Top 10 similar words or synonyms for батальондары

пулеметтер    0.824872

войска    0.817043

танкілік    0.816730

әртегіш    0.816637

ракеталы    0.813301

артилл    0.813266

батальондар    0.809743

бәлімдері    0.808547

пулеметтік    0.807905

штурмдық    0.807828

Top 30 analogous words or synonyms for батальондары

Article Example
Жаяу әскер Жаяу әскер бөлімшелері — жаяу әскерлер, жаяу әскер Батальондары, Роталар, взводтар мен Бөлімшелер сияқты негізгі әскер бөлімшелері. Жаяу әскер бөлімшелері жаяу әскер, механикаландырылған, әуе десанты дивизияларының негізін құрайды, сондай-ақ кейбір елдер әскерінде сауытты танк әскерінің құрамына да енеді. Жаяу әскер бөлімшелері ұрыс алаңында өзінің негізгі міндеттерін ату, маневр жасау, сокқы беру арқылы орындайды.
Барлау алқабы Қарсылас туралы, шабуылда қолайлы және жорықтағы бетпе-бет ұрысты болжауда жергілікті жер туралы мөліметтер алу үшін жалпы әскери құрамадан (бөлімнен) аса маңызды бағытка жіберілетін тактикалық барлау органы. Қорғаныста қарсыласпен тікелей түйісулер болмаған кезде барлау жасағы жіберіледі. Әдетте, барлау жасағы құрамына мотоатқыштар (танк, барлаушы, парашют-десанттық) роталар немесе танк, артиллерия, саперлермен және т.б. мамандармен күшейтілген мотоатқыштар (танк) батальондары кіреді. Ол барлаушы шолғындарды жібереді. Барлау жасағы бакылау, жергілікті жерді байқау, торуылдау, ал қажет болған жағдайда ұрыс аркылы барлау жүргізеді.
Ұрыспен барлау Ұрыспен барлау () — арнайы бөлінген бөлімшелердің шабуылдауы арқылы қарсылас туралы мәліметтер алу; тактикалық барлаудың тәсілі. Әдетте, Ұрыспен барлау қарсылас туралы қажет мәліметтерді басқа тәсілдермен алу мүмкіндігі болмаған жағдайда жүргізіледі. Ұрыспен барлау үшін қимылдары артиллерия атысымен кейде авиациямен сүйемелденетін күшейтілген мотоатқыштар немесе танк батальондары (роталары) және барлау белімшелері тағайындалуы мүмкін. Ұрыспен барлау жүргізілетін алқаптардың командирлері Ұрыспен барлауның барысын және қол жеткізген табысты әрі қарай дамыту дайындығының нәтижелерін бақылайды. Ұрыспен барлау кәптеген мемлекеттердің армияларында кездеседі.
Батальон Батальон (французша Bataіllоn — әскери бөлімше) — құрлық, әуе-десант әскерлері мен теңіз–жаяу әскерлерінің негізгі тактикалық бөлімшесі. Ол мотоатқыштар, танк, парашютті-десант, аэромобиль, барлау, инженерлік-саперлік, байланыс, автомобиль, теңіз–жаяу әскерлері Батальоны, т.б. болып жасақталады. 17 ғасырдан бастап тұрақты бөлімшелер ретінде қалыптасқан. Батальон әр түрлі құрамалар сапында да, жекелей де әрекет ете алады. Кеңес әскеріндегі мотоатқыштар Батальоны құрамында командалық құрам, штаб, 3 мотоатқыштар ротасы болды. Бұған қоса танкіге соққы беретін, байланыс, артиллериялық демеу, техникалық қызмет көрсету, жабдықтау және медициналық пункт бөлімшелері енді. Мұндай Батальон минометтермен, автоматты атыс қаруларымен, танкіге қарсы қолданатын басқарылатын ракета қондырғыларымен, гранатаатқыштармен, зенитті қондырғылармен, бронетранспортерлермен, жаяу әскерлердің жауынгерлік машиналарымен жарақтанады. Танк Батальоны құрамына — 3 танк ротасы мен жауынгерлік қамтамасыз ету бөлімшесі енеді. АҚШ армиясында моторлы жаяу әскер Батальоны штабтан, штабтық ротадан, 4 моторлы жаяу әскер ротасы мен танкіге қарсы соққы беретін ротадан, танк Батальоны — штаб, штабтық рота, 4 танк ротасы (әрқайсысында 17 танктен) тұрады. Әр түрлі мемлекеттер армияларының Батальондары құрамында, әдетте, 400 — 900 адам, 30 — 70 БТР (БМП), 9 — 12 миномет, 6 — 48 ПТУР қондырғысы, пулеметтер, гранатаатқыштар, тапанша-пулеметтер, т.б. қару-жарақтар; танк Батальондары құрамында 400 — 500 адам, 30 — 54 танк, миномет, зенит жарақтары, т.б. болады.
Теңіз жаяу әскерлері басқа елдерінде (18ғасырдың 1-жартысы), АҚШ-та (1775) құрылған. Ресейде Петр І-нің бүйрығымен құрамында 1365 адам бар алғашқы Теңіз жаяу әскер полкі 1705 жылы жасақталды. Алғашында Теңіз жаяу әскері абордажды ұрыстарға, кемеден мылтықпен атыс жүргізуге және қарауыл қызметін атқару үшін қолданылды. Кейіннен теңіз десанттарын түсіруге, флот базаларын күзету мен қорғау үшін қолданыла бастады. Кеңестік Теңіз жаяу әскері Азамат соғысы жылдарында (1918-20) пайда болды. Барлық флоттар мен өзен және көлдегі флотилияларда десанттар құрамында әрекет жасау үшін әскери теңізшілерден жасақтар, батальондар және бригадалар құрылды. 2-дү- ниежүз. соғыс жылдарында АҚШ пен Ұлыбританияның әскери-теңіз күштерінің Теңіз жаяу әскері едәуір дамып, олардың саны АҚШ-та 485 мың адамға, ал Ұлыбританияда 80 мыңға дейін жетті. Кеңес Одағы да көптеген Теңіз жаяу әскерінің бригадалары мен жеке батальондары жасақталып, ондағы адам саны 150 мыңға жетті. Қазіргі Теңіз жаяу әскер кұрамына бөлімшелермен қатар танк, артиллерия, инжылы, т.б. бөлімшелер кіреді. АҚШ-тың Теңіз жаяу әскерінің құрамына бұлардан басқа жойғыш және шабуылдаушы авиация бар. Теңіз жаяу әскері автоматты атыс қаруымен, танкілермен, артиллериямен, танкіге және зенитке қарсы қондырғылармен, бронды транспортермен қаруланады. Тактик, теңіз десанты ретінде түскен Теңіз жаяу әскері бөлімдері мен құрамалары өз бетінше, ал қажет жағдайда флоттың қоса берілген арнайы бөлімшелерімен бірге аралдарды, әскери-теңіз базалары мен порттарды, жағалау маңындағы аэродромдарды, теңіз жағалауы бөлімдерін басып алды. Сондай-ақ Теңіз жаяу әскері флоттың базаларын, т.б. әскери нысандарды күзетуге және қорғауға, барлау- диверсиялық мақсаттағы тапсырмаларды орындауға, теңіз жағалауындағы аудандарда әрекет жасауға да тартылады.