Top 10 similar words or synonyms for ақкеңірдек

алыбай    0.910423

иманқұлов    0.907464

тутамғалы    0.892987

танта    0.892483

батық    0.892003

жаналы    0.889736

ермағанбет    0.885699

тұржанов    0.885552

қарақозы    0.885311

сыңсыма    0.883614

Top 30 analogous words or synonyms for ақкеңірдек

Article Example
Айтбозым Шежіре бойынша Ұлы жүздегі Сіргелі тайпасынан таратылады. Ұраны — Қурай, таңбасы — Сірге. Шежіре бойынша Үйсін, Ойсыл бір туады. Ойсыл Сіргелі деген лақап атымен белгілі. Одан Елбақ, Жаңабай, Жайдақ, Батыр, Шалдар, Байжігіт, Есентай, Уылдырық (Ақкеңірдек), Буылдырық (Қаракеңірдек), Тутамғалы, Қайшылы деген 11 ұл тараған. Айтбозым осының Елбақ бөлігінен тарап, үлкен руға айналған. Айтбозым — Сақалай, Топыш, Қалыбек, Жәнібек, Саспақ, Жарас аталарына бөлінеді. Айтбозым руының ежелгі қонысы — Ташкент маңы.
Сіргелі Оны енді байқап, бір-бірінен сұрастырып, «сіргелі тай мінген мына мықты бала кім?» дегенге келеді. Тойдан кейін әкесі Өтептің ағасымен көрісіп табысады, ол әмеңгерлік жолмен Ізбикеге үйленіпті. Өтептің ағасынан Тутамғалы мен Қайшылыны табады; ал ханның еқіқабат қызы егіз Ақкеңірдек пен Қаракеңірдекке босанғаннан кейін, оларды Өтеп пен Ізбике асырап алыпты. Ал Манат есімі ел ішінде ұмьгтылып, «Сіргелі» атымен этноним тұрақталып, бүкіл кейінгі әулетке көшіпті. Бұлардың төңірегінде тікелей ұрпақтары ғана емес, басқа да туысқандары, тіпті кірмелер де топтасыпты. Аңыз бойынша Сіргелі дәулетті кісі болып, бірнеше әйел алып, көптеген бала-шаға өрбітіпті. Мәлімет беруші Тәжібай Бердібаевтың айтуынша, Сіргеліден Байұлы тарайды, одан Айтбозым, Жаңабай, Елібай, Батыр, Қарабатыр, Жайдақ, Құлшығаш, Шалдар. Өтептің ағасының балалары Тутамғалы, Қайшылы, Ақкеңірдек, Қаракеңірдек те кейіннен Сіргелінің құрамына кіреді. Қожатай Төлековтен жазып алған аңызда Сіргелінің әкесі өте дәулетті кісі болып, бірнеше әйел алып, ешкімге де, тіпті ханның өзіне де бағынбайтын 30 ұлы бар екен деседі.
Сіргелі Бұдан басқа біз Қажытай Төлековтен Сіргелі руының ата-тегі туралы мол мағлұмат алдық. Оның дерегі бойынша, Сіргелінің 6 әйелі болып, әрқайсысынан бірнеше бала көріп, олардан бірнеше ата тарайды, ал олардан бертініректе оның мәліметі болмай шықты. Бірінші әйелінен - Батыр мен Байжігіт, екінші әйелінен Қарабатыр, Байіуған, Шоқай, Ақпан, Қаракемпір, Шыбыт, Дәушауқар, Есім мен Досшабақ; үшінші әйелінен Сәмен, Шақаман, Өтеу, Бекбау, Ізбасар, Қоттақбай, Мамыр мен Ботбай; төртінші әйелінен Жаңабай мен Айтбозым, бесінші әйелінен Қаракеңірдек, Ақкеңірдек, Шалдар; алтыншы әйелінен Тутамғалы мен Қайшылы. Әрине, бұл ата-тектің тізімі түгел емес, әсіресе онда бізге басқа деректерден мәлім ірірулар ұшыраспайды. Бұлардан басқа біздің мәлімет берушілеріміз жеткізгендей 2 және 3- әйелден тараған рулар Алғабас ауданында тұрып, бір-бірімен қыз алыспайды. Демек, олар өзара әлі жеті атаға жетпеген болып есептеледі. Қазақтар арасында бұл салт бүгінге дейін бұзылмай келгендіктен, олар деректерде кейінгі ұрпақ болып саналады. Төлекөвтың мағлұматтарын басқа деректермен салыстырғанда, Сіргеліні 1, 4, 5 жәпе 6-әйелінен тарағандар бірінші, екінші ата, ең әрі кеткенде үшінші атадан келіп қосылады. Әдеби деректер мен біздің шежірені зерттеуімізді салыстыра талдағанда, Сіргелі руы: Батыр, Құлшығаш, Қарабатыр, Айтбозым, Үштаңбалы, Жайдақ, Елібай, Жаңабай, Қаракеңірдек, Ақкеңірдек, Шалдар, Ақсирақ, Қарасирақ, Тутамғалы, Қайшылы, Торттаңбалы, Жанай, Бөдене болып келеді. Сіргелінің бұл аталары ел ішінде руға бөлініп, өзара қыз алыса беруіне рұқсат етіледі. Бұл, демек, олардың әрқайсысы әкзогамдық кедергіден өтті.
