Top 10 similar words or synonyms for атысты

атыспен    0.810156

әскерлерді    0.784222

артиллерияның    0.780556

ұрыстық    0.773940

пункттерін    0.772817

атуды    0.764356

атыс    0.759609

атысын    0.754546

нысананы    0.754355

бөгеу    0.753885

Top 30 analogous words or synonyms for атысты

Article Example
Атысты басқару Атысты басқару (Управление огнем) — оқ атуды тиімді және дәл уакытында пайдалану, атыстың міндетін орындау мақсатындағы командирлер мен штабтың кызметі. Оған нысананың тұрған жері мен сипатын анықтау, атудың міндетін анықтау мен оның орындалу жағдайы, бөлімшеге (ату күралдарына) ату міндетін кою, атуды бастау немесе доғару, атысты бағыттау мен бақылау, атыс маневрін жүзеге асыру кіреді. Қару түрлері мен оның колданылу ерекшеліктеріне қарай ор түрлі әскер түрлерінде Атысты басқару өз ерекшеліктерімен сипатталады. Атысты басқару автоматтандырылған немесе автоматты түрде болуы мүмкін.
Атысты ұйымдастыру Атысты ұйымдастыру (Организация огня) — қарсыласты жою үшін атысты тиімді қолдану мақсатымен жүргізілетін ұйымдастыру шараларының жиынтығы. Атысты ұйымдастыруға — барлаушылардан түскен мәліметтерді пайдалану, атыс маневрін қолдану, атыс міндеттерін белгілеу, атысты жүргізу үшін бастапқы қашықтықтағы нысананы белгілеу, атысты дер кезінде түзету, атыстың нәтижесін бақылау, оқ-дәрінің жеткілікті боларлықтай қорын дайындау, атысты бастау, токтату тәртібін белгілеу кіреді.
Ұрыс барысында атысты басқару Операция (ұрыс) барысында әскерлердің (күштердің) басты топтары қимылдарының бағыттарын өзгерту. Ол шабуылда табысқа жеткен, корғаныста қарсылас басты соққы беретін және қорғаушы әскерлерді күшейтуді талап ететін бағытта жүзеге асырылады. Ұрыс барысында күшті басқа жаққа аудару әскерлердің маневр жасауы, ұрысқа екінші эшелондарды және қорларды енгізу, авиация қимылдарын және жою құралдарын қайта бағыттау жолымен жүргізіледі.
Атысты автоматтық басқару Атысты автоматтық басқару (Автоматическое управление огнем) — тез қозғалатын оуе, жер үсті және су үсті нысаналарын табуды және атыс үшін мәліметтерді дайындауды, қарудың автоматтық көздеуін және атысты бастауды қамтамасыз ететін арнайы қондырғылар мен аспаптар көмегімен атысты басқару. Атысты автоматтық басқару зениттік артиллерияда, ұшақтарда, әскери кемелерде, танктерде қолданынады және атыстың дәл уақытында басталуын, атыстың дәлдігін, ату жылдамдығын қамтамасыз етеді. Атысты автоматтық басқару үшін радиолокаторлардың есептеу-шешу құрылғыларының, синхронды беру және күш беретін қадағалау сымдарының кешені колданылады.
Ұрыс барысында атысты басқару Бірақ барлық жағдайдағы атысты басқарудың мақсаты бөлімшелердің атыс құралдарын қысқа мерзімде қарсыласты көп шығынға ұшырату, оқ-дәріні аз жұмсап, өз шығынын азайтып, толық және нәтижелі қолдану болып табылады. Офицерлермен командирлік дайындық жүйесінде бөлімше командирлерін далалық жағдайда атысты басқаруға машықтандыру мақсатымен жүргізілетін сабақтардың мазмұны командирлік дайындық жүйесіндеп тактика бойынша пысықталатын тақырыптармен үйлестіріледі. Атысты басқару сабақтары тактикалық дайындық сабақтары өткізілген жерде, сол сабақка үйлес тактикалық жағдайда өткізіледі.
