Top 10 similar words or synonyms for баспақова

николаева    0.943071

әліпова    0.942098

көшеров    0.938713

рысқалиев    0.936701

тұраров    0.936491

асылбекова    0.935454

еділұлы    0.935185

меңдібаев    0.932655

митченко    0.932621

арқабаев    0.932257

Top 30 analogous words or synonyms for баспақова

Article Example
Жәмилә Баспақова 1993 жылдың жазында ән салу өнерін Италияда жетілдіре түскен Жәмила Алматыға оралды. Жәмила Баспақованың театрдағы орындаған ірі партиясы – Джузеппе Вердидің «Травиата» операсындағы Виолета. Оны 1995 жылы үлкен дайындықпен атқарды. Жәмиланың бұл жолғы партнерлері – Мұрат Шалабаев және Бақытжан Ысқақовтар еді.
Жәмилә Баспақова Жәмиланың музыкалық мектептегі пианино сабағы бойынша мұғалімі Игнатьева оны аспапты кәсіби игеруге шыңдады. 1983 жылы музыкалақ білімін көтеру мақсатымен Теміртаудағы музыка училищесіне түсті. Өнерге құштарлығы арта түскен Жәмила 1987 – 92 жылдары Қазақ ұлттық консерваториясында Сәуле Құрманғаливаның жетекшілігімен вокалдық факультетте оқыды.1992 жылы қазан айында Жәмила Баспақова және Амантай Ыбраев Италияның Анхона Кантонының Озима қаласында сынға түсті. Комиссия мүшелері Жәмиланы таңдады. Ол қалаға Римнен 3 сағаттай жүріспен автобуспен жетуге болады.Ол консерваторияның төртінші курсында оқып жүрген кезінде К.Байсейітоваға арналған Алматы байқауында 60-70 әншілер ортасынан үздік шығып, дипломант атанды.
Жәмилә Баспақова Консерваторияны тәмамдаған жылы Жәмила Еркеғали Рахмадиевтің «Алпамыс» операсындағы Гүлбаршын партиясын орындады.
Жәмилә Баспақова Баспақова Жәмилә - 1976 жылы он жасында музыкалық мектеп табалдырығын аттады. Талапты, жігерлі Жәмила 1983 жылы орта және музыкалық мектептерді үздік тәмамдады.
Жәмилә Баспақова Осының алдында 1994 жылы Ташкентте Қазақстан мәдениетінің күндері өткізілді. Бұл жолы қойылымдарда ол өзіне тапсырылған опералар партияларын үлкен жетістікпен орындады. Оған 28 жасында «Қазақстанның еңбегі сіңірген қайраткері» атағы берілді. Өнерде бүгінде ең жоғары атақ осы. Бұдан әрі қарай бұрыңғыша «Қазақстанның халық әртісі» атағы ешбір өнер адамдарына берілмейтін болғаны белгілі.
Жәмила Төлегенқызы Баспақова Жәмила Төлегенқызы Баспақова (15.1.1966 жылы туған, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы) – әнші (лирикалы колоратуралық сопрано), Өзбекстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі (1994) және ҚР-інің еңбек сіңірген қайраткері (1999). Теміртау қаласындағы музыка училищесін (1987), Қазақ ұлттық консерваториясының вокалдық факультетін (профессор С.Ғ. Құрманғалиеваның жетекшілігімен) бітірген. 1992 – 93 жылдары Озимо қаласындағы (Италия) Опералық өнер академиясында (профессор М.Менанидің жетекшілігімен) оқыды. 1994 жылдан Қазақтың мемлекеттік академиясы опера және балет театрының соло әншісі. Осы театр сахнасында Джузеппа Вердидің “Травиата” операсынан Виолетта партиясын орындаумен сахналық дебютін бастады. Кейін классикалық операларда Джильда (Верди, “Риголетта”), Розина, Лиу, Мюзетта (Дж. Пуччини, “Севилья шаштаразысы”, “Турандот” пен “Богема”), Микаэла, Лейла (Ж.