Top 10 similar words or synonyms for данышменди

фуссиләт    0.917344

құдама    0.913624

ғалә    0.912468

нуреддин    0.910434

хайр    0.908021

қайс    0.907643

касирдің    0.907400

уаққас    0.905765

фазлаллаһ    0.898235

кәсир    0.898202

Top 30 analogous words or synonyms for данышменди

Article Example
Мұхаммед Данышменди МҰХАММЕД ДАНЫШМЕНДИ, Мұхаммед Данышменде әл-Зарнуқи – діни ғұлама. Маңғыт руынан шыққан, Қожа Ахмет Иасауи шәкірттерінің бірі, ұстазының “Мират ул-Қулуб” атты еңбегін жинақтаған. “Жами әл-Муршидин” кітабында ислам дінін ұстанушыларға арнап мектеп ашқан тұлға ретінде танылады. Ол Иасауимен бірге 40 рет қылуетке түсіп, оның рұқсатымен Отырарда 40 жыл ұстаздық еткен. Діни әңгімелерде тариқат пен шариатты ұштастырған діндар екендігі айтылады.
Мұхаммед Данышменди 1. Қазақ энциклопедиясы, 6 том.
Мұхаммед Данышменди МҰХАММЕД ДАНЫШМЕНДИ
Ләмахат Ләмахат мин Нафахат әл-Құдыс, Ләмәһәт мин нәфәһатил-Кудс — діни шығарма. Мұхаммед Алим Сыддиқи Алауи бұл шығарманы Қожа Ахмет Иасауи түсінде аян бергеннен кейін жазып, Сұлтан Мұхаммед Баһадүр ханға арнаған. Парсы тілінде жазылған кітап екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде жаһи зікірге (жария, дауыстап салатын зікір) шариат тарапынан рұқсат етілгендігін әңгімелейтін аяттар мен хадистер, екінші бөлімде Иасауиден бастап Иасауи тізбегіндегі (силсиласындағы) шейхтерге қатысты аңыздар берілген. Автор сопы Данышменди мен Имам Хұсамеддин Хусейн (Құсайын) Сығанақи шығармаларын пайдаланған. Шығарма алғаш рет Ташкентте басылды (1909), екінші басылымы Мұхаммед Назир Панчаның алғы сөзімен Исламабадта шықты (1986). Алим Шейх деген атпен танымал болған Алауи хижра бойынша 972 ж. Ташкентте туылып, 1043 ж. Самарқандағы Алиабадта қайтыс болған, Иасауи ізбасарларының бірі, көп жылдар бойы білім беру ісімен айналысқан. Оның еңбегіне Қожа Фатулла бин Абдулбасит Азизади толықтырулар енгізіп, өз нұсқасын “Такмила и Ләмәһәт” атады. Кітап Алим Шейхтың өмірбаянымен, оған қатысты аңыздармен толыққан. Бұл еңбек Мәдина қ-ндағы Ариф Хикмет кітапханасында сақтаулы (902/107). М.Алауидің мұнан басқа “Рисала-и Манакиб” атты шығармасы бар.
Мират ул-Қулуб «Мират ул-Қулуб», «Көңілдің айнасы» – 14 ғасырда шағатай тілінде жазылған Қожа Ахмет Иасауи рисаласы. Ол Швецияның Упсала қаласы кітапханасының қолжазба қорында сақтаулы (472). Көлемі 534 беттен тұратын кітапты Қ.А. Иасауи шәкірті сопы Мұхаммед Данышменди жинақтаған. «Мират ул-Қулуб» Қожа Ахмет Иасауидың сопылық ой-тұжырымдарын жариялау мақсатында жазылған. Еңбекте Нәжмеддин Кубра мен Мұхаммед Данышмендидің өз ойлары да ұшырасады. Туынды шариғат, тариқат және хақиқат атты үш бөлімнен тұрады. 1-бөлімде ислами сопылық ахлақ, 2-бөлімде тариқат әдебі, 3-бөлімде мағрифатуллах (Алланы тану) туралы әңгімеленеді. Еңбекте сопылық ілімнің өзегі саналатын «көңіл көзін ашу» мен «рухани жетілу» басты мәселе ретінде қаралған, дүниетаным сатылары Иасауидың сопылық философиясын тұжырымдауға негіз болады. «Нұр-и мұхамадия», «умм-ул аруах» танымдары, рухани жоғарылау мен дәрежелік өсу басқыштары айқындалып, кемелдікке жету қағидалары түсіндірілген.