Сіргелі Оған іле шала М. Тынышбаев та Сіргелі руы (манат) төменгідей болып жіктелетінін дәлелдейді: Төрттаңбалы, Үштаңбалы, Батырлар, Қарабатыр, Жанай, Бөдене. Біздің ғасырдың 20-жылдарының басында Шымкент уезінде жүргізген зерттеуіпің нәтижесінде Э. А. Шмидт Байұлы мен Үштаңбалыға бөлінетін Сіргелі руының ататегінің толық таралуын көрсетеді. Байұлы өз кезегінде Елібай, Айтбөзым, Шақабай, Шалдар (Қойсой, Шоман, Қөңыр), Жайдақ (Алпар, Тұрсынай, Итемген), Батыр (Құдаиберді, Бердібай) болып келеді. Үштаңбалы болса: Ақкеңірдек (Шеңгелді, Маңдай, Үшқара, Қожамберді, Құдыс), Тутамғалы (тамға - таңба, Қасым Аманжоловтың "Қазақстан тарихы" кітабында келтірілгендей тамға сөзі көнерген сөзге жатады. Мағанасы қазіргі таңба сөзімен тең), Қайшылыға бөлінеді. Бұл мәліметтер тек қана Шымкент уезіндегі Сіргелілер тегі туралы ғана сипаттама беретіндіктен, Әулиеатадағы бұл аталар жайында ешнәрсе жоқ. Сондықтан оны түгел емес деп есептейді. Үлы жүздің тегін қарастыратын В. Востров өз еңбегінде Сіргелілер туралы тек қана Н. Аристов деректерімен шектеледі, сол себепті оның зерттеулері Н. Аристов мәліметтерімен дәл келетіндей. Бұл әдеби мағлұматтарды аз болса да өз байқап-түйгенімізбен салыстыра отырып, Сіргелінің ата-тегін жасауға тырыстық (10-қосымшаны қараңыз). Сіргелі шежіресі бойынша, біз біраз мәлімет берушілерден құнды мағлұмат жинап алдық. Олар: Шымкент облысы, Созақ ауданы Жуантөбе қеңшарының тұрғыны 1893 жылы туған (Тама) Әбдуәлі Қондыбаев; сол облыстың Бабаата ауылының тұрғыны, 1892 жылы туған (Дулат) Жұматай Тоқбаев; Шымкент облысы, Алғабас ауданы, Майбұлақ кеңшарының тұрғыны, 1888 жылы туған (Байжігіт) Тәжібай Бердібаев пен Төрткүл ауылының тұрғыны, 1888 жылы туған (Қарақойлы) Қожатай Төлековтер еді. Олардың ішінде Сіргелі ата-тегі туралы ең білгірлер бізге бұл рудың этнонимі жайында қызық аңыз айтып берген Бердібаев пен Төлеков. Мәселен, Тәжібай Бердібаевтың айтуынша, Жәнібек ханның замандасы, бақуатты Бақтиярдың ұлы Ойсылдың бірнеше әйелі және 30 ұлы болыпты. Олардың арасында ақылмандары да, көрікті еркетотайлары мен іскерлері де бар екен. Солардың бірі Жәнібек ханның сұлу қызына ғашық болып, ол қыз екіқабат болып қалады. Бұны білген хан ашулапып, Ойсылдың барша ұлдары мен келіндерін қонаққа шақырып, бәрін қырып тастапты. Тек қана Ойсылдың қырда жылқы бағып жүрген ұлы Өтеп пен оның Ізбике атты екіқабат әйелі Ошақтыда төркіндеп жүріп, аман қалып, Манат атты ұл туыпты. Ол ес жиып, ат жалын тартып мінуге жараған кезде оған сіргелі тай мінгізіп, еліне шығарып салыпты. Ол ата-жұртына жеткенде көкпардың үстінен шығып, бұл додада өзінің епті әрі күшті екенін танытып, тайының да тұлпар тектес топжарғандығын көрсетіп, жиналған ел-жұртты таң қалдырыпты.