Top 10 similar words or synonyms for гвардиялык

штурмдық    0.884211

расчетін    0.884150

расчетінің    0.883423

glaciers    0.874314

гаубица    0.871719

куксхафен    0.870311

амадора    0.869072

дүркіндете    0.868160

авиациясынан    0.868050

войска    0.867544

Top 30 analogous words or synonyms for гвардиялык

Article Example
Петр Иосифович Теряев және Литваны азат ету кезіндегі әуе шайкастарында Қызыл Тулы Суворов орденді 1-гвардиялык
Георгий Семенович Болтаев Болтаев Георгий Семенович (5.4.1914 ж.т., Қостанай қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қаты сушы, гвардия капитаны,1.1. рота командирі. Орыс Кеңес әскері қатарына Семей қаласының Ленин ауданы әскери комиссариатынан 1943 жылы мамыр айында шақырылды. Тамбов жаяу әскер училищесін бітірген соң,1944 жылы майданға жіберілді. Автоматшылар ротасының командирі Болтаев 172-полктің (8-гвардиялык армия, 57-аткыштар дивизиясы) құрамында ұрыстарға қатысты. Болтаев ротасымен 1945 жылы сәуірдің 16-сынан 17- сіне қараған түні Одер өзенінің жағалауындағы жаудың қорғаныс шебін бұзып өтті.Рота әскерлері Зелов биіктігіндегі жау траншеясын бірінші болып басып алып, 2 шабуылдаушы зеңбіректің, 5 атыс нүктесінің, ондаған әскері мен офицерін жойды және 75 мм-лік зеңбірек батальонын қолға түсірді.
Сергей Константинович Гуляев Сергей Константинович Гуляев (23.10.1921, Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы - 29.7. 1986, сонда) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, кіші лейтенант.Геологиялық барлау партиясында коллектор қызметін атқарған. Кеңес әскері қатарына 1941 жылы шақырылып, 1942 жылдың мамырынан Воронеж селосы майданы 3-гвардиялык танк армиясы 7-танк корпусы 8-жеке барлау батальоны құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1943 жылы 22 қыркүйекте Гуляев екі жауынгермен бірге Канев ауданы Трахтемиров селосының маңында Днепрдің Букрин тармағынан жасырын өтіп (Украина, Черкасск облысы), штабқа қажетті барлау мәліметтерін әкелді. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Гуляевке батылдығы мен тапқырлығы үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (23.10.1943). Соғыстан кейін Гуляев әскери-саяси училищені бітірді. 1946 жылы запасқа шықты. Риддер қаласында тұрып, сонда еңбек етті. Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
Викентий Никонорович Тощенко 1932 жылы Кеңес әскері қатарына алынып, тұрақты әскери қызметкер болды. Ұлы Отан соғысы басталған алғашқы күннен майданға жіберілді. 1-гвардиялык атты әскер дивизиясы 5-гвардиялық Тамань атты әскер полкінің қатарында Солтүстік Кавказдағы, Днепрдегі шайқастарға қатысты. 1943 жылы 26 қыркүйекте Тамань атты әскер полкінің 1-эскадроны полк штабының бастығы, гвардия капитаны Тощенконың басшылығымен бораған оқтың астында Днепрден өте бастады. Оң жағалауға шыгысымен Тощенко басып алған плацдармын кеңейтіп, басқа бөлімшелердің өтуін қамтамасыз ету үшін эскадронымен Вороново тоғайының жиегін басып алуға тырысты. Олар күші басым жаумен бір жарым тәулік шайқасты. Тощенко жараланғанына қарамастан, ұрысқа басшылық жасап жүрген кезінде екінші рет оқ тиіп, қаза тапты. Ұрыста көрсеткен ерлігі үшін Тощенкоға КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (10.1.1944).
