Top 10 similar words or synonyms for авиациямен

гвардиялык    0.852264

амадора    0.851944

гаубица    0.850965

дүркіндете    0.842602

байланыстық    0.839204

авиациясынан    0.838895

бомбамен    0.838168

артиллериялык    0.837160

тылмен    0.835342

барлауынан    0.834859

Top 30 analogous words or synonyms for авиациямен

Article Example
Зеңбірек Айналма атысы бар лафеттер және керемет үлкен төбенiң бұрышында мамандандырылған зеңбiректердi жау авиациясын авиациямен күрес үшiн қолайлы болып зенит саймандар ретiнде қолданылады.
Патрульдеу 4) жүктелген міндетті орындау максатында тапсырьшған теңіз аумагының белгіленген шептеріндегі кемелердің (кеме топтарының) жүйелі іс-кимьшдары. Патрульдеу су асты және су үсті кемелерінің (катерлердің) әдетте авиациямен бірлесе әрекет жасаулары арқылы жүргізіледі;
Әскери-әуе күштерінің оперативтік бастамасы Әскери-әуе күштерінің оперативтік бастамасы (Оперативная инициатива BBC) — әуе операциялары, шайқастар және қарулы күштердің басқа түрлерімен бірлесе жүйелі ұрыс қимылдарын жүргізу жолдары арқылы тапсырмаларды орындауы. Әуе операциялары, әдетте, әуеде басымдықты жеңіп алу, ракеталық, авиациялық, құрлықтағы және теңіз топтамаларын талқандау, сондай-ақ қарсыластың, тылындағы маңызды объектілерін құрту мақсатында өткізіледі. Сонымен қатар Әскери-әуе күштерінің оперативтік бастамасы құрамалары құрлықтағы әскерлерді авиациямен колдау, қарсыластың оперативтік стратегиялық тасымаддауларын бұзу және болдырмау, десант түсіру мен әуе десанттарының ұрыс қимылдарын авиациямен қолдауды жүзеге асыру, әскерлерді тасымалдау, жүктерді жеткізу және әуе барлауларын камтамасыз ету міндеттерін орындайды.
Луганский атындағы көше (Алматы) Луганский атындағы көше - Көшеге екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, ұшқыш, авиация генерал-майоры Сергей Данилович Луганскийдің есімі (Алматы қаласы атқару комитетінің 10.08.1977 345 шешімі) берілген. Сергей Данилович Луганский (1918-1977) Алматыдa дүниеге келген. Ұлы Отан соғысында жойғыш авиациямен 417 рет ұшып, 200 рет әуе шабуылын жасаған.
Құрлықтағы әскердің әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері Құрлықтағы әскердің әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері (Войска ПВО сухопутных войск) — Құрлықтағы әскердің құрамаларын және бөлімдерін, бөлімшелерін және олардың тылын әуе қарсыласы қимылынан бой тасалауға арналған әскер түрі. Құрлықтағы әскерді әуе шабуылынан қорғау әскері зениттік, ракеталық, зениттік артиллериялық және радиотехникалық бөлім және бөлімшелерден тұрады. Жойғыш авиациямен өзара тығыз қимыл жасай отырып, бұл құрамдар мотоатқыштар, танкілік, ракеталық бөлім мен бөлімшелерді сенімді және тұрақты түрде қарсыластың әуе шабуылынан бойтасалауға қабілетті және олардын дер кезінде ұйымдасқан түрде ұрысқа кіріп, алға қойған міндеттерді орындауына жағдай жасайды.
Ұрыспен барлау Ұрыспен барлау () — арнайы бөлінген бөлімшелердің шабуылдауы арқылы қарсылас туралы мәліметтер алу; тактикалық барлаудың тәсілі. Әдетте, Ұрыспен барлау қарсылас туралы қажет мәліметтерді басқа тәсілдермен алу мүмкіндігі болмаған жағдайда жүргізіледі. Ұрыспен барлау үшін қимылдары артиллерия атысымен кейде авиациямен сүйемелденетін күшейтілген мотоатқыштар немесе танк батальондары (роталары) және барлау белімшелері тағайындалуы мүмкін. Ұрыспен барлау жүргізілетін алқаптардың командирлері Ұрыспен барлауның барысын және қол жеткізген табысты әрі қарай дамыту дайындығының нәтижелерін бақылайды. Ұрыспен барлау кәптеген мемлекеттердің армияларында кездеседі.
Моторландырылған әскерлер Моторландырылған әскерлер (Моторизованные войска) — бұрынғы жаяу әскерлерден әлдеқайда өзгеше, жаңа қарумен және жоғары дәрежелі техникамен жабдықталған әскер. Бұл әскерлердің негізі танк емес, моторландырылған құрамалардан, бөлімдер мен бөлімшелерден тұрады. Олар автоматты атыс құралдарымен, жақын жердегі ұрыста танкілерге қарсы қолданылатын қуатты қарулармен жабдықталады, оның құрамында басқа әскер түрлерінің де бөлімдері болады. Моторландырылған әскерлер сауытты машиналармен ұзақ жолға жүре алады, ұрыс аймағында икемді және тез маневр жасайды. Қару-жарақ пен техниканың барлық түрлерімен, ракета, ядролық қарумен жабдықталған