Top 10 similar words or synonyms for артилл

пулеметтер    0.837369

войска    0.820532

штурмдық    0.819606

минаатар    0.817363

гаубица    0.817199

пулеметтерін    0.815883

батальондары    0.813266

расчетінің    0.809683

гранаталармен    0.805980

пулеметтен    0.805464

Top 30 analogous words or synonyms for артилл

Article Example
Маха Бандула Маха Бандула (1782 жыл - 1825, Данубью) - Бирманың әскери қолбасшысы Маха Бандула 19 ғасырдың 20 жылдарының басында Ассам жорықтарын басқарып, бұл князьдықты Бирмаға қосты. 1824 ж. мамырда Маха Бандула Бенгалия аймағын басып кіріп, бірқатар жеңістерге жетті. Артилл. атыстар кезінде қаза тапты.
Капсюль Капсюль ( французша capsule, латынша capsula-қорапша) – арнайы құраммен (күркіреуік сынаппен) жабдықталған металдан немесе пластмассадан жасалған түтікше. Капсюльді 1818 жылы ағылшын И. Эгг ашты. Капсюль тұтандырғыш және детонатор болып екіге ажыратылады. Капсюль – тұтандырғыш ату құралдарының оғы мен артилл. оқ-дәрі жарғыштарында, қол гранаттары мен миниларда детонация тудыру үшін пайдаланылады. Капсюль соққы, жалын т.б. әсерлерден оталуы мүмкүн, сондықтан жұмыс істегенде сақтық шараларын ұмытпаған жөн. Капсюль аңшы оқ-дәрісінде де пайдаланылады.
Автомобиль өнеркәсібі 20 ғасырдың 30-жылдары бүкіл дүн. жүзінде қаулай өркендеген Автомобиль өнеркәсібі дүниежүзілік соғыстар тұсында қуатты әскери қару екенін танытты. Осыған орай ракета қондырғылары, радио, радиолокация станциялары, әскери жабдықтар орнатылған машиналар, ауыр ракеталарды, артилл. жүйелерін, мина атқыштарды, ұшақтарды, арнайы тіркемелерді алып жүретін автомобильдер көптеп шығарылды. Автомобиль өнеркәсібі жасаған жанар-жағармай мен оттегін құятын арнаулы жабдықталған машиналар, жүк көтергіштер, штаб автобустары, жөндеу шеберханалары, химия әскерлерінің, инженерлердің, санитарлардың, өрт сөндірушілердің арнаулы машиналары әскери бөлімшелердің майданда маневр жасауына, жауынгерлік тапсырмаларды жедел орындауына қыруар көмек көрсетті. Автомобиль зауыттары шығарған ұшақтардың энергетика, гидравлика, пневматика және басқа да жүйелерін тексеретін, ұшақтарды жетекке алатын, ұшу-қону алаңын тазартатын арнаулы машиналары әскери авиацияның қуатты қарқынмен өркендеуіне жол ашты.
Атыс түрлері Атыс түрлері — қару түріне, оқтың бағытына, тактикалық мақсатқа, т.б. жағдайларға байланысты атыс жүргізу әдістері. Қару түріне қарай ату қаруы (тапанша, автомат, пулемет, танк) миномет, артилл. атысы; мақсатына байланысты: ұрыстық, сынақтық, тәжірибелік және шұғыл атыс; оқтың бағытына қарай: қарсы алдынан, қапталдан және айқастыра ату; тактик. мақсатқа қарай: тік ату, тоғыстыра ату; оқтың жиілігіне қарай: біртіндеп ату, үздіксіз ату, себелеп ату, бастырмалата ату; жүргізу тәсілі мен әдістеріне қарай ашық және жабық позициялардан жеке нысананы ату, шоғырландыра ату, жатып ату, тізерлеп, отырып, тұрып, жүріп келе жатып ату, ұрыс машиналары оқтығы арқылы, автомобиль үстінен ату, т.б. түрлерге бөлінеді.
