Top 10 similar words or synonyms for артиллериялык

гвардиялык    0.855365

танкілік    0.844154

штурмдық    0.839702

авиациямен    0.837160

войска    0.837036

гаубица    0.831670

талкандау    0.826756

расчетінің    0.823662

минометшілер    0.823646

атыстық    0.823545

Top 30 analogous words or synonyms for артиллериялык

Article Example
Артиллериялық шабуыл Артиллериялық шабуылдың артиллериялық дайындығы, шабуылдың артиллериялык колдау және карсыластың терең қорғанысындағы жаяу әскерлер мен танктердің қимылын артиллериялык қамтамасыз ету болып үш кезеңге бөлінеді.
Артиллериялық топтастыру Артиллериялык топтастыру негізін бөлімдер мен кұрамалардың артиллериялық топтары немесе жеке артиллериялық бөлімдер (бөлімшелер) құрайды.
Жаттығу алқабы Жаттығу алқабы — әр түрлі қару-жарақты, әскери техника мен құралдарды сынауға, жауынгерлерді жаттықтыру жүмыстарын жүргізуге арналған құрлық немесе теңіз аймағы. Артиллериялык, ракеталық, танктік, авиациялык, зеңбіректік, инженерлік, торпедалық, сонымен бірге атып үйренуге, сынақ өткізуге арналған жаттығу алқабы болады. Әскери-оқу орындарында және бөлімдерде шағындау жаттығу алқабы (артиллериялық, инженерлік, атысқа арналған және т.б.) болады, онда атыс пен оның қорытындысы имитацияланып (шын ұрыстағыға ұқсатып) көрсетіледі.
Атысты біртіндеп шоғырландыру Атысты біртіндеп шоғырландыру ("") — артиллериялык атыстың түрі; шабуылды артиллериялық қолдау әдісі. Қарсыластың шабуылдаушы әскерлерінің маңдай шебі алдындағы және қапталдарындағы тірек пункттерін, атыс құралдарын, басқару пункттерін және тағы басқа нысаналарды шоғырланған атыспен біртіндеп жоюға арналады. Атысты біртіндеп шоғырландыру шабуылда, сондай-ақ қорғаныста шешуші соққы беруде ("қарсы шабуылда") қолданылады. Атысты біртіндеп шоғырландыру дараланған және қосарланған болуы мүмкін. Дараланған атысты біртіндеп шоғырландыру шабуылдаушы бөлімшелердің тікелей мандайшебі алдында бір шепте орналасқан нысаналар бойынша жүргізіледі және олардың жылжуы барысында келесі шепке көшіріліп отырады.
Атысты қарсы дайындау Атысты қарсы дайындау (Огневая контрподготовка) — шабуылға ыңғайланған қарсыластың негізгі топтастығына оның соққысын болдырмау немесе әлсіздендіру мақсатымен жүргізілген ракеталық әскердің, артиллерияның (артиллериялык карсы дайындық) және авиацияның (авиациялық қарсы дайындық) жаппай соққысы, қорғаныстағы қарсыласты атыспен жоюдың құрамдас бөлігі. Негізінен, майдан әскерлері қолбасшысының шешімі бойынша ұйымдастырылады. Әдетте, қарсыластан күткен іс-әрекеттерге қарсы алдын ала бірнеше нұсқа бойынша жобаланады. Ол қарсылас үшін тосын басталып, оның шабуылға атыс дайындығының алдын алуы керек.
Әскери Полигон Әскери Полигон– қару-жарақ пен әскери техниканы сынақтан өткізу, әскерлердің жауынгерлік даярлығын анықтау және соғыс өнерін дамыту мақсатына арнайы бөлінген және жабдықталған орын. Кейбір ғылыми-зертттеу мекемелерін де әскери полигон деп атайды. (мыс., Семей ядролық полигоны). Әскери полигонның тұрақты және уақытша түрлері болады. Алдына қойылған мақсаттарына байланысты ғылыми-зерттемелік әскери полигон, оқу-үйрену әскери полигоны (әскерлік, теңіздік, зауыттық), ал сынақтан өтетіе құралдар түрлеріне байланысты ракеталық әскери полигон, артиллериялык әскери полигон, авиациялық әскери полигон, теңіздік әскери полигон т.б. болып бөлінеді.
