Top 10 similar words or synonyms for бекмұхамбетов

есенбаев    0.731865

облы    0.720952

төлегенов    0.705172

дәуітов    0.703035

гурба    0.695781

үсенов    0.694694

ордабаев    0.693572

біләлұлы    0.690947

қозыбақұлы    0.689394

жұманов    0.689376

Top 30 analogous words or synonyms for бекмұхамбетов

Article Example
Еркеболат Бекмұхамбетов Бекмұхамбетов Еркеболат (1897, Ақмола – 1981, Алматы) — техн. ғыл. канд. (1965). 1916 ж. Ақмола уезі Қорғалжын болысы бойынша ұлт-азаттық көтерілісіне қатысқан. 1929 ж. Ленинград жоғары кооп. курсын, КОКП Ауыр өнеркәсіп халық комиссариатының Өнеркәсіп академиясын (Свердловск, 1936) бітірген. 1909 ж. Ақмолада әртүрлі жұмыстарда, кейіннен тау-кен өнеркәсіптерінде жұмысшы болған (1913 — 16). 1916 ж. өз еркінсіз қара жұмысқа алынады, 1917 ж. одан қашып шығып, Ақмола қ-на қайтып келіп «Жас қазақ» жастар ұйымына кіреді. «Тіршілік» газетін шығаруға және таратуға ат салысқаны үшін 3 рет жауапқа тартылады. Қорғалжын болысында, Ақмолада, Петропавлда мұғалім (1918 — 30), Алматы және Жаркент қ-ларында партиялық қызметте (1930 — 33) Риддер қ-ндағы металлургия з-тында аға металлург және партия к-тінің хатшысы (1937) болған. Сол жылы қуғын-сүргінге ұшырап, қамауға алынып, 1939 ж. босатылады. 1944 жылға дейін Алматы және Қарағанды қ-ларында шаруашылық жұмыстарында болған. Ақмола облысы атқару к-ті төрағасының орынбасары (1944 — 45); Шымкент және Алматы қ-ларында шаруашылық жұмыстарда (1945 — 49), 1962 жылға дейін Қазақ ҒА-ның Төралқасында қызметте болған. 1963 ж. зейнеткерлік демалысқа шыққан. «Қазақстанның революцияға дейінгі тау-кен ісі және түсті металлургиясы» (Алматы, 1964) монографиясының, «Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері» (Алматы, 1977), «Орысша — қазақша политехникалық сөздік» (Алматы, 1979, телавтор) кітаптарының авторы.
Еркеболат Бекмұхамбетов “Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том
Мұхамеджан Шолтырұлы Бекмұхамбетов Мұхамеджан Шолтырұлы Бекмұхамбетов, Мақаш правитель (1830, Бөкей ордасы – 1904, сонда) – қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым. Алғаш Жәңгір мектебінде сауат ашқан соң, 1844–1851 ж. Орынбордағы Неплюев кадет корпусында оқып, кіші зауряд-жүзбасы шенін алып шығады. 1852 жылдың басында 4 айдай шекара комиссияында қызмет атқарады. Одан соң Бөкей ордасын басқаратын Уақытша кеңестің Нарын құмындағы ордасында тілмаш, Каспий жағалауы 1-, 2-округтерде әкім қызметін атқарды. 1881 ж. шілдеде Ішкі орда қазақтары депутациясымен патшаға барған 4 қазақтың бірі. 1892–1997 ж. Уақытша Кеңестің кеңесшісі болды. Бекмұхамбетов ел аузындағы көптеген ауыз әдебиетінің мұраларын қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа қалдырды. Олар Санкт-Петербургтегі М.Е.Салтыков-Щедрин атынд. көпшілік кітапханада, Ресей ҒА Шығыстану ин-тының проф. И.Н.Березин қорында сақтаулы. Халық арасында «Мақаш правитель» атанған ол мерзімді баспасөзде түрлі тақырыпта мақалалар жариялап тұрды. «Жақсы үгіт» (Қазан, 1908), «Книга о калмыках и киргизах, кочующих в Астраханской губерний» (Астрахан, 1910) атты кітаптары жарық көрді. Бекмұхамбетовтен «Мақаштың Байжұмасы», «Көк жорға», т.б. күйлер қалды. Құрманғазы, Жантұрған шешен, Уақытша Кеңестің кеңесшісі Д.Қосуақовпен жақын байланыста болды, ел ішінде мектеп ашуға белсене араласты.
Ерсайын Сатыбалдыұлы Бекмұхамбетов Ерсайын Сатыбалдыұлы Бекмұхамбетов (5.4.1934 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Подстепное ауылы) – техника ғылымдарының докторы (1991), профессор (1994).
Ерсайын Сатыбалдыұлы Бекмұхамбетов Мәскеу Жоғары тех. уч-щесін бітірген (1957). 1957–1960 жылы КСРО Авиация өнеркәсібі мин-лігінің арнаулы кәсіпорнында инж., аға инж., 1960–1994 жылы Қазақстанның Ядр. физика ин-тында кіші және аға ғыл. қызметкер, зертхана меңгерушісі болды. 1994 жылдан ҚР Ұлттық Ядр. физика ортаның Атом энергиясы ин-тында лаборатория меңгерушісі. Бекмұхамбетов ғарыштық ядр.-энергет. қондырғыдағы меншікті электр қуаты жоғары термоэмиссиялық түрлендіргіш-реактордың жылу шығарушы элементтер жиынтығын зерттеу және оларды сынақтан өткізудің жаңа ғыл. бағытын негіздеп, кешенді тәжірибелік база құрды. Реактордағы сәулелендірілген баяу балқитын металдардың шығу жұмысын өлшеудің аса дәл әдісін жасады. Жоғары температура кезінде жылу шығарушы элементтер жиынтығындағы масса тасымалдау және газ бөлініп шығу процестерінің заңдылығын анықтады. Металдардың радиациялық зақымдану физикасы және радиац. материалтану саласындағы жұмыстары үшін оған Қазақ КСР-імемлекеттік сыйлық берілген (1978).