Танк Қазіргі кездегі Т-ілер- дің экипажы 3 адамнан (жүр- гізуші-механик, нысанашы және Т. командирінен) тирады. Негізгі қаруы - 105, 120, 152 мм-лік иір ойықты не- месе тегіс үңғылы зеңбірек. Зеңбірекке қосақталған 1-3 (калибрі 7,62 немесе 12,7 мм) зенит пулеметтері болады. Сауыттарының қалыңд. 100— 200 мм, түнгі көру аспапта- ры орнатылған. Ең жоғары жылдамдығы сағатына 65 км. Багына 1,5 т жанармай сыяды, ол қатқыл жолмен жүргенде 400-600 км-ге жетеді. Оқ-дәрі кешеніне сауыт бұзушы, эртүрлі калибрлі, кумулятивті және пластик, жарылғыш заты бар снарядтар кіреді. Ауа сүзгіш- вентилятор арқылы тазартыла- ды. Т-іге ауа салқындатқышы бар төрт немесе екі тактілі поршеньді двигательдер орна- тылады. Т. салмағына, сауыт- талғандығына, қару-жарағына және ұрыста қолданылуына байланысты: жеңіл (кіші және орта калибрлі артилл. қару- жарақты, салм. 20 т-ға дейін), орта (қуатты қару-жарақты, салм. 40 т-ға дейін), ауыр, (салм. 40 т-дан жоғары) Т-ілер болып бөлінеді.
Барлау авиациясы Барлау авиациясы— стратегиялық, майдандық (тактикалық) және Әскери-теңіз флоты авиацияларының әскери іс-қимыл аймағы көлемінде қарсыластар туралы мәліметтер (олардың тактикалық, стратегиялық бағыттағы объектілері, жауынгерлік іс-әрекеттері, т.б.) алу мақсатымен әуе барлауын жүргізуге арналған түрі. Неғұрлым дамыған елдер армияларының Барлау авиациясы құрамында көзбен шолу, фотоға түсіру және радиолокациялық бақылау арқылы күндіз де, түнде де барлау жасауға мүмкіндік беретін арнайы техникалық жабдықтармен жарақталған ұшқыш басқаратын және ұшқышсыз ұшатын ұшақтар бар. Ұшақтар әуе барлауын жүргізуге алғаш рет 1911 жылы Триполи және Балқан соғыстарында қолданылып, 1-дүниежүзілік соғыста (1914—1918) түбегейлі қалыптасты. 1939 жылы көптеген елдердің армияларында жекелеген Барлау авиациясысы звенолары, отрядтары және эскадрильялары және тактикалық барлау жүргізу мен артилл. атыстарын реттеуге арналған әскери-жауынгерлік, оперативті барлау жүргізетін — майдандық, стратегиялық барлауды қамтамасыз ететін — Бас қолбасшыға бағынышты Барлау авиациясылары болды. 2-дүниежүілік соғыс жылдары (1939 — 1945) барлау жүргізетін арнайы жабдықталған ұшақтар мен осы міндетті орындауға қосымша пайдаланылатын өзге де ұшақтар қатары күрт өсті (барлаушы ұшақтар Германия әскери әуе күштеріндегі барлық авиацияның 12,3%-ін, Ұлыбританияда—18,2%-ін құрады). Ал Кеңес өкіметі Қарулы Күштерінде сол соғыста әуе барлауына күндіз Су-2, Пе-3, Ил-2 және Ил-4; түнде — СБ, ДБ-3, Р-5 және По-2 ұшақтары қолданылды. Соғыстан кейінгі жылдары Барлау авиациясы қатарына жоғары сапалы фото- және радиоэлектронды аппаратуралармен жабдықталған реактивті, перспективалық ұшақтар (Су-27 т.б.) келіп қосылды. Оның бөлімдері мен бөлімшелері құрамына жердегі фотолабораториялық және фотограмметриялық жұмыстар жүргізетін әскери ұйымдар да енеді.
Флот Флот — кейбір мемлекеттердің әскери-теңіз күштеріндегі оперативтік бірлестік. Флот мұхит пен теңіздегі әскери іс-қимыл театрында оперативтік және стратегия міндеттерді орындайды. Флотатың маңызды міндеттеріне: қарсыластың база мен теңіздегі флоттық күштерін жою, жердегі объектілерін қирату, теңіз десантын бір жерден екінші жерге ауыстыру мен түсіруді қамтамасыз ету, қарсыластың мұхит пен теңіздегі коммуникацияларын бұзу, жағалауды теңіз апаттары қаупінен қорғау, өзінің коммуникациясын қорғау, жағалаудағы құрлық әскерлерін атыспен қолдау жатады. Флота әр түрлі әскер түрлерінің құрамасынан — сүңгуір қайықтардан, су үсті кемелерінен, теңіз авиациясынан, теңіз жаяу әскерінен және жағалаулық ракета-артилл. әскерлерден тұрады. Флотаты қолбасшы (АҚШ әскери-теңіз күштерінде бас қолбасшы) басқарады. Оның құрамына штаб және басқа басқару органдары, сонымен қатар тыл, байланыс, қару-жарақ, кеме жөндеу, апаттан құтқару, гидрограф., т.