, Брусиловскийдің “Қыз Жібегін” (Қ. Байсейітовпен бірге), З.Г. Исмагиловтың “Құдаша”, Д.Вердидің “Балмаскарад”, т.б. спектакльдерді сахналады. 1975 — 76 жылдары “Біржан-Сара” мен “Абай” (Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының, 1978) операларын қайта қойды. 1975 жылдан Алматы консерваториясының опералық даярлық кафедрасының меңгерушісі болды. Досымжанов көптеген дарынды әншілерді даярлап, көркемөнерпаздықты дамытуға үлкен үлес қосты. Жұртшылыққа танымал болған “Қаламқас”, “Нұргүл” ансамбльдерінің қамқоршысы болды. Ү
Байғали Досымжанов ш мәрте Еңбек Қызыл Ту және “Парасат” орденімен, көптеген медальдермен марапатталған.
Байғали Досымжанов ән шырқайды "Байғали Досымжанов ән шырқайды"– "Қазақтелефильм" студиясының 1 бөлімді, қазақ тіліндегі, ақ-қара түсті фильм-концерті (1967). Қазақ КСР-інің Халық артисі Байғали Досымжановтын шығармашылығы туралы түсірілімде, "Қыз-Жібек" операсындагы сахналық көріністер экранга шығады. Ондағы басты – Бекежан рөлінде Б.Досымжанов ойнап, жетекші партияны орындайды.
Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры Композиторлар Е.Г. Брусиловский, А. Жұбанов, М. Төлебаев, Л. Хамиди, режиссер Ж. Шанин, әншілер Қ. Жандарбеков, Қ. Байсейітов, К. Байсейітова, М. Ержанов, Ғ. Құрманғалиев, Ү. Тұрдықұлова, биші Ш. Жиенқұлова, т.б. ұлттық опералық музыканың негізін қалады. Кейінірек В.Ю. Жданов, Ю.Л. Рутковский режиссерлік етті, көркемдеуші суретшісі А.И.Ненашев, дирижері Ф.А. Кузьмич, хормейстері А.В. Преображенский болды. 1940 жылдары театр труппасына Ришат пен Мүсілім Абдуллиндер, С. Әбжанов, Ә. Үмбетбаев, Ш. Бейсекова, Б. Досымжанов, Р. Мұсабекова, Ә. Мұсабеков, т.б. әнші-артистер қосылды. Театрда А.В. Селезнев, Ю.П. Ковалев, Д.Т. Әбіров сияқты балетмейстерлер, И.И. Зак, Ғ.Н. Доғашев сынды дирижерлер жемісті еңбек етті.
Абай операсы «Абай» операсының алғашқы қойылымында Абайдың бейнесін - Р. Абдуллин, Ажарды - К. Байсейітова, Айдарды - Б. Досымжанов, Әзімді - М. Абдуллин, Қарлығашты - О. Симоновқа, Көкбайды - А. Байғожаев, Сырттанды - М. Толыбаев, Жиреншені-С. Әбжанов, Нарымбетті - Ә. Мұсабеков, Месті - Ғ. Құрманғалиев сомдады. Бұл опера – қазақ операсының классик, үлгісі және опера өнеріндегі жаңа белес. Опера қазақтың опера және балет театры репертуарынан берік орын алды.Театр өзінің жыл сайынғы жаңа маусымын осы операмен ашады. Опера 1958 ж. Москвада өткен Қазақстан өнері мен әдебиетінің он күндігінде қойылды. Композитор А. Жұбанов пен Л. Хамидиге «Абай» операсы үшін Қазақ КСР-інің Мемлекеттік сыйлығы берілді (1978 Ж.).