Бизе, “Кармен” және “Інжу іздеушілер”), Марфа (Н.А. Римский-Корсаков, “Патша қалыңдығы”), т.б. партияларды өзінің әдемі әуезді үнімен орындап, тыңдаушылар құрметіне бөленді. 1995 жылдан концерттік қызметпен де айналысады. Гастрольдік сапармен ТМД елдері, шет ел қалаларында болып, өнер көрсетті. 2004 жылы классикалық опералар ариясы мен қазақ композиторларының шығармалары бойынша жазылған компакт-дискісі (Ресейдің П.И. Чайковский атындағы Үлкен симфония оркестрі сүйемелдеуімен) жарық көрді.
Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры Сахна төрінде М. Ержанов, Ж. Елебеков, Р. Жаманова, Е. Серкебаев, Б. Төлегенова, т.б. өнер көрсетті. Қазіргі уақытта театр артистері Н. Үсенбаева, С. Байсұлтанов, Ж. Баспақова, М. Мұхамедқызы секілді белгілі әншілер, С. Ищанова, У. Кенжебеков, Д. Дүтмағамбетова тәрізді әр түрлі халықаралық байқаулардың лауреаттары қазақ операсының табыстарын көптеген елдер театрларының сахнасында паш етуде. Кейінгі жылдары театр режиссерлары Ғ. Есімов, Л. Иманғазина, Ф. Сапаров отандық және шет ел композиторларының классикалық шығармаларын жаңғыртып, сахналап жүр.
Ұлан Мырзақасымұлы Кенжебеков 1989 жылы Ұлан аспирантураны аяқтағалы тұрған жылы Бүкілодақтық Глинка атындағы әншілер байқауына барды. Бұл жарысқа Кеңес Одағынан үш жүз талапкер-әншілер қатысты. Аламан бәйгесіне қосылған сәйгүліктердің ортасынан суырылып озу қажет. Байқау мерізімі бір айға созылды. Жарыс қорытындысы: бірінші орынды Мәскеудің Үлкен театрының әртісі жеңіп алса, ал Ұлан Кенжебеков төртінші орынды межеледі. Үш жүз саңлақ әншілердің ішінде бұл орынға өнерімен оның жетуі аз жетістік емес.Бұл жарысқа ілесе Ұлан Кенжебеков Испанияда, Кореяда, Францияда өткен фестивальде опералық әншілер байқауларына қатысты әрі дипломант атанды.Ұлан Кенжебековке аспирантураны аяқтаған соң, өзі білім алған консерваторияда ұстаздық орын ұсынылды. 1990 жылы Абай атындағы ҚМАОБ театрға әншілікке қабылданды. Енді солистік өмір басталды. Театрда ол 20 шақты операларда басты кейіпкерлер партиясын орындады. Осылардың ішінде ең ұнайтыны – М.Төлебаевтың «Біржан және Сарасында» - Біржан. Чайковскийдің «Қарғаның мәткесінде» Герман партиясын атқарды. Ол мұндай классикалық опералардағы партияларды осы театрда алғаш орындаған өнер солисі. Оның серіктестері әр кездерде осындағы опералық әншілердің қаймағы – Рахима Жұбатырова, Хорлан Қалиламбекова, Нұржамал Үсенбаева, Майра Мұхамедқызы, Жәмила Баспақова, Сара Ищанова, Гүлзат Дәуірбаева, Нариман Қаражігітов, консерваториядағы ұстазы Мұхтар Мұсабаев сынды солистер. Ұлан Кенжебеков қазір консерваторияның ән өнер кафедрасының меңгерушісі қызметін атқаруда. Бұрындары профессор Бекен Жылысбаев пен Шаһимардан Әбілов меңгеруші болған. Бұл кафедрада Ғафиз Есімов, Шаһимардан Әбілов, Ермек Серкебаев, Роза Жаманова, Бибігүл Төлегеновалар ақылшылар.