Иван Леонтьевич Шапшаев Орта мектепте оқып, Бурсинск көмір шахтасында жұмыс істеді. 1933 жылы Кеңес әскері катарына шақырылып, 1941 жылдың шілдесінен Ұлы Отан соғысына қатысты. Шапшаевтың бүкіл майдандық өмірі даңқты Панфилов дивизиясымен байланысты. Ол дивизияның барлық шайқасына қатысты, басынан зақымданды, 6 рет жараланып, ротаның саяси жетекшісінен атқыштар полкінің командирлігіне дейінгі жолдардан өтті. Шапшаев тамыз айында 19-гвардиялық атқыштар полкі құрамында Риганы азат етуге, жаудың Курляндиядағы тобын талқандауға қатысты. 26 наурыз күні таңертең жаудың 15- ке жуық артиллериялық және минометтік батареясы 19- және 30-гвардиялык полктердің жауынгерлік сапына шабуыл жасады, полктер қоршауға түсіп, бір-бірінен бөлініп қалды, дивизия штабымен тек радио арқылы ғана байланыс жасалды. Шапшаев жауынгерлерін бірнеше рет шабуылға бастап, өзі ауыр жараланды. Соңында дивизияның барлық атқыштар полкі өзара күш біріктіріп, жау қоршауын бұзып шықты.
Иван Федорович Беляков Беляков Иван Федорович (30.8.1926, Алматы облысы ,Еңбекшіқазақ ауданы,Есік қаласы - 24. 04.1993, Алматы қаласы) - 2-дүние- жүзілік соғысқа қатысушы, станокты пулемет нысанашысы, қатардағы жауынгер, кейіннен ага лейтенант. Орыс 1-Беларусь майданы 61-армия 12-гвардиялык атқыштар дивизиясы 37-гвар-диялық атқыштар полкі кұрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1945 жылы 17 сәуірде полк жауынгерлері арасынан алғашқылардың қатарында Одер (Одра) өзенінен (Германия, Врицен қаласының маңы) өтіп, бірнеше отты нүктені жойды әрі басып алған плаццармды ұстап қалды. Беляковқа ерекше ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (31.5.1945). Соғыстан кейін Алматы қаласында тұрып, сонда еңбек етті. 1951 жылы Алматы қаласындагы ІІМ жанындағы оперативті қызметкерлерге арналған мектепті бітірді. 1954 жылы ага лейтенант Беляков запасқа шықты. Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Қашаған Жаманқараев Майданға өз еркімен аттанып, резервтегі 1-гвардиялык артиллерия құрамында Сталинград түбінде, Днепр өзені, Курск доғасындағы шайқастарға қатысты. 1-гвардиялық артиллериялық зеңбірек бригадасының (Воронеж майданы, 60-армия, 1-гвардиялық артиллериялық дивизия) зеңбірек командирі аға сержант Жаманқараев 1943 жылы 26 тамызда Романово (Курск облысы,Рыльский ауданы) деревнясындағы шайқаста жау шабуылына тойтарыс берді. 2 танкіні жойып, қалғандарын кері шегінуге мәжбүр етті. 1943 жылы 7 қазанда Губи], Медвин (Киев облысы, Чернобыль ауданы) селоларының жанында Днепрдің оң жағалауындағы плацдарм үшін болған соғыста жаудың 1 взводқа жуық әскерін, 2 танкісін жойды. Осы ерлігі үшін Жаманқараевқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (17.10.1943). Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған. Соғыстан кейін туған ауылына оралып жұмыс істеген.