б. қызметтер кіреді. Флотатың әскери іс-қимылдары операция және өзіндік ұрыс жүргізу немесе қарулы күштердің басқа да түрлерінің құрамаларымен бірлесе отырып қимыл жасау жолымен орындалады. Флотатың базалары мен тұрақты пункттері бар жетілдірілген орналасу жүйесі болады. Оларда кемелердің тұратын жері, олардың жөндеуі, барлық түрлердің тылдық жабдықталуы қамтамасыз етіліп, жауынгерлік дайындық жүргізіледі. Теңізге шығу мүмкіндігі бар кейбір шағын елдерде бір Флота қана болады. Қрі мемлекеттердің (мыс. АҚШ, Ресей) әскери-теңіз күштерінің құрамы бірнеше Флотатардан құралған. Флотатар Әскери-теңіз флоты, сауда Флотаы, кәсіпшілік Флотасы, әуе Флотасы, әскери және азаматтық Флотатар жиынтығы болып бірнеше түрге бөлінеді. Қазақстанның Каспий тезендегі әскери-теңіз күштері 1993 ж. сәуірде құрылып, 1998 ж. Шекара күзеті күштерінің құ-рамына енгізілген.
Энвер паша Энвер пашa, Энуар паша, Исмаил Энвер (23.11.1881, Стамбұл – 4.8. 1922, Тәжікстан) – Түркияның әскери және саяси қайраткері, түркішіл тұлға. 1903 ж. Стамбұлда Бас штабтың әскери академиясын капитан шенімен бітірген. 1903 – 06 ж. Монастырдағы әскери бөлімде артилл. батареяны, кейінен батальонды басқарды. Сонда қызметте жүріп “Иттихад вә тәракки” партиясының “Ватан ве хюрриет” (“Отан және бостандық”) атты құпия ұйымы қызметіне белсене араласты. 1908 ж. 23 шілдеде Жас түріктер төңкерісіне басшылық етушілердің қатарында болды. 1909 – 11 ж. Берлинде әскери атташе болып қызмет етті. 1911 – 12 ж. италия-түрік, 1912 – 13 ж. 1 және 2 Балқан соғыстарына қатысты. Балқан соғысы кезінде Энвер паша жауды кейін шегіндіріп, Эдирне (Андриополь) қаласын алуда жігерлігімен, батылдығымен көзге түсті. 1914 ж. қаңтарда генерал шенін алып, соғыс министрі және Бас штаб бастығы болып тағайындалды. Осы қызметте жүріп, жас офицерлердің түрікшілдік бағыттағы “Тешкиляти Махсус” (“Ерекше ұйым”) атты ұйымын құруға жетекшілік етті. 1-дүниежүз. соғыс жылдары түрік армиясында Бас қолбасшының орынбасары қызметін атқарды. 1918 ж. маусымда оның бұйрығымен түрік әскерлері Кавказға кіріп, Бакуді алды. Осы жылы 30 қазанда Мудрос портында Антанта мен Осман сұлтандығы арасында бейбіт келісімге қол қойылғаннан кейін отставкаға кетті. 1919 ж. мамырда Антанта әскерлері Стамбұлға кіргізілгенде бұрынғы үкімет басшылары Таалат және Жамал пашалармен бірге Германияны паналады. Сонда жүріп Анадолыдағы Ататүрік бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа қолдау көрсетуге күш салды. Осыған байланысты оны сұлтан өкіметі сырттай сотқа тартып, өлім жазасына кесті. 1920 ж. Э. п. өз әріптестерімен Мәскеуге келіп, Кеңес өкіметі басшылары Владимир Ильич Ленин, Л.Д. Троцкий, Г.Е. Зиновьев, т.б. қабылдауында болады. Осы жылы 1 қыркүйекте Баку қ-нда өз жұмысын бастаған Шығыс халықтарының І конгресіне қатысты. Бұдан кейін Түркістан өлкесіндегі басмашылар қозғалысы жетекшілерімен байланыс орнатып, 1921 ж. 4 қазанда Бұхараға келді. Сол кезден бастап Душанбе маңындағы басмашылар қозғалысына жетекшілік етті. Энвер пашаның қол астында 50 мыңға жуық адамнан тұратын қарулы жасақ болды. “Бұхар әмірінің орынбасары, мұсылман әскерлерінің қолбасшысы” деген лауазымды иемденді. Кеңес өкіметінен Түркістанды тәуелсіз ел ретінде тануды талап етіп 1922 ж. мамырда Мәскеуге хат жолдады. Бірақ көп ұзамай кеңес әскерлерімен шайқас кезінде қазаға ұшырады. 1996 ж. Энвер пашаның сүйегі Тәжікстаннан Түркияға апарылып, қайта жерленді.