Ұрыс барысында атысты басқару Ұрыс қимылдары барысындағы шешуші кезең, бұл кезде барлық күштер мен құралдар қимылға кірістіріледі және жеңіс не жеңіліс нәтижесіне байланысты болады.
Атысты басқа жаққа ауыстыру Атысты басқа жаққа ауыстыру (Перенос огня) — 1) атыс бекінісін ауыстырмай бір нысана бойынша атысты доғарып, оны екінші нысанаға ауыстыру. Атыс жеке пулеметтен, зеңбіректен, танктен немесе толық бөлімшемен (артиллериялық топпен) жүргізілуі мүмкін. 2) Нысананы жою мақсатында артиллериялық атыс жүргізу үшін нұсқау беру тәсілдерінің бірі. Атысты басқа жаққа ауыстырудың бұл түрі тұтқиылдан ату үшін атыспен дәлдеу кажетсіз немесе мүмкін емес болған жағдайларда қолданынады. Атысты басқа нысанаға ауыстыру жалған немесе шынайы реперден жүзеге асырылады.
Атысты біртіндеп шоғырландыру Атысты біртіндеп шоғырландыру ("") — артиллериялык атыстың түрі; шабуылды артиллериялық қолдау әдісі. Қарсыластың шабуылдаушы әскерлерінің маңдай шебі алдындағы және қапталдарындағы тірек пункттерін, атыс құралдарын, басқару пункттерін және тағы басқа нысаналарды шоғырланған атыспен біртіндеп жоюға арналады. Атысты біртіндеп шоғырландыру шабуылда, сондай-ақ қорғаныста шешуші соққы беруде ("қарсы шабуылда") қолданылады. Атысты біртіндеп шоғырландыру дараланған және қосарланған болуы мүмкін. Дараланған атысты біртіндеп шоғырландыру шабуылдаушы бөлімшелердің тікелей мандайшебі алдында бір шепте орналасқан нысаналар бойынша жүргізіледі және олардың жылжуы барысында келесі шепке көшіріліп отырады.
Атысты қарсы дайындау Атысты қарсы дайындау (Огневая контрподготовка) — шабуылға ыңғайланған қарсыластың негізгі топтастығына оның соққысын болдырмау немесе әлсіздендіру мақсатымен жүргізілген ракеталық әскердің, артиллерияның (артиллериялык карсы дайындық) және авиацияның (авиациялық қарсы дайындық) жаппай соққысы, қорғаныстағы қарсыласты атыспен жоюдың құрамдас бөлігі. Негізінен, майдан әскерлері қолбасшысының шешімі бойынша ұйымдастырылады. Әдетте, қарсыластан күткен іс-әрекеттерге қарсы алдын ала бірнеше нұсқа бойынша жобаланады. Ол қарсылас үшін тосын басталып, оның шабуылға атыс дайындығының алдын алуы керек.
Ұрыс барысында атысты басқару Ұрыс дабылы жарияланғаннан кейін бекітілген қару-жарақтарымен, оқ-дәрілері және т. б. материалдық құралдарымен бөлімшенің жеке құрамы, сонымен қатар ұрыстық тапсырмаларды орындауға дайын әскери техника шығарылатын бөлім командирі анықтайтын орын. Ұрыс дабылы бойынша жиналу пунктінде бөлімшенің міндеттері анықталып, оны орындау дайындағы тексеріледі, саптық лекке caп түзеуі жүзеге асырылады. Ұрыс дабылы бойынша жиналу пункті ілгерілеу бағытындағы орналасу орнынан біраз қашықтыкта белгіленеді. Бөлімшелер бұл пунктке жеке құрамды хабарлау, машиналардың қозғалтқыштарын от алдыру және олардың жиналу орнына жету уақыты есебімен аныкталған қысқа мерзімде жетеді.