Нариман Нұрмұхамедұлы Қаражігітов Алматы облысының «Еңбекші қазақ» ауданның Қаракемер атты мекенінде Нариман 1934 жылдың мамыр айының 20-жұлдызында өмірге келді.Нариман Нұрмағамедұлы опера және балет театрының табал-дырығын 1963 жылы аттады. Содан бері оның өмірі, жан тылсымы сонымен біте қайнауда. 46 жыл қас қағымдай өте шықты.Нариман 1957 жылы Алматыда ұйымдастырылған жастардың Республикалық фестивалінде бірінші орынды жеңіп алып, жүлдегер атанды. Қазақстан Ленин комсомолының бірінші хатшысы қолынан диплом алды. Фестиваль барысында оның әншілікке деген дарынын таныған Байғали Досымжанов және Бекен Жылысбаев Нариманға консерваторияға түсуге ақыл береді. Ол ақыры консерваторияға 1957 жылы қабылданып, Бекен Жылысбаевтың шәкіртіне айналды, ал опералық класс өнері бойынша тәлім-сабақты Құрманбек Жандарбековтен алды. Қос ұстаз Нариманның әншілік қанатын 5 жыл бойы баптай түсті. Ол консерваториядағы студенттік шағынан бастап Алматы опера және балет театрының басшыларына дауысы қатты ұнағасын сондағы қойылымдарға қатыса бастады, ал 1963 жылы консерваториядағы оқу жылдарын тәмамдағасын опера және балет театрында әнші-солист қызметін атқаруға кірісті. Театрдың табалдырығын аттағаннан бастап-ақ өзін қалың қауым алдында дарынды кәсіби әнші екенін бірден байқатты, театр басшылары оның күрделі вокалдық дәрежеге жететініне толық сенді.
Нариман Нұрмұхамедұлы Қаражігітов Нариман Қаражігітов операның бір партиясынан соң екіншісін игеріп алып кетуі шұғыл дамып, шеберлігі арта берді. Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абайындағы» – Айдар, Мұқан Төлебаевтың «Біржан мен Сарасындағы» – Біржан, Евгений Брусиловскийдің «Ер Тарғынындағы» – Балпан, «Жалбырында» – Елемес, «Қыз Жібегіндегі» – Төлеген, Монцарттың «Дон Жуанындағы» – Дон Оттави, Мусоргскийдің «Борис Годуновындағы» – Самозванец, Еркеғали Рахмадиевтің «Алпамысындағы» – Қараман, Рубинштейннің «Демо-нындағы» – Синодал рөлдері тамаша орындады. Әсіресе, Ғазиза Жұбанованың «Еңлік-Кебек» операсында бас партияны игеруде өзі-нің қолтаңбасын айқын танытты. . Сахнаға алғаш шығарған рөлі Сыдық Мұхамеджановтың комедиялық «Айсұлу» операсындағы – Әубәкір образы. Бұл әртістің репертуарындағы алғаш орындалған кейіпкер. Ол партияны да өнерге деген жан-жақтылықты серпілісте, шебер түрлену бағытында орындады. Евгений Брусиловскийдің «Қыз Жібегі» қазақ операсының ұлттық мәдениеті тарихындағы түндікті алғаш ашты. Театрдың опералық қойылымының тұсау кесері. Биссимилласы содан басталды, қанатын толғай қағуға кірісті. Мұнда махаббаттың, пәк сүйіспеншіліктің асқақ шыңы сипатталып, жырланды. Опера желісінде Төлеген жауыздықтан мерт болғасын, Қыз Жібек мұндай орны толмас қайғыны көтере алмай өзін-өзі пида қылады, өмірімен қоштасады. Төлеген рөлін өткен мезгілдерде Қанабек Байсейітов және Байғали Досымжанов орындаған. Әрі қарай тізгін Нариман Қаражігітовтің қолына тапсырылды.Абай, Мұхтар, Шәкәрімдердің туған елі – Семейде қойылған Еркеғали Рахмадиевтің «Қамар сұлу» операсы Роза Жаманова мен Нариман Қаражігітовтің басты рөлдерді орындауымен жемісті өтті. 1968 жылы Нариман Нұрмағамедұлы Канаданың Монреал қала-сында дүниежүзілік көрмеге қазақстандықтарды Байкен Әшімов, Сабыр Ниязбеков, Саттар Имашев бастап келген делегация құрамында болды. Ол сонда Нұрғиса Тілендиевтің «Жан сәуле» және халық әні «Ақбақайды» үлкен шабытпен орындады.Накең әншілігімен қатар Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияда біраз жылдар ұстаздық қызмет атқарды. Ол 1967 жылы жеке классикалық әндерден сабақ берді, дәрістер оқыды. Оның шәкірттері қатарында белгілі әншілер – Ғафиз Есімов, Болатбек Бө, Мұрат Құсайынов. Бұл күндері Накең Қыздар педагогикалық университетінің профессоры.