Top 10 similar words or synonyms for бұрылмалы

пневматик    0.895514

бұрандалар    0.885448

араластырғыш    0.884413

ойғыш    0.879415

ілмелі    0.875020

тартқыштар    0.874576

кабельдерді    0.870504

шлифовальный    0.869833

қорапты    0.866280

сетка    0.862926

Top 30 analogous words or synonyms for бұрылмалы

Article Example
Көтергіш кран Бумен жұмыс істейтін алғашқы жүк көтергіш кран Ұлыбританияда 1830 ж., гидравликалық жүк көтергіш кран да осы елде 1847 ж. жасалды. Құралымы мен іс-қимылына қарай бұрылмалы және бұрылмайтын болып ажыратылады.
Эль-Фердан (көпір) Эль-Фердан—Мысырдағы Исмаилия қаласының маңында орналасқан Суэц каналынан өтетін теміржол бұрылмалы көпірі. Әлемдегі ең ұзын бұрылмалы көпір(ұзындығы 340 метр). 1967 жылғы Алтыкүндік соғыстан кейін бұл көпір ескі көпірдің орнын ауыстырды. Бұл көпір Мысырмен Синай түбегін байланыстырады. Бұл көпір басқалардан ерекше, себебі кемелер өту үшін үнемі ашық, тек пойыздар өтетін кезде ғана жабылады. Толықтай ашылу үшін көпірге жарты сағат уақыт керек. Көпірдің құрылысы 2001 жылы аяқталған. Оны құрастыруға Бельгия, Германия және Мысыр сәулетшілері қатысты. Эль—Ферданды салу үшін 80- млн доллар қаражат кетірілді. Көпір ресми түрде 2001 жылдың қаңтарында ашылды.
Тіркеме Кәдімгі тіркеме жабық шанақпен немесе борттық платформамен жабдықталады, арнаулы тіркемелерге белгілі бір жүкті тасымалдауға арналған шанақ орнатылады. Өлшемі ұзын жүктерді тасымалдау үшін тартқышқа жүктің өзімен қосылатын бір (сирек жағдайда екі) осьті шағын тіркеме қолданылады. Онда шанақтың орнында жүкті бекітуге арналған арнайы бұрылмалы тетік болады.
Бузьдозер Бузьдозер – 1) аспалы жұмыстық тетігі – қалқаны бар өздігінен жүретін жер қазғыш трактор не сүйреткіш. Ол кен байлықтарын аршу, арна қазу, жол салу, сондай-ақ гидротехникалық құрылыстарды, т.б. жүргізу үшін топырақты қабат-қабатымен ығыстыру және оны тегістеу, үю сияқты жұмыстар кезінде қолданылады. Бульдозер (ағылшынша bulldozer, bulldoze – ірі кесектерді жару, ұсақтау) қалқаны бұрылмайтын бульдозер, қалқаны бұрылмалы бульдозер және қалқаны әмбебап бульдозер болып ажыратылады. Олардың барлығы да гидравликалық, канатты (болат арқанды) не электрмеханикалық жетектермен жабдықталады.
Бульдозер Бульдозер — 1) аспалы жұмыстық тетігі – қалқаны бар өздігінен жүретін жер қазғыш трактор не сүйреткіш." Ол кен байлықтарын аршу, арна қазу, жол салу, сондай-ақ гидротехникалық құрылыстарды, т.б. жүргізу үшін топырақты қабат-қабатымен ығыстыру және оны тегістеу, үю сияқты жұмыстар кезінде қолданылады. Бульдозер (ағылшынша bulldozer, bulldoze – ірі кесектерді жару, ұсақтау) қалқаны бұрылмайтын бульдозер, қалқаны бұрылмалы бульдозер және қалқаны әмбебап бульдозер болып ажыратылады. Олардың барлығы да гидравликалық, канатты (болат арқанды) не электрмеханикалық жетектермен жабдықталады.
Сельсин (машина) Сельсин (ағыл. Silsyn, celf – өзі және грек. Synchronos – бірі мезгілді) – бір біліктің бұрыштық ығысуына сәйкес өзара мех. түрде байланыспаған басқа бір біліктің бұрыштық ығысуын тудыратын электр машинасы. Жұмыс істеу принципіне қарай ол ротордың айналуы кезінде бір фазалы бірінші реттік орам (қозу орамы) мен үш фазалы екінші реттік орам (синхрондау орамы) арасындағы өзара индуктивтігі жайлап өзгертетін бұрылмалы трансформатор түрінде болады. Қолданылуына сәйкес ол датчикті сельсин, қабылдағыш сельсин және диференциалды сельсин, ал жасалу ерекшелігіне сәйкес жанаспалы (контактілі) және жанаспайтын түрлерге бөлінеді. Жанаспалы сельсиннің орамдары статорда орналасады. Мұнда қозу орманының осі синхрондау орманының осіне перпендикуляр болады. сельсин қадағалау жүйесінің бақылау әрі басқару тетігі тағы басқа мақсаттар үшін пайдаланылады.