Өздігінен жүретін артиллериялық қондырғы Өздігінен жүретін артиллериялық қондырғы (Самоходная артиллерийская установка) — әздігінен жүретін базадағы артиллериялык зеңбірек. Ол ұрыста танкідер мен жаяу әскерлерді тікелей колдауға, жылжымалы құрамалардың артиллериялык қолдау тапсырмаларын орындауға және қарсылас танкілерімен күресуге арналған. Өздігінен жүретін артиллериялық қондырғы Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында пайда болып, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ерекше кең қолданылды. Ол ең әуелі танкілермен күресу үшін тиімді құрал ретінде пайдаланылды, әйткені онда танк зеңбірегіне қарағанда ірі калибрлі зеңбірек болды. Салмағы бойынша жеңіл (20 т-ға дейін), орта (40 т-ға дейін), ауыр (40 тдан астам), зеңбірек түрі бойынша — зеңбіректерге, келте зеңбіректерге, гаубица-зеңбіректерге, орны бойынша — ұрыс бәлімшелерінің алдыңғы, орта және арткы санында орналасуымен, сауытты қорғанышы бойынша — толық сауытталған (жабық типті) және жартылай сауытталған (жартылай жабық немесе ашық типті) болып бәлінеді. Өздігінен жүретін артиллериялық қондырғының Екінші дүниежүзілік соғыста ең көн қолданылатын үлгілері Су-7бМ, Су-85, СУ-100, ЖУ-122, ИСУ-152 болған. Олардың снаряд салмағы 6,2-46 кг, снарядтың бастапқы жылдамдығы 600¬1000 м/сек., атыс қашықтығы 8,6-15,8 км, ұрыстық ату жылдамдығы минутына 2-10, қондырғы еалмағы 10,5-46 т, экипажы 4-6 адам. Соғыстан кейінгі уақытга жер үсті артиллерияеының негізі өздігінен жүретін зеңбіректер болады.
Петр Григорьевич Карелин Петр Григорьевич Карелин(1923, Ресей, Чита облысы,Сретен ауданы,Сретенск қаласы - 8.4.1944, Украина, Қырым Республикасы,Армянск қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа катысушы, лейтенант, рота командирі. Карелин соғысқа дейін Шар қаласында (Шығыс Қазақстан облысы,Жарма ауданы) тұрған. Омбы авиация мектебін бітірген. Кеңес әскері қатарына 1941 жылы Жарма ауданы,әскери комиссариаты арқылы шақырылды. 1944 жылы 8 сәуірде таңға жақын «Катюшалардың» артиллериялык шабуылынан кейін 2-атқыштар ротасының командирі Карелин өз ротасымен жау траншеясын бірінші болып басып кіріп, бетпе-бет айқасты. Дзоттардың біріне бекініп алған жау пулеметпен оқ атып жауынгерлерге бас көтертмеді. Карелин орнынан тұрып, дзотқа ұмтылды да, денесімен дзотты жапты. Осы шайқастағы ерлігі үшін Карелинге КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (16.5.1944). Ленин, 2 рет «Қызьтл Жұлдыз» opдендерімен, медальдармен марапатталған. Шар қаласындағы Карелин оқыған №232 мектепке есімі беріліп, ескерткіш пен мемориалдық тақта орнатылды. Әскери бөлімнің мәңгілік тізіміне есімі енгізілді.
Степан Михайлович Бендиков Бендиков Степан Михайлович (25.5.1907, Украина, Киев облысы, Вышгород ауданы,Высша Дубечня селосы - 6.5.1961, Ресей, Татарстан Республикасы,Зеленодол ауданые Васильев кенті) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, капитан, кейіннен подполковник, артиллериялық полк командирі. Украина 1913 жылы Бендиковтың ата-анасы Жетісу (қазіргі Алматы облысы Сарқант ауданы) облысының Алмалы ауылына қоныс аударды. 1927- 29 жылы Түрксіб құрылысында жүмыс істеді. 1929 жылы Кеңес әскері қатарына шақырылды. 1932 жылы артиллерия училищесін бітірді. 1939-40 жылдары Кеңес-фин соғысына қатысты. Ұлы Отан соғысы басталғанда капитан Бендиков Заполярьедегі 100-атқыштар дивизиясында болды. Осы жерде ол ауыр жараланды. 1942 жылдың сәуір айынан бастап Солтүстік Кавказда 92 және 107- артиллериялык полктерді басқарды. Кубань, Ростов, Донбасс жерлерін азат етуге қатысты. Днепр, Висла, Одер өзендерінен өтетін операцияларда болды. Подполковник Бендиков Берлин операциясында ерекше көзге түсті. 1945 жылдың 16 сәуірінде өзінің полкінің жаудырған оғымен Кюстрим плацдармындағы неміс фашистерінің қорғанысын талқандады. 1945 жылдың 21 сәуірінде Берлинді алуда көрсеткен ерлігі үшін Бендиковқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, (31.5.1945) Ленин ордені мен «Алтын Жүлдыз» медалі тап-сырылды. Согыстан кейін 1946 жылы Жоғарғы артиллериялық офицерлік мектебі бітірді. 1946 ж. запасқа шықты. Бендиков Қызыл Ту, 2-дэрежелі Отан согысы, «Қызыл Жүлдыз» ордендерімен және медальдармен марапатталды.