Top 10 similar words or synonyms for бессарабияны

латвия    0.595190

грузия    0.595181

баварлар    0.594754

грузияның    0.588471

молдавия    0.588236

бессарабия    0.581385

литва    0.578577

балқария    0.573178

эстония    0.570171

ништадт    0.567892

Top 30 analogous words or synonyms for бессарабияны

Article Example
Ресей 1721 жылдан бастап Орыс мемлекеті империя деп атала бастады. 1722 жылы елдің оңтүстік шекараларын нығайту мақсатында I Петр Кавказ бен Иранға жорығын бастады. Нәтижесінде Каспий теңізінің батыс және оңтүстік жағалауы Ресей құрамына енгізілді. XIX ғасырдың басында өзінің құрамына Балтық теңізінің шығыс жағалауын, Польша мен Бессарабияны, Кавказ сыртын қосу арқылы өз аумағын одан әрі кеңейте түсті. Бірақ 1853—1856 жылдары болған Қырым соғысынан соң Ресейдің геосаяси жағдайы күрт нашарлап кетті. Осы кезеңде Ресей Бессарабияның оңтүстігінен айырылып қалды және АҚШ-қа Алясканы сатуға мәжбүр болды. Ендігі жерде Ресейдің назары Орта Азияға ауды. Ресей империясының басқыншылық саясаты нәтижесінде Орта Азия мен Қазақстан жері толығымен дерлік тәуелді аумақтарға айналды.
Молдова Молдова жерін адамзат төменгі палеолит дәуірінде мекендеген. 6-ғасырдан бастап, алғашқы мемлекеттік бірлестіктер құрыла бастады. 10 – 12-ғасырларда бұл өлкеге көшпелі печенег, қыпшақ тайпалары келді. 13-ғасырдың ортасы мен 14-ғасырдың 1-жартысында Молдова жері Алтын Ордаға бағынды. 14-ғасырдың 2-жартысында тәуелсіз Молдавия князьдығы құрылды. Ол 15 – 18-ғасырларда Осман империясына тәуелді болды. 18-ғасырдағы орыс-түрік соғыстарынан кейін Молдова Ресей империясының қол астына кірді. 1917 – 18 ж. Молдовада Кеңес өкіметі орнады. Бірақ, елдің негізгі бөлігі — Бессарабия Румынияның қол астында қалды. Азамат соғысы біткеннен кейін, 1924 ж. Украин КСР-інің құрамына енген Молдован АКСР-і құрылды. 1939 ж. жасалған Кеңес – герман келісім шарты бойынша 1940 ж. Қызыл Армия бөлімдері Бессарабияны Румыниядан тартып алды. 1940 ж. 2-тамызда осы Бессарабия жерін қоса отырып, тұтас Молдован КСР-і құрылды. 1941 – 44 ж. Молдованы неміс-фашист әскерлері басып алды. 1944 – 90 ж. Кеңес Одағы құрамында болды. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін, Молдова тәуелсіз мемлекетке айналды.
Берлин конгресі Берлин конгресі — орыс-түрік соғысын (1877 — 78) тоқтатқан Сан-Стефан бітім шартын қайта қарау үшін шақырылған халықаралық жиын [1 (13).6 — 1 (13).7, 1878]. Конгреске Түркия, Ресей, Англия, Австрия-Венгрия, Германия, Франция, Италия делегациялары мен Грекия, Иран, Сербия, Румыния, Черногория елдерінен өкілдер шақырылды. Конгресті Англия мен Австрия — Венгрия үкіметтері ұйымдастырды. Олар Балқан түбегінде Ресейдің ықпалының күшеюіне және Болгария мемлекетінің құрылуына наразы болды. Сол себептен олар соғыс ашамыз деп қорқытып, Ресейді Сан-Стефан бітімін өзгертуге мәжбүр етті. Англия үкіметі "23 мамыр (4 маусым) күні" (1878) Түркиямен жасырын келіссөз жүргізіп, егер Кипр аралын беруге келіссе, Азиядағы түрік иеліктерін қорғауға уәде берді. "25 мамырда (8 маусым)" ағылшындар Австрия — Венгрия үкіметімен де жасырын кездесіп, Ресейге қарсы бірлесіп әрекет етуге уағдаласты. Берлин конгресін басқарған Германия канцлері О. Бисмарк та Англия мен Австрия-Венгрия делегациялары жағында болды. Конгрестің шешіміне сәйкес Болгария екіге бөлініп, солтүстік бөлігінде Болгария автономиялы князьдігі құрылды. Оның басшысын Түркия сұлтаны өзге мемлекеттер келісімімен бекітетін болып шешілді. Бұл князьдікте түрік әскерлері тұруына тыйым салынды, бірақ автономия болғандықтан жыл сайын сұлтан үкіметіне алым-салық төлеуге міндетті болды. Болгарияның оңтүстік бөлігі Түркияның Шығысындағы Румелия провинциясына айналды. Фракия, Македония, Албания сұлтан билігінде қалдырылды. Черногория, Сербия, Румыния тәуелсіз елдер деп жарияланды, бірақ Черногорияның жері қысқарып, ал Сербия өз аумағын Болгария жері есебінен ұлғайтты. Австрия — Венгрия болса Босния мен Герцоговинаны өзіне қосып алуға рұқсат алды. Бессарабияны Ресейге беруге мәжбүр болған Румыния оның орнына Солтүстік Добружа мен Дунай сағасын алды. Кавказдағы Карс, Ардаган, Батуми қалалары (Батуми ерікті порт деп жарияланды) төңірегіндегі аймақтарымен бірге Ресейге өтті. Баязит қамалы Алашкерт өңірімен бірге Түркияға қайтарылды. Берлин конгресінің шешімдері Балқан соғыстарынан (1912 — 13) кейін өз күшін жойды.