Дыбыс дисперсиясы Дыбыс дисперсиясы ортаның физикалық қасиеттері мен сол ортадағы бөтен қоспалардың, сондай-ақ, дыбыс таралатын орта (не дене) шекарасының болуы (“геометриялық” дисперсия) салдарынан түзіледі. Газдағы дыбыс дисперсиясы молекулалардың тербелмелі және айналмалы еркіндік дәрежесін қоздыруға, ал сұйықтықтағы дыбыс дисперсиясы тербелмелі және бұрылмалы-изомерлік релаксацияға және сұйықтықтың ішкі құрылымының қайта құрылуына, сондай-ақ, диссоциация процестеріне, хим. реакцияларға, т.б. байланысты болып келеді. Ал қатты денелердегі дыбыс дисперсиясы, әдетте, акустикалық толқындардың қандай да бір қоздырулардың түрлерімен әсерлесуінен пайда болады. Соның салдарынан өткізгіш электрондардың күйі, спиндер жүйесі, спиндік толқындар, т.б. өзгереді. Дыбыс дисперсиясы құбылысы гидроакустикада, атмосфералық акустикада және геоакустикада маңызды рөл атқарады.
Қалаққанат Ұшақтан тікұшақ күрделі, ал тікұшақтан конвертоплан күрделі, тек құрылымы жағынан емес. Конвертопланды ауыспалы режимдерде – әуеге көтерілуден ұшуға және ұшудан қоніға бет алғанда басқару оңайға соқпайды. Конвертопланның қалақтары – бұрылмалы. Көтерілгенде және қонғанда қалақтары тік орналасады да, ең алдымен көтергіш күш тудырады. Ұшу кеезінде қалақтардың осьтері көлденеең орналасады – қалақтар кәдімгі ұшақтың қалақтары сияқты “жұмыс істейді”, ал қанаттары көтергіш күшті тудырады. Ұзақ жылдар ішінде конвертопландардың қалақтарымен және мотогондолдарымен бірге қанаты да бұрылады, ал кейбіреуеінің мотогондолдары ғана бұрылады. Қалақтары өзгеше. Диаметрі жағынан олар тікұшақ пен ұшақтың қалақтарының аралығында тұр. Тікұшаққа диаметрі үлкеен қалақ керек, ал ұшаққа үлкен қалақтың қажеті жоқ. Америкалықтар әлеемдегі бірінші сериялық V – 22 “Оспри” конвертопланын дайындауға отыз жылын жұмсады. XXI ғ. басында “Оспри” АҚШ теңіз жаяу әскері корпусы мен әскери теңіз күштерін қаруландыруға қабылданды, бірақ олар қазірдің өзінде ұрысқа толық жарамды емес.
Рельс Ол т. ж. мен метрополитен құрамының, трамвайдың, локомотивтің, кен көлігі мен көтергіш кранның, т.б. қозғалуына арналып жасалады. Алғашқы металл рельс 1767 ж. Ұлыбританияда жасалды. Рельс кен тасу жолдары мен з-т ішіндегі жолдарда пайдаланылды. 19 ғ-дың 2-жартысынан бастап болат рельстер кеңінен қолданыла бастады. Т. ж. рельстері — т. ж-дың үстіңгі құрылысының негізгі элементі. Олар шпал үстіне орнатылады әрі оған бекітіледі. Бір-бірімен біріктірілген рельстер өзара параллель қойылып, рельс жолын құрайды. Қозғалмалы құрам дөңгелектерінің қысымы тікелей рельс жолына түседі. Рельстің бірнеше түрі болады. Стандартты р. пішіні қос таврлы боп келеді. Қолданылатын рельс түрі жолдың жүк тасымалдылығына байланысты. Трамвай рельсі т. ж. рельсіне ұқсас болғанмен пішіні науа тәрізді болып, биіктігі мен көлденең қимасының ауданы үлкен етіп жасалады. Кен көлігі, жылжымалы кран, т.б. бұрылмалы және айналмалы құралымдар мен агрегаттар үшін т. ж. рельстеріне қарағанда жеңілдеу рельстер қолданылады.
Эдисон Томас Альва Эдисон Томас Альва-американ электртехнигі,өнертапқыш әрі кәсіпкер. жасынан бастап газет тасушы,содан кейін телеграфист болып жұмыс істеді.1868 жылдан біржола өнертабыстық кәсіппен шұғылданды.1869-1876 жылдары автоматтық дауыс тіркегішті,яғни санауышты ,телеграф арқылы хабар беруге арналған приборды,электр қаламын,т.б. құрастырып,жазу машинасын кемелдендірді.1877 жылы ол фонографты ойлап тапты.Сонымен бірге А.Г.Белл телефоны мен қыздыру шамын одан әрі жетілдірді.Эдисон винттік оймасы бар патрон мен цокольді,балқымалы сақтандырғышты,бұрылмалы айырғыны,электр санауышты.т.б. құралдарды жасау арқылы электрлік жарықтандыру жүйесін одан әрі дамытты.Тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз етудің орталықтандырылған жүйесін құру мәселелеріне үлес қосты.1882 жылы дүние жүзінде тұңғыш рет элетр стансасын жасап іске қосты.Ол кино техникасы,темір жол,тау-кен ісі,құрылыс,химия,т.б. ғылым мен техника салалары бойынша да көптеген жаңалықтар ашты.1883 жылы термоиондық эмиссия құбылысын алғаш рет байқады.Эдисон-Ресей ғылым академиясының құрметті мүшесі.