Top 10 similar words or synonyms for бантулар

аварлар    0.768132

тывалар    0.767806

германдар    0.767374

баарын    0.762699

коряктар    0.747143

карибтер    0.743861

фриздер    0.740780

кабиль    0.740446

юкагир    0.739837

игбо    0.739179

Top 30 analogous words or synonyms for бантулар

Article Example
Бантулар Бантулар (өздерінде "а-ва-ntu" — адамдар деген ұғымды білдіреді) — Африканың оңтүстік аймақтарын мекендейтін халықтар тобы.
Бантулар Жалпы саны 29,7 млн. адам (1995). Бантулар тобына кіретін халықтар: кикуйю (Кения), баганда (Уганда), руанда (Руанда, Бурунди), баконго, монго және балуба (Конго), умбунда (Ангола), зулустар (Оңтүстік Африка), т.б. Бантулар Танзания жерінде көп шоғырланған және халқының 98,9%-ін құрайды, бенуг—конго тобындағы банту тілінде сөйлейді. Антропологиялық тұрғыдан зәңгі нәсілдес және бірнеше нәсілдік топтардан тұрады. Конго алабындағы Бантулардың түсі, бойы жағынан басқа зәңгі тектестерден мүлде өзгеше келеді. Христиан, мұсылман дінін тұтынады. Жергілікті дәстүрлі діни наным-сенімін сақтағандар да бар. Негізгі кәсіптері егін ш., жерді кетпенмен өңдейді, қолдан суарады. Басты дақылы — сукума, тонга, т.б. Бантулардың біраз бөлігі қуаң далаларда мал бағады. Орманды жерде бал арасын ұстайды. Қосымша кәсібі — аңшылық. Піл сүйегіне сұраныс көбейіп келеді. Темір, мыс балқыту, алтын өндіру өнеркәсібінде жұмыс істейді. Ұсталық, зергерлік жақсы дамыған. Балта, қылыш, пышақ жасап, оларды ұлттық өрнекпен безендіреді. Отырықшы Бантулар ағаш бұтақтарынан өріліп, сырты балшықпен сыланған, төбесі пальма жапырақтарымен немесе шимен жабылған үйлерде тұрады. Теңіз жағалауында төрт бұрышты үйлер көбірек. Киім орнына ертеректе теріден жасалған кейде өсімдіктерден тоқылған жамылғыштарды пайдаланған. 19 ғасырдан бастап Бантулар еуропалық үлгідегі киімдерді киетін болды. Қазіргі кезде ұсақ ұлыстар көп санды этностардың төңірегіне топтасып, солармен бір ұлт болып бірігуге бағыт алуда.
Зұлыстар "Зұлыстар" (өзд. атауы – "зулус, амазулу") – халық. Оңтүстік Африка Республикасының Наталь аймағында қоныстанған, банту халықтары тобына жатады (қаласы Бантулар).
Оңтүстік Африка Республикасы Қазіргі ОАР жерін адамдар көне тас дәуірінен бастап мекендеген. Негізгі халқы готтентоттар мен бантулар. Бірақ олардың ежелгі және орта ғасырлар тарихы жөніндегі деректер жоқтың қасы. 15 ғасырда португалдықтар, испандықтар және голландықтар жергілікті халықпен сауда қатынастарын орнатты. Еуропалықтар арасынан бұл аймақты отарлауды голландықтар мен ағылшындар бастады. Голландық Ост-Үнді компаниясы 1652 ж. Кап отарын құрды. 18 ғасырдың 70-жылдарынан бастап Голландия мен Франциядан бұл жерге көптеген келімсектер қоныстанып, жергілікті халықтарды қанау арқасында байи түсті. Олардың ұрпақтары бурлар, 19 – 20 ғасырларда африканерлер деп аталды.
Нгонилер Нгонилер – бантулар тобына кіретін халық. Малави (момбер), Танзания (магнавар),Замбия(мпезени) мемлекеттерінде өмір сүреді. Жалпы саны 1,3 миллион шамасында (2002). Негроид нәсіліне жатады. Көпшілігі суахили, ньянджа, т.б. тілдерде сөйлейді. Дәстүрлі діни наным-сенімдерін сақтаған. Кей бөлігі христиан дінін ұстанады. Ежелгі тарихы туралы мәлімет аз кездеседі, 1820 жылы Оңтүстік АфрикаданНьяса кені маңына қоныс тепкен, 19 ғасырда бір бөлігі Виктория кені маңына келіп яо, малави, нсенга, т.б. халықтармен араласқан. Нгонилер мал және егін шаруашылығымен айналысады. Көзешілік, тоқымашылық сақталған. Қоныстары крааль деп аталады. Негізгі тағамдары арпа, жүгері, т.б. дәнді дақылдардан әзірленеді.