Николай Семенович Иванов Николай Семенович Иванов(9.9.1924, Алматы облысы, Кербұлақ ауданы,Аралтөбе ауылы - 4.2.1972, Жаркент қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, сержант, пулеметшілер болімініц командирі. Иванов 1942 жылы наурыз айында Кеңес әскері қатарына шақырылып, Ашхабад қаласында (Түрікменстан) әскери мектепте оқыды. 1943 жылы 187-атқыштар полкінің құрамында майданға аттанып, Днепр өзенінен өтуге, Украинаның Николаев, Одесса Тернополь қалаларын азат етуге катысты. 246-гвардиялық атқыштар полкі (1-Беларусь майданы, 8-гвардиялық армия, 8.1 гвардиялык атқыштар дивизиясы) взвод командирінің көмекшісі сержант Иванов 1945 жылы14-17қаңтарда жаудың қорғаныс шебін бұзып, Рава-Мозавецка қаласы (Польша) үшін болған шайқаста пулемет оғымен жаудың бірнеше атыс ұясын талқандады. Иванов жау зеңбірегіне жер бауырлап жақындап барып, винтовкамен жау расчетін жойды. Соның нәтижесінде бөлімше әскерлері алға жылжыды. Ерлігі үшін Ивановқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (24.3.1945). Ол рейхстагты алуға қатысты. Ленин орденімен, медальдармен марапатталды. Соғыс аякталған соң туған жеріне оралды. 1949 жылы Ленинград орман техникумын бітіріп, Панфилов ауданында орман шаруашылығында жүмыс істеді. Жаркент қаласындағы көшеге Иванов есімі берілген.
Петр Михайлович Исаков Петр Михайлович Исаков(13.6.1923, Ақмола облысы,Ақкөл ауданы,Ақкөл қаласы - 17.1.1945, Польша, Станишубка деревнясы) - 2- дүниежүзілік соғысқа қатысушы, ага лейтенант, рота командирі. Кеңес әскері қатарына 1942 жылы шақырылды. 1943 жылы кіші лейтенанттар курсын бітірді. 142-гвардиялық атқыштар полкінің (1- Беларусь майданы, 8-гвардиялық армия, 47-гвардиялық атқыштар дивизиясы) рота командирі, гвардиялык ага лейтенант. Исаков 1945 жылы 14-15 қаңтарда Закшев елді мекені жанында (Польша, Варка қаласының Оңтүстік) ұзақ уақыт жау қолында болған бекіністі бұзуда және маңызды биіктікте орналасқан бақылау пунктін жоюда ротаны шеберлікпен басқарды. Осы биіктік үшін болған шайқаста жараланған Исаков қаза тапты. Ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (24.3.1944). Ленин, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдармен марапатталған. Акмола облысы Ақкөл қаласындағы №1-мектепте Исаковқа бюст орнатылып, көшеге есімі берілді.
Леонид Иванович Вагин Леонид Иванович Вагин (18. 2.1905, Грузия, Тбилиси қаласы - 4.4.1976, Ресей, Мәскеу қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, майор, шекарашы (кейіннен дивизия командирі).Вагин 1926 жылы Тифлис (Тбилиси) жаяу әскер мектебін бітіріп, ОГПУ әскери бөліміне жіберілді. 1934 жылы Жоғары шекара мектебін, 1940 жылы Нариманов атындағы Шығыс тілдері институтын бітірді. 1941 жылы майданға жіберіліп, 249-мотомеханизацияланған дивизияның штаб бастығы болды. Гвардия генерал-майоры Вагин басқарған 79-гвардиялық атқыштар дивизиясы (1-Беларусь майданы, 8-гвардиялык армия) 1943 жылы шілде айында Батыс Буг өзенінен өтіп, Люблин қаласын басып алды. Осы жылдың 1 тамызында Висла өзенінен өтіп, дивизия аздаған шығынмен Магнушев қаласы (Польша) маңындағы плацдармды өз қолдарына алды. Жаудың танкісі мен жаяу әскерінің бірнеше шабуылына тойтарыс берді. Осы шайқаста қарсыластар 65 танкі мен бронды техникасынан, көптеген әскерінен айырылды. Осындай ерліктері үшін Вагинге КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (6.4.1945). 2 рет Ленин, 5 рет Қызыл Ту, 2-дәрежелі Суворов ордендерімен, медальдармен марапатталған. 1955 жылы Вагин Бас штабтың әскери академиясы жанындағы жоғары академиялық курсты бітірді. Механикалық дивизияны, Мәскеудегі Суворов әскери училищесін басқарды. 1961 жылы запасқа шықты.