Моторландырылған әскерлер авиациямен бірлесе әрекет жасай отырып, ұрыстың бір түрінен екінші түріне тез көше алады. Олар қарсыластың кез келген қорғанысын бұзып аз уақыттың ішінде қарама-қарсы ұрыста жеңіп, қарсылас тыдына басып кіреді, қарсыластың су кедергілерін шабуылдап өтіп, басып алған жерді ұстап тұрады. Моторландырылған әскерлердің басқа әскер түрлерінен өзгешелігі, олар жыл мезгілі мен тәуліктің қай уақытында болса да, кез келген жерде өз машиналарымен де, жаяу да ұрыс қимылдарын жүргізеді. Моторландырылған бөлімдер мен бөлімшелер ұшақ пен тікұшақ аркылы десант ретінде түсірілуі де мүмкін. Олар негізгі күштен бөлініп, ұзаққа созылған ұрыс жүргізе алады. Бұрынғы кездегі жаяу әскердей тәулігіне 30-50 км емес, жүздеген километр жүреді. Моторландырылған әскерлер құрамында ракеталық бөлімшелер болады. Осыған орай моторландырылған дивизияның қуаты анағұрлым артып, атыс қуаты да күшейді.
Алдыңғы жасақ Алдыңғы жасақ — ұрыс барысында өз бетінше жеке тапсырмаларды орындау үшін бөлінетін күшейтілген танктік (мотоатқыштар) бөлімше. Алдыңғы жасақ қорғаныс кезінде қамтамасыз ету алқабындағы қимылдарға, ал шабуыл кезінде қарсыластың қорғаныс тереңдігіне тез енуге, оның маңызды объектілерін (шептерін) алуға және баскадай тапсырмаларды орындауға арналады. Сондай-ақ, алдыңғы жасақ жорық кезінде карсы ұрыс болжанған жағдайда және қарсыласты қуу кезінде басты күштер келгенше су бөгеттері өткелдерін, тау асуларын, жол тораптарын және т.б. алу мен ұстап түру үшін жіберілуі мүмкін. Алдыңғы жасақ Ұлы Отан соғысы кезінде кеңінен қолданылған. Атқыштар дивизиясынан алдыңғы жасақ, әдетге, танк ротасы, өздігінен жүретін артиллериялық қондырғылар батареясы, 1,2 танкіге қарсы — жойғыш артиллерия батареялары, саперлар взводы, барлаушы-химиктер бөлімшелерімен күшейтілген атқыштар батальоны құрамында жіберілген. Сондай-ақ, 1-эшелон полктерінен де шағын құрамды алдыңғы жасақтар бөлінетін болған. Олар өздерінің міндеттерін басты күштерге жақын кашыктықта, сонымен катар олардан 15-25 километр қашыктықта да атқаратын болған. Қазіргі уақытта көптеген шет мемлекеттердің ұрыстық жарғыларында жоғары жылжымалы қуатты атыс күші бар алдыңғы жасақ құру мен қолдану қарастырылады. Олар шабуылдық ұрыс кезінде терең атыстық жою нәтижелерін қолданудың маңызды құралы деп саналады. Сонымен қатар олар ядролық каруды жою немесе жаулап aлy, әуе шабуылынан қорғаныс құралдарын, басқару пункттерін және карсыластың орналасу шебінің тереңдігіндегі түрлі тылдық объектілерді жою міндеттерін орындауы мүмкін. Алдыңғы жасақтың іс-қимылдары өздігінен жүргізіліп, белгілі бір алқапта ұрыс жүргізумен байланыспауы қажет деп есептеледі. Алдыңғы жасақтың іс-қимылдары авиациямен және артиллериямен қошталады.
Моторлы атқыштар әскері Моторлы атқыштар әскері – жүрдек сауытты машиналармен, автоматты атқыш қарулармен, танкіге қарсы қолданылатын құралдармен және басқа да қару-жарақпен жабдықталған құрлық әскерлерінің бір түрі. Моторлы атқыштар әскері броньды машиналармен қозғалып, жорықта ұзақ жол жүруге бағытталған, ұрыс аймағында икемді әрі шапшаң қимылдар (маневр) жасайды. Қару-жарақпен, техниканың барлық түрімен, ракеталық, ядролық қарумен жабдықталған моторлы атқыштар әскері авиациямен бірлесе әрекет жасай отырып, ұрыстың бір түрінен екінші түріне тез ауыса алады. Олардың кез келген жау қорғанысын бұзып өтуге, аз уақыт ішінде жау тылына басып кіруге мүмкіндігі зор. Қазіргі кездегі ұрыс жағдайында шапшаң ілгерілей алатын моторлы атқыштар әскері танк әскерлерімен тығыз байланыста қимылдайды. Моторлы атқыштар әскері машиналармен, жаяу жүріп те, қажет болған жағдайда танкілерге ілесіп те ұрыс қимылдарын жүргізеді. Моторландырылған бөлім мен бөлімшелер тік ұшақ және ұшақпен десант ретінде түсірілуі де мүмкін. Олар негізгі күштен бөлініп, ұзаққа созылатын ұрыстар жүргізе алады. Бұрынғы кездегі жаяу әскерлердей тәулігіне 30 – 50 км емес, бірнеше жүз шақырым жүре алады. Моторландырылған атқыштар құрамында ракеталық бөлімшелер бар. Осыған байланысты моторландырылған дивизияның қуаты анағұрлым артты. Моторлы атқыштар әскерінің атыс қуаты да күшейді. Ұйымдастырылуы жағынан моторлы атқыштар әскері моторлы атқыштар құрамаларынан, бөлімдер мен бөлімшелерден тұрады.